Төртуыл—Сарқозған

Төртуыл—Сарқозған
Нұрфая бәйбіше кенже баласы Сүйіндікті, Қаржасты, Бегендікті, Шегендікті—төртеуін бала қылып, төртеуіне қатын алып беріп, енші беріп, сол төртеуін «Төртуыл» деп атаған екен.
Бегендік өлген соң қатынын Сүйіндік алып, оразкелді Бегендіктен туып қалған бала екен. Сүйіндік алған соң онан Суғыншы туады. оразгелді, Суғыншы—анасы бір, атасы басқа екеуі бір кісінің баласындай ауыз жаласып, тату-тәтті болып өседі. оразкелдіге қатын алып беріп, енші берген.
Сүйіндік—Суғыншының балаларының аты: Шуманақ, Мәжік. оразкелдінің балаларының аты: Тәңірберді, Сәрік. Тәңірбердінің үш баласы бар: ораз, Малқар, Жолымсопы. Сәріктің балалары: Қожамберді, Тоқтас, Қожакелді.
Қозған деген кісі [нің] аты жоқ. Қозғала берген соң, шіркін, қоза берді ғой деп «Қозған» қойған екен. Сүйіндік өлген соң оразкелді, Суғыншыны тапқан қатын Темешке тиіп кетіп, одан да бала тауып, ол бала да өсіп-өніп ел атанады. Жас кезіміз де Темеш ортасында қариялар айтып отырғанын есті(дік) «Бір қатын осындай үш-төрт елді өсірген» деген сөзді.
Бұрынғыдан қалған сөз бар: «Қозғанның қозылы-қойлық залалы болады» деген. Қожамбердінің балалары: Байназар, Есназар, Қозыбақ. «Сарқыз» деген—Тоқтастың тоқалының аты. оның балалары «Сарқозған» атанады. «Тәңірберді— тауып алған бала» деседі. Сондықтан аты Тәңірберді қойылған деседі. Бұрынғылардың: «ораз түбі—үйсін» дейтіні осындай болғаннан айтылса керек. «Қозғанның кенже қатыны қалмаққа олжаға түсіп кетіп, соны Малқар іздеп барып, тауып келіп, қатын қалмақтан жүкті болып, мұнда келген соң ұл туып, Қалмақшы—сол бала»,—дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *