Найман тарауынан

 Найман тарауынан
(І нұсқа)
Жанарыстың бәйбішесінен туған төрт қожаның бірі— Қарақожа, онан Арғын дедік. Бірі—Аққожа, бұл Аққожадан— Найман. Кейбір сөйлеушілер «Момынқожа» дейді.
Найманнан—жалғыз бала—Шұбартай. Бұл Шұбартайды да зарығып көрсе керек. Шұбартай қыршын жастай өліп, ке ліншегі жесір қалса керек. Сонда Арғынның көп балалары:
—Мен алам, мен алам!—деп таласты дейді.
Қатын:
—Мен тоқсандағы атам көзі бақырайып қалып, тірі отырған күнде жалғызының жайрап қалғандығының үстіне оны күңірентіп, ешқайсысыңа тимеймін. Тоқсан асқан атамның бір атары бар шығар,—деп, құрбы-құрдасына жалынды дейді.— Атамның сиген жерін байқаңдар, сідігі көпіре ме екен. Жерге із салуға жарай ма екен?—депті.
Сонда байқаған біреу айтыпты:
—Із салуға жоқ, бірақ көпірді,—депті.
—Бір атары бар екен. Малды аямай беріп, бір кедейдің жалаңбұт қызын қойнына жатқызыңдар?—дегенімен бір қыз алып беріп, қойнына салған екен.
Жұмыс үстінде өкіріп өліпті. Найманның «өкірек шал» атанғаны сол деседі. Шал өлді, қыз тірі қалды. Қыз сол жұмыстан буаз болып, ер-ұл тауып, атын Төлегатай қойыпты.
Шұбартайдан жесір қалған келін осы Төлегатайдың өсуін, ержетуін күтіп, отырып қалыпты. «Арғын алты ауыл болғанда, Найман жалғыз-ақ үй екен» деген сөз ертеден айтылып жүретұғын. Төлегатай сол заманда жұрт аузында «әулие» атанған Қылышқожаның қойын бағып, қойшысы болған. Қылышқожада ұл жоқ, жалғыз қызы бар екен. Қыз жасқа толып бойжеткен соң сарт-сауанның байлары құдалық сөйлесіп, балаларына Қылышқожаның қызын айттырмақшы болып, анауы да, мынауы да қалың мал беруге қожаны қызықтыра бастағанда, қой бағып жүрген Төлегатай қойшыларға айтқан екен:
—Бұ қазақ қатынсыздан өлейін деп жүрсе, қожа қызын сартқа береді екен-ау!—депті.
Қылышқожа қойшылардан бұ сөзді естігеннен соң қарққарқ күліп:
—рас айтады, сөз—Шұбартайдың төлеуіне келген Төлегатайымдікі,—деп, Төлегатайға қызын қосыпты. өр Найман, Қаракерей, Садыр, Матай, Дөртуыл—қожа қызынан туған дар. Баяғы сарғая сақтап, тосып тұрған жеңгесін алып, онан бір ұл туып, атын Қытай қояды.
Төлегатай Қылышқожаның қызын алған соң бай болды, әр нәрсесі сай болды. Бір асқа ат апарып қосып, аты алдында келіп, бәйгесіне бір күң келіп, ол күңге аяқ салып, онан бір ер ұл тауып, атын Сүгірші қойды. Күңнен туған Сүгіршіні Қытай айбалтаның астына алып, өлімші қылып тастағаннан Қытай— «Балталы» атанды. Шу бойында болады, Атбасар дуанына қарайды. «Балталы—Бағаналы» атанған Найман—солардың ұрпағы. Бұрынғылар айтады екен:
Алшын болсаң, Адай бол, Арғын болсаң, Алтай бол!
үйсін болсаң,
Сиқым, Жаныс, Ботпай бол!
Найман болсаң, Қаракерей, Матай бол, өзгең қалай болсаң, солай бол!—
дейді екен.
Қаракерейден сөйлейік. Қаракерей баласы: Ерторы, Байторы. Ерторы баласы: Қызылым, Жиренім. Жиренім баласы— Байсық. өздері беске бөлінеді: Меңдібай, Төбет, Жаңқолы, Жаңбыршы… Жаңбыршыны «Ақбелбеу» деп те атайды. Қарамолда үш қатынның баласы, бұларды «Семіз Найман» дейді. Байқозыдан: Тайлақ, Жайнақ, Айрам, Майрам. Айрамнан— Қожамбет, Майрамнан—Байыс. Байсиық мал қолға түссе, Байыс ата малындай көріп, төлеу бермей кете береді екен.
Байыстан бесеу: Сыбанқұл, Ақымбет, Мәмбет, Құлсары, Тоқабай. «Тоқабай Сарыны сәнге сабайды» делінген сөз мәтел болып қалған. Тоқабайдың жуаны Кигенбай бай ел болады. «Білсең Кигенбаймын, білмесең, дегенбаймын!»—дейтұғыны тағы бар. Қаракерей Қабанбай батыр—осы Тоқабайдан, онан бергісі Кигенбайдан шыққан деседі.
Байыстың бір баласы—Сыбанқұл, бұл Сыбан Найман атанды. Бір баласы—Мәмбетқұл, бұл жасында асқа өкпелеп, қыржиып отыра бергеннен «Қыржы» атанды, және бір қатынынан: Алдаберді, Алмамбет. Алмамбеттен—Шұрантай, Шұрантайдан: Мұңайтпас, Тума. Мұңайтпастан: Тоқпақ. Тоқпақ, Тума— екі болыс ел.
«Мақта апай» деген бір ұрғашының аты шыққан. «Байыс пен бір туысқан Майрам қызы»,—деп біреу сөйлейді. Түркістандық Тоқтарқожа алып, екі бала тудырған (Жанжігіт, Бай жігіт). Байжігіт Мақта апайдың қолында қалып, Жанжігіт қожа ға еріп кеткен деседі. Байжігіттен өрбіп-өнген сегіз болыс ел Темірсу бойында.
Байыс ұлы—Ерсары. «Мұрын» атанған ел—осы Ерсарыдан өскен деседі. Мұрын—Ерсарының бәйбішесі, аты—Ақбике екен. Мұрны зор болғандықтан байының аты қалып, бәйбішенің мұрнымен аталып кеткен. Мұрында сегіз болыс ел бар деседі. «Мен көппін!» деп Байжігіт—Қызайдың Байжігіті мақта на ды. «Мен көппін!» деп Мұрын—Сыбанның Мұрыны мақтанады. үй саны мен жан санына қарағанда Мұрын көп.
Жоғарғы Матайдың үш баласы: Аталық, Кенже, Қаптағай. Күллі Найманға ұран болған «Қаптағай»—осы. Аталықтың қаты нының аты—Қызай. Мұның атымен тұқымы «Қызай» атанды. «Білсең, Қызайыңмын, білмесең, Құдайыңмын!»—дейтұ ғын есер осының ұрпағынан шыққан: Байжігіт, Бура, Көкжарлы. Аталықтан—иманғали, мұнан—Бақтүйіс, мұнан—Елтынды. Елтындыдан: Байназар, Қожас. Қожастан: Ебіке, Жұртшы, Қоқан, Жарылғамыс, мұнан: лезңке, Жиембет, Сүйін болды. Төртеуі де қара екен, сондықтан бұлар «Қара» атанды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *