Елатанның Тобықты атануы

Елатанның Тобықты атануы
Ерте заманда қазақ, қалмақтың шабыншылығында бір қояндай боз атқа мінген қазақ қатыны қашқан-босқан елдің соңынан келіпті: «Қалмақтан қашып құтылдым»,—деп, өзі екіқабат буаз екен. Келгенмен, бұл елде байы да бар бола қоймапты. үй жоқ, күй жоқ, оны ала қоятын елде тірі жүрген қатынға бай жетпей жатқан күн. өзі балгерлік, бақсылық қылып, аты боз ат болғандықтан, қазақ ортасында «Маябоз» атаныпты. Бір еркек бала тауып, атын Елатан қойыпты. Енді сондай аяқсыз қаңғыған бір бала болып, оның аты Елехан болыпты. Елатан, Елехан егіз бала сықылды болыпты. Елехан кім болғанын анық білген ешкім жоқ. Елатанға: «Мен алам, мен алам!» деп, талас-тартыс болып, бәйгеге ат қосып: «Қай атымыз озғанымыз алайық!»—десіп, Арғынның ақ тобық аты алдында келіп, Арғын алып, сонан сол бала «Тобықты» атанған екен» деседі. Бұрынғы заманда кеміту үшін сөйлегендер: «Елатан елге теңелді, ешкі қойға теңелді» деседі екен. Сол Елатаны «Тобықты екен» деп сөйлеуші еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *