Найманның баласы Белгібай немесе Сөгірше туралы аңыз
(ХІІ нұсқа)
Найман атамыздың жалғыз баласы Тоқпан жиырма жасында қайтыс болып, жұбайы Ақсұлу жесір қалады. Атасы Найманның бәйбішесі де дүние салады. үйсін Дәулет бидің Әлпеш деген қызын атасына алып береді. Сол кезде Ақсұлу Әлпешке «Қызеней» деп ат қояды, Қызенейді өзі тәрбиелейді. Қызеней бала көтеріп, күні жеткенде ұл табады. ұлан-асыр ұлы той болады. Ақсұлу баланың атын «атамның белгісі» деп «Белгібай» қояды (шежіреде Белгібай емес, «Төленді»), кейіннен оған «Сөгірше» деген лақап ат тағылады.