Орта ғасырлық европаның травниктері осы күнге дейін әлі зерттеліп жатыр; оның құрамында дәрілік өсімдіктердің қолданылуы жайында көптеген мәліметтер бар. Бірақ оның ішінде нақты ақпараттар жоқ. Бұл мәліметтердің бәрі Диоскарид, Гален, Ибн Сина, Ибн Байтара және басқа да грек, латын, араб авторларының еңбектерінен алынған. Солтүстік Европа мемлекеттеріне мұндай халықтардың еңбектері қиындықпен енді, бірақ Солтүстік Европадағы белгілі дәрілік өсімдіктер гректерге белгісіз болды, Германия мен Францияда кеңінен қолданған және негізгі еңбектер тізіміне енген. Осылайша Европа медицинасының практикасына Батыс және Оңтүстік Европа, Солтүстік Африка, Батыс Азия және Үндінің барлық дәрілік өсімдіктері енгізілген.
Европа медицинасы грек – рим әлеуметінің ұрпағы болған, ежелгі мәдениеттің дәстүрімен тығыз байланыста болған – Мысыр, Вавилон, Ассирия. Ол дәл сондай әсерді қабылдаған араб медицинасы секілді болып келеді.
Европалық және Шығыс мемлекеттерінің көне медициналық кітаптарында сол мемлекеттердің халық медицинасы жөнінде жазылмаған. Әдетте көптеген «гербарийлер», «травниктер», «карабадиндер» және т.б. бір бастаманың қосымшалары ретінде келеді – ұлы грек және араб емшілері – Гиппократ, Диоскорид, Авицена және т.б., олар кезегінде білімді мысыр абыздарының кітаптарынан алып отырған.
Бұрыннан келе жатқан грек-мысырлық дәстүрлі эмпирикалық медицина жүйесінен басқа, басқа да бірнеше жүйелер бар, олар төлтума болып келеді. Бұған үнді медицинасын жатқызуға болады. Үндінің дәрілік өсімдіктері туралы алғашқы қол жазбаларын – «Аюр Веда» деп атаған.
Үнді медицинасына ежелгі гректер де қызығушылығын танытқан, олар Александр Македонскийдің кезіңде Үнді жерінен үнді дәрілік өсімдіктерін жинаған. Олардың көбі Рим империясына да әкелінген. Үндідегі өндіріс мәдениетінің маңызды көзі, ол күріш болған, күрішті Европаға асқазан ауруларына емдік заттар секілді тасымалдайтын, ол қазіргі таңда да өзінің маңызын жоғалтқан жоқ. Кейбір үнді өсімдіктері бұрыннан европаның медицина практикасына енгізілген, мысалы чилибуханы (Strychnos Nux- vonica), Loganiaceae тұқымдасынан Европаға арабтар әкелген. Басқа үндінің дәрілік өсімдіктері қазіргі таңда ғылыми медицинада да жақсы бағаланып келеді. Мысалы, атақты раувольфия – (Rauvolfia serpentina) Apocynaceae тұқымдасынан.
Үнді медицинасы тибет медицинасының жүйесімен байланысты болып келеді. Тибет монастырлеріне енген үнді медицинасы өзінің теориясымен дәстүрін сақтағанымен дәрілік ассортименттің қатынасында айтарлықтай өзгертіліп және өнделген; бұған жергілікті өсімдіктерді қосқан және Қытай өсімдіктерін қолданысқа енгізген. Тибет медицинасының таралу аймағы кең, мысалы, Солтүстік-Шығыс Азия территорияларына (Қытай, Жапон, Моңғол, Бурятия) кең тараған және сонымен қатар Қалмықтарға да тараған. Олардың дәрілік өсімдіктерінің жиынтығы үлкен қызығушылық туғызуда.
Қытай медицинасы – екінші төлтума эмпириялық медицина жүйесі болып табылады. Б.з.д. 3 мың жыл бұрын өмір сүрген Шен Нуняға байланысты болып келеді. Ол 230 дәрілік және улы өсімдіктер түрлерін қолданған, сонымен қатар жануарлардың дәрілік заттарының және дәрілік минералды заттарының шығу тегін білген.
Б.з.д. 2600 жылдары қытайдың алғашқы дәрілік шөптері туралы кітабы (Бень Цао) шыққан. Кітапта дәрілік өсімдіктердің 900 шамасында түрлерінің қалай пайдалануы жөнінде толық сипаттама берілген. Мұндай кітаптар көптеген ғасырлар бойы Қытай тарихында қайтадан басылып шығып отырған; XVIғ. Ли Ши-Чжен жазған соңғы мәліметтерінде дәрілік өсімдіктердің саны 1892 жеткен. Қытайдың дәрілік өсімдіктерінің ішіндегі аты аңызға айналған, әлемге танылған және әлемнің барлық фармакопеясының құрамына кірген өсімдік – женьшень.