Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары (принциптері)

Құқықтық  мемлекеттің  негізгі  қағидалары  (принциптері)

 

     Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары адамзат тарихын мың жылдық дамуы барысында саяси-құқықтық ой-пікірде біртіндеп, эволюциялық жолмен қалыптасты. Олардың пайда болуларының ең негізгі себебі – жалпы адамның табиғатына жат бассызжық пен заңсыздыққа тосқауыл қою және деспотизммен бір адамның мемлекеттегі шексіз билігін тежеу қажеттігі болды. Бұл жалпы адам табиғатының сұранысы, бостандық, теңдік, бақытты өмір сүруге ұмтылудың негізгі талаптарының бірі. Құқықтық мемлекет ғасырлар бойы қалыптасқан гуманистік ой-сананы, прогрессивтік құқықтық идеялардың қортындылаудың нәтижесінде арнайы қағидаларды қалыптастырады. Сол қағидалар үстемдік еткен мемлекетте ғана құқықтық мемлекет орнайды. Қазіргі заң әдебиетінде құқықтық мемлекеттің қағидаларының бөлінуін, олардың қанша екенін әр зерттеуші өздерінің тараптарынан баға беруде. Осы күнге дейін қалыптасқан қағидаларға баға беріп, таладу жасап қарасақ, мынандай түрлерге бөліп қарауға болады:

    1. Заң тыйым салмағанның бәріне рұқсат. Ежелгі Рим заңгерлері  қалыптастырған және кейін барлық елдердің құқықтық жүйелеріне енген «Libertas est potestas faciendi quod iure licet» «Бостандық еткен құқық рұқсат еткен әрекеттердің істеу» талабы жаңа заманда қайта жарияланып, мемлекеттің негізгі қағидаларына ұласты. Құқықтық мемлекетте мемлекеттің парламенті, президенттің және басқа да конституция бекітіп, құзыр берген барлық органдар шығарған нормативтік-құқықтық кесімдер адамдар мен азаматтардың қайсы бір әрекеттерді жасауға тыйым салмаса, оларды жасауға рұқсат етіледі, яғни ешқандай қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік жауапқа тартылмайды. Құқықтық мемлекетте субъектілердің әрекеттері тиімді реттеледі де, көп салада рұқсат ету идеясы кең қолданылады. Тыйым салатын нормалар негізінде қоғамға қауіпті әрекеттер мен халықтың құлықтылық құндылықтарына зиян, нұсқан келтіретін мінез-құлықтарды тежеуге, болдырмауға батталған. Мысалы, дін бостандығын жамылып, дінді басқа мақсатта пайдалану. Адамдардың, топтардың мүделері құқықтық мемлекетте іс жүзіне асырылуы барысында тыйым салынбаған әрекеттер санатына болулары шарт. Тыйым салынатын әрекеттерді болдырмау мемлекеттің бақылауында және жауаптылығында. Ал мемлекеттік органдар мен заңды тұлғаларға құқықтық мемлекетте «Тек заңда тікелей көрсетілген ғана рұқсат»деген қағида іс жүзіне асады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *