Айырғақты-Шөптеміс

Айырғақты-Шөптеміс
Ерте заманда жалғыз түйемен жүріп саудагерлік қылған бір сарт болыпты. Түйесіне мініп, алашаға буып алған ұсақтүйегімен ана ауылға да, мына ауылға да танымал болып «Айырғақты» атаныпты.
Сонда Қанжығалының қызы жасырын жұмыстан еркек бала тауып, баласын шөптің ішіне жасырып тастаған жерінен жұрт тауып алып: «Бұл бала қайдан пайда болған?» деп сұрағанда, Айырғақтыдан болғандығы білінген соң баланың атын «Шөптеміс» қойып, қызды Айырғақтыға қосыпты және Айырғақтының өзі Қаракесек ішіндегі Байбөрі деген елден бір қыз алып, Қанжығалы қызынан туған Шөптеміс, Қаракесек қызынан туған Айырғақтың атын да алып, осы күнде «Айырғақты—Шөптеміс» деген ел болды. Түп-тегі үш жүздің баласы қазаққа қосылмайды, кәдуелгі—сақалы қаудиған сарт.

Один комментарий к “Айырғақты-Шөптеміс”

  1. Арғын — Істікмұрттан-Мірет лақап аты Шөптеміс. Баян ауыл өлкесінен туған туысына ренжіп қашып келген бала аты Мірет. Ал Шөптеміс лақап аты . Іздеп келген туыстарынан шөп арасына жасырынып Дегелең тауы бөктерінде нағашы туыстарында қалып қойған. Ай тұр іздеушілер кетті шық деп. Ол шөп ішіне тығылып… Шөпте емес шөпте емес деп жеңгетайлары алып жасырып қалған.Абыр сабыр басылған соң . Бала Міретке шөптемес шық деп күліп ойнап міне сол Шөптеміс руы осылай шыққан. Дегелең Абыралы елді мекені Мірет (Шөптеміс )-Сарытұрсын Боқай Тілеу үш арыстың ұрпақтары қалың ел боп тарап жатырмыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *