Қанжығалының қақ жарылған жері
Қазақ орысқа ең алғаш қарағанда ибан Сменыш деген Бөлкебай келіп, Баянауылдан қала салдырып, дуан аузын ашқанда дуанбасы болыс сайлаған. Сонда Қанжығалы ойдағысы, қырдағысы өз алдына бір болыс болып жолға байлаған. «Жол маған байлағандарың рас болса, мен Әжіке Дәненнің Дәненіне бердім»,—деген. «Дәнен күндердің күнінде кімге берсе, өзі білсін!»—деген. Сондықтан Қанжығалыға ең алғаш Дәнен болыс болған.
Дәнен өлерінде өз балаларына байламай, жолды баласы Әлдебекке берген. Әлдебек өлерінде Дәнен балаларына бермек болған. Мұстапа деген баласы тілін алмай, өзі болған. Соған өкпелеп, Қанжығалы екі айырылып, Жеті румен Әжібай— Баянауылаға қарап қалып, Қамажапар, Қарабұжыр—«Тентек қанжығалы» Ақмолаға қарап кеткен. Қанжығалының қақ жарылған жері—сол.