Ақбикеш пен Мақпал

 Ақбикеш пен Мақпал
[Арғын Әйдерке, оның ішінде Мақпал]
…Дәстүр бойынша Бағаналы Ербатырдың Ақбикеш деген ару қызы Арғын ішіндегі Әйдерке атасынан шыққан Таңғұлы деген кісінің Солтан деген баласына ұзатылады. Бәрі де жазудан ғой, Ақбикеш келін болып түскен соң, сегіз-тоғыз жыл өтсе де бала көтермей қойыпты. Ақылына көркі сай Ақбикештің бұл жағдайы әулет-атаның ғана емес, бүкіл ауыл-аймақтың уайымарманына айналады.
Содан, күндердің бір күнінде Ақбикеш бір ойға бекініп, ұшқан ұясына төркіндеп барып қайтпақшы болады. Ата-енесінен рұқсатын алып, жанына жасөспірім қайнысын ертіп, жолға шығарда Ақбикеш айтыпты дейді: «Бұйырса, екеу болып кетіп, үшеу болып оралармын»,—деп. Бұл сөздің мәнісін қайын жұрты түсіне қоймаса да, жақсылыққа жорып қала береді.
Ақбикеш ауыл-еліне келіп, ағайын-туғанмен қауышып, мауқын басқан соң, әке-шешесіне бұл келісінің мәнісін айтады: «Құдайға шүкір, барған жерімде бағасыз емеспін, ел-жұрт тың алақанындамын. Көңілдегі жалғыз кірбің—перзенттің болмай жүргені ғана. осы олқылықтың орны тола ма деп, арманүмітімді жетекші етіп, алдарыңызға келіп отырған жайым бар. Мені қиған жерге сіңілім Мақпалды да қисаңыздар екен. Мақпалымды Құдай қосқан қосағым Солтанға екінші әйелі етіп қосайын. Құдай көз жасымды иіп, тілегімді қабыл етсе, осы ниетімнің қайыры болар деп үміт етіп келдім!»—дейді.
Бұл сөзді естігенде Ақбикештің анасы көз жасына ие бола алмай қалады. Ал еркөңіл, сері көкірек Ербатыр болса тұғырда ғы шәулідей дүр сілкініп, еңсесін тіктеп: «Тәңірім өзі кү зеп, өзі түзегендей бір істі ойыңа салған екен, қарағым! Қайыры болсын! Сен бар жерде Мақпалымның мерей-мәртебесі еш кім нен кем болмас. Бәйбіше, көзіңнің жасын тый, қамдан, бала ларды ақ тілекпен, ақ жолға аттандырайық!»—деген екен.
Айтқанындай, Ақбикеш екеу болып кетіп, үшеу болып оралып, қайын жұртын да күтпеген қуанышқа кенелтеді. Арада бірер жыл өтер-өтпесте, Құдай тілеуін беріп, Ақбикеш те, Мақпал да қатар бала көтеріп, әулет-атаны одан сайын мерейлендіре түседі.
Сөйткен Ақбикештен Қожаназар, Майқара, Шойқара деген балалар туып, Мақпалдан Бердібай, Дербісалы, Бердалы, Бердіс деген балалар туған. Бұлардан өрбіген ұрпақ қазір рулы елге ұласқан. Ал Ақбикеш пен Мақпалдың есімдері бір-бір әулет-атаның атауына айналған. осы күні Торғайдағы Сарықопа көлінің төңірегіндегі екінің біріне кімсің десең, «Арғын— Әй деркеміз, оның ішінде Ақбикешпіз» немесе «Арғын— Әйдеркеміз, оның ішінде Мақпалмыз»,—деп отырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *