Керней
Тілеулі өз ұлы Кернейді ерте аяқтандырған екен. Кіші жүз Сәһар Құйған бидің бәйбішесінен туған Айша деген қызын алып беріпті. Той үстінде Қоныштағай ағалары Тілеуліге өкпе ар тыпты «жол ағанікі еді» деп. «Бізге інілікке жараған Сұраулы са ған ағалыққа жарамады ма?» деп ауыр сөз айтады.
Енді Тілеулі сасады, ағаларының уәжі орынды. «Кернейдің қатыны қандай болса, Тәңірімбердінің қатыны да сондай болу керек. одан бір мысқал да кем болмау керек!» деп ойлайды. Әрі ойлап, бері ойлап, ақыры жол табады. Құдасы Құйған би діндар адам болыпты. оның екі әйелі болыпты. Бәйбішесінің есімі Аққу да, тоқалының есімі гәкку екен. осыдан барып Құйғанға «Сәһар» деген жанама ат жамалған. Қазақ «сәһар» деп аққудың қоразын айтады. Сол Аққудан туған қызының есімін Айша қойыпты да, тоқалынан туған екі қызына—Бибі, Бәтима деп есім беріпті. Бұл Пайғамбарымыздың қосағы мен қызы ның есімі.
Тілеулі сол Құйған құдасына қайта барып, ержетіп отырған Бибісін Тәңірімбердіге сұрайды. Бибі түскен жерін дөңгелетіп әкетеді. өзі әйел баласының естісі болып шығады. өзінің қаһары бар дейді. Талай қысылтаяң жерде Бораншы—Бәйімбет баласын аман-есен алып шығып отырыпты. Бибінің талай рет кәрін шақырып, жауын жаудырып-тоқтатып, қол жайдырған күндері аз болмапты.
Керней батыр болған адам, жебеушісі Көкбөрі дейді. Содан барып «Көкбөрі Керней» аталған.