Найман ұрпақтары
Арғын, Найман бір туған. Найман (өкіреш Найман) 88-нде қайтыс болады. Найманның өз ұлы өліп қалады. оның әйелі өте ақылды кісі болыпты. Атасының дәретін көріп, әлі де бір бала тудырарлық қайраты бар екен деп, үйсін Төле бидің қызын алып береді. Найман ол қызбен бірінші түнеген түні бойынан әлі кетіп, өкіріп жығылыпты да, кешікпей өліпті. Сол себептен өкіреш Найман деп аталған. Содан әлгі келіншек жүкті болып, мезгілі жетіп ұл туады. ұлдың атын Белгібай қояды. Артынан әулие келін Белгібайға әйел алуға рұқсат береді. Ал Найманның келіншегі (тегі—Бағаналы-Балталы) Ел-ата дегенге тиеді. Ел-атаны арғын, найманның бозбалалары күндей берген соң, оны келін бәйгі қоңыр атқа мінгізіп, қашырып жібереді. Белгібайдан екі ұл туады, аттары: Келбұға, Кетбұға. Шүршейіт атасы—Келбұға, Қожагел атасы Кетбұға болып бөлінеді.