Орынбай ұрпағы
Қарсұн—Кернейдің Қарсұнынан Қыдыр батыр шыққан. Қыдыр батырдың жас баласы олжаға түсіп кеткен. Сонан соң Қыдыр батыр зерттеп, қоймай, қалмаққа жеті барып, жеті жас баласын алып қайтыпты. Сонан соң қалмақ елші жіберген: «Біздің балаларымызды алып келіп, баласын алсын!»—деп. Сонда Қайып төре деген төреден де бір жас бала қалмаққа түсіп кеткен екен. Қыдыр батыр мен Қайып төре балаларын танып алуға елдесе барған.
Сонда қалмақ жұрты айтқан: «Біздің қолымызда қазақтан олжаға түскен жалғыз-ақ бала бар. Қолына асықты жілік ұстатып орталарыңа жібереміз. Бала қайсыңа барса, соның ал!»—деп.
Баланы жібергенде, бала Қыдыр батырдың тізесіне келіп оты рып алған. Қыдыр батыр сол баланың атын орынбай қойған. өз баласы болмағандығына дәлел—осы «орынбай» деген атты неге қойған десең, «Баламның орнына келді» деп, атын орынбай қойғандығы.
«Бұл баланы алатұғын жол менікі еді. Төре тұрғанда, қара алушы ма еді?—деп Қайып төре, «маған байламады» деп ауып көшіп кеткен.
«осы орынбайға мен жала жабамын. Біздің шешеміздің қалмаққа тірі тастап кеткен баласы—осы. Қалмақ балала рын қайтып алу үшін, Қыдырды разы қылу үшін Қыдыр дың ба ласының орнына берілгендіктен, атының орынбай қойылғандығы. осы күнгі орынбай ұрпағы мен біздің Бесім ұрпағын таразыға салып өлшестіріп байқаса, қалыпқа қой ғандай мінездес.