Күлік шежіресі

Күлік шежіресі
Әкесінің аты—Құлболды, шешесінің аты—Мақпал. Мақпал бәйбішенің тұңғышы—Күлік, ортаншысы—Тұлпар, кенжесі— Айдабол. он үшінде Айдабол би [дің] аты әлемге жайылып, Сыр дариясынан Сарыарқаға қарай өткенде, өткел аузында тұрған Алшын мен Қарақалпаққа Мақпал бәйбіше: «Артың болса, Айдаболдай ұл тап!»—деп өте берген.
«Күлік»—қырғыз тілі (нде) «жүйрік деген сөз. «Ат арық тан, нұр пыстан»—қазақ мақалы: «Ат аспан, ғарыштан құйыла ды» деген сөз. Күліктен шыққан жүйріктен жүйрік озған емес. Жобалай баласы Жаңабатырдан би асқан емес, Күнту баласы Жанайдардан шешен асқан емес, Жаңабатыр баласы Жанақтан қасиетті ер асқан емес, Жанайдар баласы өтеміс абыздан бір басты, екі аяқтының әулиешілігі асқан емес.
Күні кеше Мұса Секербай заманында Ақжігітұғылы Ізден абыздың алдына қара сөзден жан қарсы келмеген. Күліктің бел баласы Ақылдың байлығы үзілместен үрім бұтағына, бұл күнге шейін келді. Наурыздан туған Ақайдың байлығы үзілмес тен үрім-бұтағына, бұл күнге шейін келді. Мырзалыда Ақай немересі Сарымырза баласы Байғанадан мырзалық асырған қазақ жоқ. Күліктің бәйбішесінен: Тілеуімбет, Наурыз, Дәулет, тоқалдан—Сексен. Сексен—Күліктің сексен жасында туған ұрпағы. Баласы Қайдауыл Күлікпен құрдас екен. «Сексендегі шалдан бала болушы ма еді?» дегенде, Күлік Қайдауылды қарғаған екен. Сонан мәтел болып қалған: «Қайдауылға қарғыс кеткен» деген сөз бар.
Қайдауыл ортасына Есенқұл Мәуке ұрпағына келіншек болып түскен Тоғжан ақынның өлеңі бар:
Түндіктің жары өспейді, талы өседі, Мәукенің жасы өспейді, шалы өседі. Қозы бұты, қой саны көздей іске, Ертеден кешке дейін күліседі.
«Жас өспейді, шалы өседі» деген сөздің мағынасы—бір тұқымға қарғыс кеткен болса, қыршын жасы мұрттай ұшып, шалдары еркелеп самаладай болып қала береді екен. Мұны заманымызда көзбен көріп, қолмен ұстадық.
Тілеуімбеттің он бес ұлы ат арқасына мініп, соңына ерген. Көшіп келе жатқан қазақтың көшіне қара қалмақтың Қаты Сыбан қосыны килігіп, алты ұлды Наурыз қашып құтылған. он бес ұлды Тілеуімбет қашуды ар-намыс көріп, соғыса берген. Қалмақ рапайсыз көп, қашпай қалған қазақ аз, жанын тәт ті көріп, басын қорғап балалары қашып шықса, Тілеуімбет отағасы өзі жауға қарай қайта қуып тығады дейді: «Жаудан қашып барып, қатын қойнына қорғалағанша, жаудан жаралы болып жарқырап жатсаң, әне, сонда кісілігіңді білемін» [деп]. Басы—үлкен отағасының өзі болып, он бес ұл сол жолы қыр ғын тауып, бықбырт болыпты.
орманшы Бәпке-Тайлақтың Тайлағы батыр кісі екен. Жайрап, жарқырап жатқан жерінен қайта-қайта кіріп, Тілеуім бет тің үш баласын алдына өңгеріп алып қашып құтылған. Күлік тің тоқалының баласы Сары атты Сексен екеуін алып қа шып құтылған. Егер Сексен мен Тайлақ болмағанда, Тілеуімбет де- ген елден нам, нышан болмақшы емес екен.
Сол бес тұқымнан өсіп-өнген Тілеуімбет осы күнде: Күнту, Айтқожа, Жаңабай, Бесім, Құтиан—бес атаға бөлінеді.
ол бес ұлдың ең үлкені—Аспантай. оған тетесі Амантай екен. «Аспантай тұқымсыз кетті» дейді. Сол жолы алдымен жайрап, сол қалған бойымен қалыпты. Амантайдан тұқым бар. онан соңғыларының атын анықтап жан біле алмаған. Қалған бесеудің үшеуі—белбала. Екеуі немере болса керек. Күнту, Айтқожа, Жаңабай—белбаладан өсіп-өнген тұқым. Бесім, Құтиан—немереден өсіп-өнген тұқым.
Қалмақ пен қазақ жай жүрген бе? Бесім ат арқасына мініп, ауылы баранды болған күнде қазақ-қалмақтың тағы бір соғысы болып, Бесімнің қатыны Бүктік бәйбіше қалмаққа олжаға түсіп кетіпті. өзі Қыпшақ Қатықұлақ мергеннің қызы екен. Аузымұрнынан шығып тұрған екі қабат көн екен. Қалмақ қолына барған соң бір ұл тауып, ит терісін биялай қылатұғын кісі екен. Қол ісімен күн кешіріп, баланың бойындай дорба тігіп алып, соны құртқа толтырып күнде бірін аузына салып суын жұтумен ауқат кешіріп, өзін әбден жаратып, қатырып алып: «Қалмақ қолында тірі болып, құлдығында жүргенше, өлген артық қой»,—деп, баласына ине шаншыпты да өзі жаяу қашыпты. Артынан қалмақ қуып, құтқармасын білген соң бүркенген көк шапаны бар екен, шапанын бүркеніп жата қалыпты. Жатқан жері бұжырмақ қойтас екен. Алыстан қара бойын қалқиғандығын көрген екен. Шапанның көк түсі қойтастың тасына түстес болғандықтан ба, олай-бұлай қарап, былдырлап-былдырлап таба алмай, қайтып кетісіпті.
Түкейдің Ақайынан: Бекмырза, Сарымырза. Бекмырзаның үш баласы бар: Бұзау, Сары, Байкіл. Сары мырза атанған екен. Заманында жақсы-ақ кісі болыпты.
Бесімнің үш баласы: Жанжігіт, Ақжігіт, Қармыс. Жанжігіт балалары: Бектемір, Байтемір. Бектемірінен—ыбрайым. Байтемірден—Берәлі. Сол Берәліні бала күнінде әкесі Бектемір Сарымырзаға бір жұмысқа жіберіпті.
Сәлем беріп кіріп барған соң:
—Қай баласың?—депті.
—Бектемір баласымын,—депті.
—Неше ағайынды едің?—дегенде:
—үш ағайынды едік,—депті.
—үлкені ме ең, кішісі ме ең?—деп және сұрапты.
Сонда Берәлінің берген жауабы:
—ой, Сарыекей, жұрт сізді жақсы кісі, есті кісі дейді, алжыған екенсіз ғой,—депті.
—Жаным, жазығым не? Неден жазып қалдым?—депті.
—Алжымасаң, кенжесі екенімді мына шалбарымның бауының ұшындағы көк моншақтан білсеңіз керек еді ғой,—деп, шалбарының бауындағы көк моншағын көрсеткен екен.
Сонда Сарымырза мырс-мырс күліп:
—Күлікте білдей жеті жаман бар-ды, жаман да білінбей, аяқ астында жүре береді екен-ау, мынаумен сегіз болды ғой!—деген екен.
үй ішінде отырған бәйбішесі сұрапты:
—Сол Күліктегі жеті жаман дегендеріңіз кім-кім?—деп.
—Қой, бәйбіше, өзгені білсең де аз болмас, бұларды сен сұрамай-ақ қой, мен айтпайын,—депті.
—Неге? Сіздің қасыңызда отырып білмей қалғандығым жамандығым болады ғой, білейін-дағы,—депті. «Ендеше пәлен жа ман, түген жаман» деп бесеуін айтып беріпті, екеуін айтпапты. —Енді екеуі кім?—деп сұраған екен.
—Қой, бәйбіше, онысын білмей-ақ қой, мен айтпай-ақ қояйын, жабулы қазан жабуымен қалсын, менің суым жасып қалар, сенің көңілің қайтып қалар,—деген екен.
Бәйбішесі сұрап, қадалып айтшы-айтшылап қоймайды.
—Ал қоймадың, айтайын, өзімнен туды демесең, Барақ, Бапақ—екі балаң да жақсы ма, сол жеті жаманның соңғы екеуі өзіңнің осы екі балаңдай,—дегенде:
—Не дейді, көтек, не бетімді айтайын,—деп, бетін жұлыпжұлып алған екен. Құдай рахмет қылсын Сарыға, кісі болса, сондай болсын, естимін сол Барақ, Бапақ ұрпағы—Байтастың исмайылы деп. Қазақтың шетіне келіп, біреудің қаттысы болса, қайрап, жұмсағы болса, жұмыра отырған үйін өз үйіндей бүтіндей бастап, ұлы жүн түтіп, қаңғып жүріп екі кесек кигіз басып алыпты.
Бай Бесім құлақтанып, естіген соң іздеп барып, алып келіпті. ол күнде бұ жақтағы Арғын елі Айдабол, Күлік ұлытау, Кішітауда екен. ұлытау, Кішітауды қыстап, Сорқара, Сортыны жайлап жүреді екен. Сонда Бесім қатыны қолына келген соң және екі кесек кигіз олжасы бар болғандықтан, үстіне үй кө термекші болып, кереге жонамын деп ұлытаудан ағаш кесті дейді.
Кереге қылатұғын ағашының ұзындығын өзінің отырған бойынан қол созым биік қылып, отырып қолын жоғары созып, мөлшерін сондай қылып ағашты турап тастайды. Қатыны Бүктік бәйбіше:
—Жазған-ау, мұның іске жарап кереге бола ма?—дегенде:
—Әкем керегенің басына кесесін отырып алмаушы ма еді,— деген екен.
«Әкем» деп жүргені—әкесінің әкесі Тілеуімбет екен. Сонда Бүктік бәйбіше айтыпты:
—Әкеңнің отырған бойы сенің тік түрегелген бойыңдай емес пе еді және әкең төсек ағаштың үстінде отырып кесесін алмаушы ма еді,—деген соң:
—Мұндайы бар ма еді,—деп, қайта тауға ағаш кесуге кетеді екен.
Қай реттеп кереге жонып, адам қатарлы үй қылды дей сің, «олақтың жыны бар, өз ісін өзі бүлдіредіге» дәл келіп жүрді де. «өлсін» деп ине шаншып кеткен бала өлмей тірі қалып, осы күнде өсіп-өніпті» деп естимін. Қайда тұрып, қайда жүргенін анық білген жан жоқ. өлмей тірі болғандығы анық деседі. Байына қосылған соң үш ұл тауып, үлкені—Жанжігіт, ор таншысы—Ақжігіт, кенжесі—Қармыс. осы күнгі Бесім ұрпағы осы үшеуінен өсіп-өнген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *