«Пәлі, Төлебай!»

«Пәлі, Төлебай!»
«Пәлі, Төлебай!» атанған себебі—бұрынғы заманда Арғынның қойшысынан өрт кетіп, ұлы жүз—үйсіннің бірнеше қотан қойлары күйген екен. Соны ұлы жүз—үйсін Арғыннан даула ған екен. Сонда соның бітіміне ұлы Жүз үйсіннен Төле би шыққан екен. Арғыннан Төлебай шыққан екен. үйсін Төле би:
—Қолыңмен салған өртті етегіңмен қалай сөңдіремін деп келдің, Төлебайым?!—дегенде:
—Алладан деп білсеңіз, қойыңыз да, адамнан деп білсеңіз, алыңыз,—деген екен.
—Пәлі, Төлебайым, жарайсың, жарайсың!—деп, Төле би тақ тұра қалған екен.
Сонан «Пәлі, Төлебай!» атанған екен деседі. Және бір дәлелі—атқан оғы жаза соқпайды екен, өзі атып, өзі: «пәлі!»—дейді екен. өзін аң көрмейді екен. Бір топ киіктен киік жібермейді екен. Қара бойын аң көрмеген соң қанша атып, қиратып жатса да, алдынан аң ешқайда қашып құтылып кетпейді екен. Сонан:
«Пәлі, Төлебай!»—атанған екен.
Тама Сарыбас мерген: «Менен асқанда, жалғыз-ақ «Пәлі, Төлебайдың» мергендігі асты»,—деген екен.
Мықанлық Бабабек деген сартқа жалшылыққа жүрген жері де болған екен. Сонда Бабабек қатынына айтқан екен:
—осы қазақтың ұйықтап жатқанда үсті жап-жарық болып жатады. Бойында жанып тұрған шам-шырағы бар екен,—депті. Сонда Бабабектің бір бойжеткен қызы бар екен: «Қалайша мұның үсті жарық болып жатады екен?»—деп, есікті ашып, сығалап қараса, қараңғы үйдің өзге жерінің бәрі қараңғы, жатқан қазақтың үсті шам жаққанда қандай жарық болса, онан да жарық және өзі ашылып-шашылып, қаннен-қаперсіз, бей ғам жатады екен. «Бері кел!»,—деп, қол бұлғап шақыратұғын қолы жоқ болса да: «Мені көрдің бе?»—деп, қаққан қазықтай қа қиып тұрған батырды көрген соң аяғын кейін салуға шамасы кел мей, жүгіріп келіп: «Бейәдеп қазақ!»—деп, шап беріп ұстап, отыра қалды дейді. Жан [ды] жерін біреу бөріктей бүріп, шеңгелдеп жатқан соң:
—Бүрген олай емес, бұлай!—деп, бауырының астына басып алып, жұмарлай бастағанда:
—Есебі рақым, қазақ, есебі рақым, қазақ!—деп, бір жаққа кетіп қалар дегендей, екі қолымен аш белден қысып алып, шамасы келгенше босатпасқа тырыса бастады дейді.
Бұл жұмыс болған соң, көп кешікпей-ақ сол қызды алып, Арқаға қарай жөнеліп берді дейді. Сары сонда кез болып, жолдастасып, үшеуден-үшеу жапан түзде оттас-ораздас болған. Елге алып келген соң: «Енді мал керек»—деп, Төлебай жапа-жалғыз орал тауындағы Естекке аттанбақшы болды дейді. Сонда сарт қызы:
—Сіз кешіксеңіз, мен қандақшын қыламын?—деп, қайтақайта айта берді дейді.
—Мені бір жыл күт. Егер бір жылда келе алмасам, Қосқұлаққа тие бер,—деп, солай дығаса [десе] жібермейтін болған соң:
—Қой, хош-есен бол!—деп, жөнеле берді дейді.
Төлебай сол кеткеннен кете берді дейді. Бір жылда қайтпаған соң сарт қызы Қосқұлаққа тиіп кетті дейді. Сол жорығында үш жыл жүрген екен. Сонда айтқан екен: «о, көк көгершін, көгершін, Көк кептер ұшар жем үшін.
Қара сабам жоғы үшін,
Қатын-бала қамы үшін,
Тең-құрбымнан кем үшін,
Ерлер жортар мал үшін!»—
деген екен. «Елде менімен теңмін деген көп еді, сөйткенімен менен басқа теңнен өткені жоқ еді,—деген екен.
үш жылдан соң жапа-жалғыз өзі үш жүз жылқы айдап, жол шыбай биесін байлап, қара сүйретпені қымызға толтырып, ырғап-жырғап келе жатқанын естіп, ағайын-аймағы жүрек тері лүпілдесіп, қуанысып тұрды дейді. Қосқұлаққа тиген соң бір ұл тауып, талпынып, шоқақтап, еңбектеуге тырмысып қалған баланы:
—Мұны ұялмай не деп көрсетеміз және не бетімізді айтамыз?—деп, қатын-қалаш бетін үзіп алып, бір-біріне күң кілдесе бастады дейді.
Сонда сарт қызы:
—Сізлер өз амандасуыңызды түзеңлер, мен не деп амандасуды кісіден сұрамаймын. Менімен, баламен ісіңіз болмасын!— дейді.
Төлебай келіп аттан түсіп жатқанда, сарт қызы баланы көтеріп алып шықты:
—үш жыл жоқ болып келгендегі сіздің олжаңыз қандағы? үйде отырған менің олжа қандағы? Көріңіз мына менің олжамды!—дегенде:
—Жарайды, жарайды, бұ да осы жолдың олжасы ғой,— деп, атын «Жолан» қойған екен. Сонан соң қатынын өзі қайта алып, Едіге, Еламан туған екен. онан соң ырыс тоқалды алып, онан Елкелді, Малкелді туған екен. Бұл балалар туған соң енді Төлебай түгелденді. «Қандай Төлебай?»—десең, сондай Төлебай болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *