Дәулетбике

Дәулетбике
орта жүз Қыпшақ, оның ішінде Торы Қыпшақ, оның ішінде Түйішкеден өрбіген аталардың бірі «Дәулетбике» деп аталады.
Дәулетбикенің қыздай тұрмысқа шыққан адамы Түйішке ішіндегі Мұрат деген кісі екен. Мұрат қайтыс болып, Дәулетбикені әмеңгері Мәмбет алады. Әмеңгері Мәмбетке қосыларда Дәулетбике: «Бөлек ауыл болып отырайын»,—деп шарт қояды. Бұл шартын Мәмбет орындаған. Содан, бәйбішесі бір ауыл, тоқалы бір ауыл болып отырған соң Мәмбет ары-бері қатынайтын болады. Сонда, жолшыбай жөн сұраған адамға Мәмбет: «Дәулетбикенің ауылына барамын»,—деп жауап береді екен. осылайша Дәулетбикеден өрбіген ұрпақ анасының есімімен аталып кеткен. «Дәулетбике Есім хан тұсында Ташкентті билеген Тұрсын ханның қызы еді» деген сөз бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *