Қойлыбай—Орыс ауылы

Қойлыбай—Орыс ауылы
Қойлыбай—Шағырайдың Қойлыбайының баласы. Әкесі Қойлыбай бай болған күнінде ақ патшадан отыз орыс Абылай ханға елшілікке келген. Қар жауып, қыс түсіп кеткен соң: «осы отыз мейманды бірінен-бірін айырмай, бөлектемей ала қыстай күтіп, аман-есен аттандыруға қайсысың қонаққа аласың?»— дегенде, Қойлыбай бай:
—өмірінше боламын десе де, біздікінде болсын,—деп, Құдайдың құтты күні бір ақ қарабас қой сойып күтіп, қыстан ашықтырмай, тарықтырмай шығарған екен. Ақ патшаға барған соң қазақ жұртының бір-біріне: «Сыйының алды не болады екен?» деп сұрағанда: «Қазақ рәсімінде—жетім болады екен» деген соң Қойлыбайға бір қыз жіберген екен және ит терісіне атын жаздырып, достық хат жіберіпті. Сол қыздан екі бала туыпты, бірінің аты—Малтабар, бірінің аты—Қосжетер. осы екі баланың тұқымы осы күнде өсіп-өніп, өз алдына ел-жұрт болыпты, «орыс ауылы» деседі. «орыс ауылы» атанудың мәнжайы—осы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *