Бура, Көкжарлы туралы

Бура, Көкжарлы туралы
(І нұсқа)
Арнауыттың бүкіл елге белгілі қасиетті «Шұбарат» деген аты болады. Аттың қолтығында және таңдайында қара қалы (белгісі) болады, бірақ оны Арнауыт байқамайды екен. Сүгірші жолдастарымен жолаушылап, Арнауыттың аулына келіп түссе, Шұбарат кермеде байлаулы тұрады. Сүгірші аттан түсісімен Шұбараттың белгісін жақсылап көріп алады.
гүлбаршын ару қыз болса керек, әкесі Арнауытқа:
—Қонағың құтты да, тентек те,—деп ескертіпті.
Сүгірші: «Құнан күнінде жоғалтқан Шұбарат—«менікі»,— деп даулайды. Арнауыт би: «Бүтін ел біледі, құлын күнінен қолбала болып өскен»,—деп көнбейді. Ақыры екеуі қазыға жүгінеді, қазы атты алдырып қарағанда, Сүгіршінің айтқан белгісі дұрыс болып, ат Сүгіршіге тиеді.
Арнауытта ұл бала жоқ екен. гүлбаршынды Сүгіршіге қоспақшы болады. Сүйтіп, Сүгіршінің гүлбаршынға үйленуін осыған байланыстырады.
Сонымен Сүгірші мен гүлбаршын қосылған соң Наймантай, Төлек деген екі бала болады. Наймантайдан Бақана, Бақанас деген екі ұлы болады. Наймантай ертерек өліп, екі ба ла Саржо марттың тәрбиесінде болады. Саржомарт жолаушылап жүр-
генде екі бала өздерін «жетімбіз» деп санап, саудагер кіре кеш терге еріп, Түркістан кетеді. Арттарынан қуып барған Саржо март Түркістан әкіміне Бақана үшін бір бура беріп, Ба қа нас үшін көк жал атын беріп, еліне алып қайтады. Арада бі раз жылдар өт кен соң өздеріне әкесі қойған аттары аталмай, Ба қа наны—«Бу ра» деп, Бақанасты—«Көкжарлы» деп аталып кеткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *