Ертедегі Рим фармациясының және медицинасының өкілі Гален (131-201 жылдар)

Ертедегі Рим фармациясының және медицинасының өкілі Гален (131-201 жылдар) болды. Ол өсімдіктерді дәрілік шикізат ретінде өте жоғары бағалады. Гален препараттарды экстракт әдісімен өңдіруді ұсынып іске асырды. Ол осы уақытқа дейін Гален препараттары деген атпен белгілі.

Оңтүстік – Шығыс Азия халықтарында көптеген дәрілік өсімдіктер белгілі болды. Олардың ішінде ең ерте дамығаны Қытай медицинасы болды. Әдебиеттердегі мәліметтер бойынша біздің дәуірімізден 3000 жыл бұрын Қытайда дәрілік өсімдіктердің 230 түрі пайдаланылған. Жануарлардан алынған 65 дәрілік заттар, 48 дәрілік минералдар болған. Қытайда жазу пайда болғаннан кейін ол мәліметтердің бәрі «Книга о травах» деген кітапта жазылған. Ең белгілі «Травникті» Қытайда Ли-Ши-Чжен құрастырды. Ол ХVІ ғасырда басылып шыққан. Бұл «Травникте» 1892 объект, соның ішінде 900 дәрілік өсімдіктер жазылған.

Индия медицинасының да Қытайдікі сияқты өзіндік орны бар. Индияда ең белгілі еңбек ол «Аюрведа» («Наука о жизни» — өмір туралы ғылым). Ол еңбек бірнеше рет қайта өңделген. Олардың ішіндегі ең белгілісі ол Индия дәрігері Сушруттың (IV ғасыр б.д.д.) өңдегені. Ол еңбекте дәрілік өсімдіктердің 700 түрі келтірілген. Тибет медицинасы Индия медицинасы негізінде пайда болған. Ол Тибетке буддизм арқылы еңген. Тибет медицинасындағы белгілі еңбектердің бірі ол «Чжуд-Ши» (сущность целебного – «Шипалықтың мәні») ол Индиядағы «Аюрведа» негізінде жазылған. Медицина және фармацияның даму тарихына Араб ғалымдары үлкен үлес қосты. Джундишапур және Александрия қалаларында медициналық мектептер гүлденіп дами бастады. Бұл мектептерде Грецияда және Римде шыққан медициналық кітаптар араб тіліне аударылды. Тарихта көптеген араб дәрігерлерінің еңбектері туралы мәліметтер бар. Олардың ішінде атап айтсақ, Абу Манзу Мувафикті келтіруге болады. Ол 997 жылы фармакогнозия туралы кітап жазды. Ол кітапта 466 дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер бар. Бірақ та, бұл кезінде ең белгілі болып дүние жүзіне атағы жайылған тажик халқының ұлы Абу Али Ибн — Сина болды (Авицена) Бухарадан. Ол 980-1037 жылдары өмір сүрді. Абу Али Ибн – Синаның дүние жүзіне әйгілі болған еңбегі ол «Канон врачебной науки». Ол еңбек латын тіліне аударылған. Содан кейін көптеген тілдерге аударылған. Ол еңбек Еуропада ұзақ уақыт үлкен құрметпен пайдаланылды. Сол еңбектің екі томы № 2 және № 5 түгелімен фармацеяны қамтыған. Ибн Сина шығу тегі өсімдік, жануар және минералдар болатын дәрілік заттарды әсіресе өсімдіктерден алынған дәрілік заттарды кеңінен пайдаланған.

Ибн Синаның замандасы, өзбек ғалымы энциклопедист Хорезм шахарынан Абу Райхан Бируни болды (973-1048). Бирунидің негізгі еңбегі «Фармакогнозия в медицине» (Китаб ас-Сайдана Фит-т-Тибо). Европа ғылымына бұл еңбек 1902 жылға дейін белгісіз болды. 1932 жылдан бастап бұл еңбек басқа тілдерге аударыла бастады. 1973 жылы У.И.Каримов бұл еңбекті бірінші рет орыс тіліне аударды. Бұл еңбек «Сайдана» деген атпен белгілі. «Сайданада» 1116 тарау бар, соның 880 тарауында дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер жазылған.

Еуропада Орта ғасырда медициналық білім төмен болды. ХІІ ғасырдан бастап Еуропаға Испания, Сицилия арқылы Араб медицинасы ене бастады. Арабтардың жобасы, нұсқасы бойынша ауруханалар және дәріханалар ұымдастырыла бастады. Медициналық еңбектерді араб тілінен латын тілдеріне аудары бастады.

Орта ғасырдың соңғы кезендерінде дәрілік өсімдіктер туралы ғылымның дамуына ятрохимия (қазіргі заманғы фармацевтикалық химияның бастамасы) көп ықпал еті. Ятрохимияның негізін салушылардың бірі Теофраст фан Гогенгеим (1493-1541)  болды. Ол Парацельс деген атпен белгілі. Бұл дәуірден Сигнатура деген ілем қалды. Сигнатураның мәні дәрілік өсімдіктерді емдік мақсатта олардың сыртқы белгілерінің ерекшеліктеріне қарай ұсыныс жасау (лат. Signa naturae – знаки природы) осы түсініктерге байланысты шай құрай (Зверобой – Hypericum) мысалы ұрылған жараларға (көптеген қызыл – көңыр нүктелері күлтелерінде бар), сары ауруға қарсы – айқын сары гүлдері бар салаубас (Бессмертник – Helichrysum) ұсынылды. Тікенекті өсімдік түйетікен (Чертополох – Cardus) асқазандағы шаншу ауруына қарсы пайдаланылды. Женьшень, мандрагора деген өсімдіктер формасы адам фигурасына ұқсастығына байланысты барлық ауруға ем ретінде қолданылады.

Бұл бағыт мистикалық түсінік және өтірік көзқарастар екендігіне қарамастан өсімдіктер туралы морфологиялық, систематикалық мәліметтер жиналуына себепші болды.

Парацельстің өсімдіктерге бір әсер ететін бастаманың – күштін бар екендігі туралы түсініктері XVII-XVIII ғасырларда өсімдіктердің химиялық құрамын зерттеудің қажет екендігіне алып келді. Ол өз кезегінде фармакогнозияның саласында фитохимияның ашылуына алып келді.

Фармацевтер өсімдіктерден әртүрлі әсер ететін заттарды ажыратып алуды бастады. Ең алғаш алкалоидті морфиннен Француз фармацевті Сертюрнер бөліп алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *