Айдаладан табылған баланың «Қаржас» аталуы

Айдаладан табылған баланың «Қаржас» аталуы
(V нұсқа)
Қалмақ пен қазақтың қырқысып жүрген шағында атаанасынан айырылып, ай далада адасып қалған бір баланы Қарқабаттан туатын бес бала мал қарап жүріп тауып алады. Балаға қызыққан бес жігіт: «Мен аламын, мен аламын!»—деп өзара таласады.
Біріне-бірі көнбей шешесіне келіп төрелеседі. Сонда шешесі балаларына: «Сендер өзара керілдесіп таласпаңдар, шырақтарым! одан да асыққа тұрыңдар!»—дейді де, бір асықты бе реді. Ағалары асықтың төрт жағын төртеуі бөліп алады да, ом пасы кенже балаға қалады. Сосын біреуі асықты аттың үстінен қаржап-қаржап тастайды. Жерге түскен асық омпасынан түседі. Баланы кіші бала іні етіп алады да, атын «Қаржас» деп қояды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *