Күшік—Сырым

Күшік—Сырым 
Көп Арғынның жолаушылары келе жатып, он екі жасар бір бала тауып алады. Бәсентиінге байлайды. Сөйтсе, ол бала:
—Қожант шаһарыныкімін, хан баласын ойнатып жүрген балалар едік, ортамыздан хан баласы суға кетті. Сонан соң: «Барсақ, бізді хан өлітеді ғой!»—деп, тоз-тоз болып жонға қашып шығып кеттік. Түбі-тегім түрікпен еді,—деген соң, Бәсентиін бала қылып алыпты.
Мұнда келген соң, жерінде көрген өнегесі болған соң, балық аулайтұғын бала болып: «Балықшы түрікпен» атанып, бұл күнгеше тұқым-жұрағат, ұрпағы бар дейді. Және келе жатып, бір жас сұлу қатын тауып алыпты, соңына еріп жүрген бір кішкене баласы бар дейді.
—Бұл балаң кімдікі?—дегенде:
—өзімнің күшігім,—депті.
ол қатынды да Бәсентиін алыпты. Қойнына жатқанда буаздығы білініп:
—Бұл қалай?—дегенде:
—Бұл бір жанға айтпайтұғын сырым,—деген екен. Сол баланың атын Сырым қойған екен. осы екі бала қатын алып, өсіп-өніп, бірінің тұқымы «Күшік» атанып, бірінің тұқымы «Сырым» атанып, ел-жұрт болып кеткен. Күндердің күнінде осы қатынның артынан жоқшы келді дейді. Белгілі байы жоқ, қыз күнінде бала тауып, тағы буаз болған соң өз үйінен өзі ұялып, қашып шығып кеткен екен. «Белгілі байы болмағандықтан, ешкімнің де сөзі пұл болмады. Қатын да, екі бала да Бәсентиін олжасы болып қала берді»—дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *