Өкіреш Найман

Өкіреш Найман
(ІІ нұсқа)
Найманның жалғыз ұлы Тоқбан жиырма алты жасында өліп, оның әйелі Ақсұлу жиырма екі жасында жесір қалыпты. Бұл кезде Найман сексен алты жаста, ал Арғын тоқсан алты жаста екен. Арғын «інім белгісіз қалмасын» деп, ал келіні Ақсұлу «атамның аты жойылмасын» деп Найманға әйел алып беріпті. Ақсұлу «қыз ене» дейді екен. Қызене жүкті болып, ұл тапқанда: «артымда қалатын белгім» деп қуанғаннан, өкіріп жылаған Найманның жүрегі жарылып өліпті. Ел жиналып баланың атын Белгібай деп қойыпты. Сондықтан Найманның өкіріп жылап өлуіне байланысты Белгібайдың қосалқы лақап аты «өкіреш» болыпты. «өкіреш Найман» деген лақаптың шығуы осыдан екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *