Өкіреш Найман немесе Әзбураның ұрпақты сақтауы

Өкіреш Найман немесе Әзбураның ұрпақты сақтауы
(VІІ нұсқа)
«өкіреш Найман» дегеніміз—Найманның аты. Сопы мырза тоқсан үш жасқа келгенде жалғыз ұлы өліп, келіні Әзбура зарлап, жесір қалыпты. ол: «Атам ұрпақсыз кетпесін, қатын алып беріп тілеу тілейін, атамнан ұрпақ қалса, орнын сақтайын»,— деп ойлайды.
Сонан Ақтобық деген атқа мініп, Қарақалпақ деген елге барып, бір байдың Тұрымтай деген қызына құда болды. Алым-берім болып, атасына қызды алып береді. Қыз оның енесі болды.
Сонда келіннің қыз енесіне айтқан ақылы: «Шал ары қарап жатса, белін құшақта, бері қарап жатса, белін құшақта!»—деп, атасын күтті. Қара тоқтының сүтінен қатық ұйытып берді. Бір кезде шалға қуат келіп, Тұрымтайға дарығанда шалдан дыбыс шығып кетті. «өкіреш Найман» дейтін себеп—сол екен.
Шалдың ұрығынан Тұрымтай жүкті болыпты. ол жүкті болып жүрген кезде Сопы мырза дүниеден қайтыс болды. Тұрымтай жесір отырып босанып, еркек бала тапты. Сопы мырзаның әлгі Әзбура атты есті келіні: «атамнан қалған белгі ғой» деп балаға «Белгібай» деп ат қойды. Белгібай он үш жасқа келгенде Әзбура келіні өзіне неке оқытып, оған қосылды. Әзбура Белгібайдан бір ұл тапты. «Құдайдың бергеніне шүкір!» деп, атын Сүгірші қойды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *