Құқықтық мемлекет туралы жалпы ілім

Құқықтық  мемлекет  туралы  жалпы  ілім

 

   Адамзат тарихында мемлекет және құқық пайда болғаннан кеін ұлы ойшылдар мен ғұлама тарихи тұлғалар билік жүргізуші топтардың басқаруды іс жүзіне асруда заңсыздық пен бассыздық, шексіз билікпен тиранияға кеңінен жол ашып, адам құқықтарын басып-жаншыған, қырғынға ұшыратқан жантүршігерлік әрекеттерін қатаң сынға алды. Мемлекеттің шексіз билігін шектеудің тетіктерін қарастырды. Атап айтқанда ұлы Сократ,Платон, Аристотель, Хан Фей, Хамурапи, жаңа заманда Н.Макиавелли, Б.Б.Спиноза, И.Кант, Т.Гобсс, Д.Локк, Г.В.Гегель, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев, Б.Сыртанов сияқты ойшылдар адам құқықтарының тиімді қорғалып, қоғамда әділеттіліктің орнауын ұсынған идеяларында басты мақсат етті.

   Платон еңбектеріне назар аударатын болсақ, қоғамда заң үстемділігі орнау қажеттігі аса маңызды мәселе ретінде көтеріледі. «Мен,-деп атап көрсетті Платон – заңның күші жоқ және оның қайсыбіреудің билігінде болса, ол  мемлекеттің күйреуінің жақын екенін болжаймын. Заң билеушілерге үстемдік еткен жерде олар оның құлдары және мемлекеттің құтқарылатынына сеніммен қараймын». Осындай пікірлер Аристотель, Цицерон сияқты ежелгі заман ойшылдарының еңбектерінде де жиі кездеседі.

   Азаматтық қоғаның құрамы негізінде тарихи даму барысында дәстүр мен бүкіләлемдік өркениеттік дамудың құндылықтары негізінде қалыптасады. Демократиялық қоғамда азаматтық қоғамның рөлі арта түседі және мемлекеттік басқару жүйесіне өзінің тікелей ықпалын тигізеді. Бұл жерде үкіметтік емес ұйымдардың мәні өте зор. Олардың мақсаттары мүделерге байланысты құрылған топтар мен ұйымдардың мүделерінің іс жүзінде асырылуына жағдайлар жасау және  мемлекеттің саяси шешім қабылдауына ықпал ету, оргындардың функцияларына жақсартуға, тиімділігін арттыруға кеңес беру, ұсыныстар енгізу болып табылады. Азаматтық қоғамның құрамына енген институттар мынандай талаптарға сай болулары қажет:

  1. Олардың құқықтық негізінде құрылуы.
  2. Алдына қойған мақсаттары консититуциялық құрылымды күшпен өзг

ертуге шақырмаулары тиіс.

  1. Мақсат, мүдделерін іс жүзінде асруда экстремистік әрекеттерге жол

Бермеулері тиіс.

   Кеңес мемлекет кезеңінде азаматтық қоғам институттары дамыған жоқ. Оған негізінде социалистік мемлекеттік және оның тоталитарлық идеялогиясы тікелей кедергілер жасады, коммунистік идеялогияны ыдырату деген көзқарасты қалыптастырды. Және К.Маркістің ілімі бойынша азаматтық қоғам қоғамдық өндірістік қатнастарға тәуелді болып, мемлекет, құқық, құлықтылық, дін, өнер сияқты қондырманы құрамына енді, оның ажырамас бөлігі ретінде танылды. К.Маркс өзінің «Саяси экономика саны жөнінде» деген еңбегінің «Алғы сөзінде» былай деп атап көрсетті: «Менің зерттеулерім мені мынандай нәтижеге жеткізді»: праволық қатнастары, дәл сол сияқты мемлекеттің формаларын да түсініп болмайды, керісінше, олар материялдық өмірлік қатнастарға негізделеді, бұл қатнастардың жиынтығын Гегель…«азаматтық қоғам» деп атайды, сондықтан азаматтық қоғамның анатомиясын саяси экономикадан іздеу керек ...Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте ықтиярларына қарамайтын, белгілі бір, бұл қатнастар олардың материялдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатнастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдылық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материялдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын билемейді, қайта, керісінше олардың қоғамдық болмысы олардың санасын билейді». Осындай тұжырым негізінде азаматтық қоғам қондырманың бір бөлшегі ретінде қаралып, мемлекетпен жұтылды. Ал, нарықтық қатнсатар дамыған қоғамда жеке, топ мүдделері бәсекелестік негізде дамып, пргрессивтік қағидалар мен талаптарды өмірдің, мемлекеттің қажеттілігіне жаратады, демократияны жетілдіру процесіне пайдаланылады. Азаматтық қоғам институтарының мүмкіндіктерін, озық-ойлы идеяларын, қоғамды жетілдіруде пайдалану-прогрессивтік дамудың ең негізгі талаптарының бірі.Мемлекет азаматтық қоғамның сынын, көрегендік пікірлерін толық ескерген жағдайда қоғамда үйлесімділік, келісімділік орнайды, қақтығыстардың шеңбері тарылады, индивидтердің бастарының бірігуіне жағдайлар жасалынады. Ал, азаматтық қоғамдағы идеялық келіспеушіліктер пікірталас арқылы келісімге келу, жетуге жағдайлар туғызады. Бұл жерде мемлекеттің төрелік қызыметі үлкен рөл атқаруы мүмкін. Бүгінгі таңда Қазақстанда 2,5 мыңнан астам мемлекеттік емес ұйымдар, 1 600-ден астам мешіттер бар. Сонымен қатар басқа діннің 547 ұйымдар да құрылған. Олардың бәрі азаматтық қоғамның құрамына енед

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *