Ақсұлудың Найман ұрпағын жалғастыруы және ел билеуі
(VІІІ нұсқа)
Тоқпанға әкесі Найман үйсін Найманбай бидің қызы Ақсұлуды алып береді. Тоқпан жиырма жасында ауырып өледі. Тоқпан өлгеннен кейін көп кешікпей-ақ артынан шешесі де өледі. Найман жетім, Ақсұлу жесір қалады. Жетім қалған, ұлғайған Найманға Ақсұлу кемпірінің қырқы өткеннен кейін үйсін Дулат бидің қызы Әлпешті алып береді. Бір жыл өтісімен Әлпеш ұл бала туады. ол баланың атын Ақсұлудың өзі «Белгібай» деп қояды. Белгібай деп қоюдың мәнісі: «Тоқпаннан қалған белгі» деген сөзі еді. Белгібай он жеті жасқа шыққанда Ақсұлу отыз жетіге шығады. осы жасында Ақсұлу Белгібайға тиеді. Екі бала—Келбұға, Кетбұға деген бала туады. Сол кезде Ақсұлу қырыққа шығады. ол қырыққа шығысымен ел басқару жұмысына ауысады. Белгібайға өзінің сіңлісі Тоқсұлуды және түрікмен Арлауыт бидің қызы Ақбаршынды алып береді. өзі билік жұмысымен айналысып кетеді. Сонымен бүкіл Найман тайпасы Ақсұлудың ақылымен жүзеге шығып, қабырғалы елдің біріне айналған.