Дәрілік өсімдіктерді Мысырда да қолданған. Шөптердің емдік құрамы жөніндегі мәліметтерді, олар өз кезеңінде Вавилондықтар мен, Ассириялықтардың мәліметтері бойынша қолданған және көптеген өсімдіктердің атаулары Вавилон тілінде берілген. Мысырлықтарда дәрілік өсімдіктердің 80-нен аса түрлері белгілі болған. Б.з.д. 4000 жыл бұрын мысырлықтар фармакопея жазған. Бұл тізімнің сипаттамасын Мысырда дәрілік өсімдіктер ретінде қолданған. Мұндай фармакопея туралы мәліметтерді ғалымдар папируста жазылған жазбалардан тапқан.
Дәрілік өсімдіктерді мысырлықтардың храмдар мен пирамидалардың қабырғаларында салған суреттерінен көруге болады. Ал кейбір түрлерін осы суреттер арқылы оңай тануға болады. Мысырлықтар қолданған көптеген өсімдіктер, осы күнге дейін әлі қолдануда, мысалы кене дәнінен кастор майын шығарып алуға болады. Мысырлықтар көрші елдерге арнайы экспедиция ұйымдастырып отырған, ол жерден емдік және хош иісті өсімдіктерді алып келіп отырған. Мысалы, б.з.д. 1500ж. бес кеменің осындай экспедицияға Пункт мемлекетіне (қазіргі Сомали) осы мақсатпен шыққандағы жөнінде мәліметтер бар. Дәрілік өсімдіктер туралы аңызды ежелгі гректерде де кездестіруге болады. Гректер дәрілік өсімдіктерді Кавказбен байланыстырған, ол жерде Артемидия құдайының сиқырлы, улы және дәрілік өсімдіктер бағы болған деседі. Сол жерден өсімдіктер Грецияға шығарылып отырған. Бұл аңыз кейбір өсімдіктерді Кавказдан (Колхидадан) Грецияға әкелуінен пайда болған. Ежелгі гректер басқа халықтар секілді кейбір емдік өсімдіктерді магиялық көріністе болады деп түсінген. Гректің фармакон сөзінен қазіргі таңдағы фармация, фармакогнозия, фармацевт, фармакопея және т.б. сөздер пайда болған. Ежелгі грек сөзінде тек дәрілік сөзі болған емес, сондай-ақ у және колдовство деген сөздерді қолданған. Ежелгі гректердің діндері көп құдайлық негізінде қаланған. Олардың сенімі бойынша арнайы дәрілік өсімдіктерді тексеретін құдайы болған. Бұл құдай аты Асклепий болған, ал латынша бұл есім-Эскулап деп аталған. Емші құдайы Апаллон болып саналған, — ол грек Пантеонасының негізгі құдайларының бірі болатын. Греция мәдениетінің гүлденуі б.з.д. VII-VI ғ. Бұл Карл Марксты қатты таңқалдырған гректердің таңғажайыбы еді. Ол әлемдік тарихта ерекше құбылыс болып табылады. Кішкентай халық, теңізші халық, жер жыртушы және шопандар бірнеше жүз жылдар бойы кездеспейтін өнер туындысын жасап шығарды, философияның толық бір жүйесін жасап шығарды, тура ғылымның негізін қалады, ежелгі әлемнің жануарлары мен өсімдіктерін жүйеге келтірді. Ежелгі гректер адамзаттың дамуына үлкен үлес қосты. Ежелгі Рим, қазіргі Европа, арабтардың мәдениеті және тіпті ежелгі үндінің мәдениеті аздап кішкентай эллин халқының пайдасын көрген, гректер өздерін осылай атаған.
Гректер дәрілік өсімдіктерді зерттегенде көрші елдерге және өздерінен бұрын зерттегендердің мәліметтеріне сүйенген. Грек емшілері Мысыр және Үнді медицинасымен танысып, өздеріне пайдалы дәрілік өсімдіктер алған. Сол уақытта ежелгі Гректің жақсы емшісі медицинамен фармацияда маңызды мәліметтер қалдырған Гиппократ болды (460-377 жж. б.з.д.). Ол ең алғаш болып медициналық ақпараттарды толықтырып жинап, оны жүйеге келтірді және философиялық сипаттама берді. Соның атымен шыққан кітаптар біздің заманға дейін жетті және 60-қа жуық еңбектері бар. Грецияда дәрілік өсімдіктерді жинаушыларды ризотомдар, тамыр кесушілер («риза»-тамыр, «томе»-кесу) деп атады, олардың көбі бізге дәрілік өсімдіктердің сипаттамасын қалдырып кетті. Оларды «ризотомиктер» деп атаған. Жанама ботаника ұлы грек философы Аристотельдің оқушысы Теофрастың еңбегінде кеңінен кездеседі, оны «ботаниканың әкесі» дейді. «Өсімдіктерді зерттеу» туралы еңбегі қазіргі таңда әлі аударылып жатыр. Ежелгі гректер биологияны жақсы меңгерді деп асыра айтуға болмайды, бірақ олар өсімдіктердің емдік қасиеттерін жақсы білген, олар өсімдікті нақты сипаттап, суреттей білген.