Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.
Құқықтық мемлекеттілік азаматтық қоғаммен табиғи байланысқан, ол онсыз қалыптасып, қызымет етіп өркендей алмайды. Азаматтық қоғам — құқықтық мемлекеттің маңызды компонентері пайда болып, бекіп, өзінің тіршілікке қабілеттілігі мен өміршендігін көрсететін, жетілдірілетін және олар үшін өзіндік бір «тіршілік ету ортасы» болып табылатын, оларға қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасайтын айқын әлеуметтік – экономикалық қондырма. Құқықтық мемлекет құрудағы табыстар, бұл процестің өрісі мен қарқыны оның оң және теріс нәтижелерінің ара қатнасы азаматтққа дейінгі қоғамның азаматтық қоғамға айналу дәрежесіне тура пропорционал тәуелді болып табылады. Құқықтық мемлекеттің құрылуы мен дамуы өз кезегінде азаматтық қоғамның нығаюы мен жетілуін жеңілдетеді, және құқықтық емес мемлекеттің құқықтық мемлекетке ауысу процесі біріншісінен екіншісіне айналуы неғұрлым кең өріс алса, азаматтық қоғамға тірек болатын және оған қызымет көрсететін тіректер мен құрылғылар солғұрлым сенімдірек, мықтырақ болады.
Басқаша айтқанда, қоғамдық өмірдің аталған екі құбылысының (құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам) арасында өзара келісушілік пен өзара іс- қимыл нысанасында екі жақты тәуелділік бар: іс жүзінде олардың біреуі екіншісінсіз тіршілік ете алмайды; бұдан былай олар бір біріне серік болады, олардың қызымет етуінің нәтижесі бір бірімен тығыз байланысты және олардың әрқайсысына тікелей әсер етеді.
Азаматтық қоғам әдетте, жеке меншіктің және нарықтық қатнастардың, орта таптығы меншік иелерінің ролінің арта түсуімен, бәсекелестік, шұғылдық, парасатты есептей білу негізіндегі шаруашылық және коммерциялық табыстарға қол жеткізілуімен сипатталады. Әлеуметтік толысудың белгілі бір деңгейіне жеткен соң азаматтық қоғам мемлекеттің диктатын өзіне дарытпайтын жағдайда болады, онымен тең және белгілі бір тепе – теңдік орнатып, үйлесімді қатнастар мен өзара әрекеттестікті қалпына келтіреді. Азаматтық қоғамның одан әрі жетілдірілуіне қарай онда мемлекетпен, социумдарымен, жеке тұлғалармен байланыстары жаңа деңгейге көтеріледі, олардың біреуінің екіншісінен шектен тыс басымдығы болмайды. Қоғамда пайда болған жанжалдар, қарама – қайшылықтар және шиеленістер жария құралдармен, зорлықсыз, басып – жаншусыз, революциясыз шешіледі.
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам бір – біріне жақын болғанымен әр түрлі мәселелерді тікелей шешеді. Егер мемлекет өзінің конституциялық және заң актілерінде жеке адамның құқықтық мәртебесін баянды ететін болса, онда азаматтық қоғам оны жоғары әлеуметтік мәртебемен қамтамасыз етеді. Мәртебенің бұл екі түрі жеке адамның өмірі тіршілігінің әр түрлі жақтарына акцент береді, бірін бірі толықтыра отырып, оған өзінің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Әлеуметтік мәртебе материялдық, ұйымдастырушылық – техникалық мүмкіндіктерді, сондай – ақ әрбір.