Қуандық шежіресі
Жұман байдың бәйбішесі—Мәулім бәйбіше, онан—Қорым жалғыз. Бәсентиін қызы Мапашты (Мапаны) тоқалдыққа алған. өзінің іргесінде отырған төрт-бес үй қоңсы сиіп отырғанда, сідігінің сарылдағанынан Жұман байдың астындағы аты үріккен. Әдейі барып қараса, қара жерді қарыс айырып жіберген екен. онан [Мапа тоқалдан] туған балалар: Қошқарбай, Тәті, Сәттібай. Тәтінің кенжесі «Жақсы Тәті» атанған.