Құқықтық қоғам

Құқықтық  қоғам  үшін  азаматтардың  мемлекет  алдындағы  және  мемлекеттің  азаматтар  алдындағы  өзара  жауап  кершілігі   тән. Мемлекет  әрбір  адамға  тумысынан  берілетін, ешкім  айыра  алмайтын  құқықтар  мен  бостандықтарын  мойындап  қана  қоймайды, сондай – ақ  олардың  ресми  рәсімделуі, жүзеге  асуы, қол  сұғушылықтан  қорғау  үшін  барынша  қолайлы  жағдай  туғызуға  талпынады. Өз  кезегінде, азаматтар  өздерінің  құқықтары  мен  бостандықтарын  мемлекетке, басқа  азаматтарға, басқа  қоғамдық  қатнастар  субъектілеріне  зиян  келтірмейтіндей  етіп  қана  пайдалана  алады; олар  өздеріне  жүктелген  міндеттерді  қатаң  сақтауы  керек.

     Басқаша  айтқанда  мемлекет  пен  азаматтардың  байланысы  күрделі  әрі  көп  қырлы, ол  олардың  бірінің  біріне  деген  қарым – қатнасы  тұрғысынан  белгілі  бір  құқықтар  мен  міндеттегені  сияқты, бір – бірінің  алдындағы  белгілі  бір  міндеттерін  орындауы  түрінде  де  көрінеді.

     Жоғарыда  көрсетілген  белгілердің  жиынтық  әрекеті  қоғамда  және  мемлекетте  құқықтың  билік  құратындығы, оның  үстемдігі,приоритеті, басымдық  жағдайы  қабылданған  дегенге  алып  келеді. Бұл  жақсы  да, өйткені  құқық – адамзат  өркениетінің  көрнекті  жетістігі, реттеудің  жинақталған  әлуметтік  тәжірибесінің  квинтэссенциясы, басқару  және  ықпал  ету, әділеттіліктің  жалпы  адамзатқа  тән  құндылықтар  мен  мұраттарды, демократия  мен  тәртіпті  жүзеге  асырудың  нысаны, мәдениеттің  қажетті  компоненті. Құқықтың  қоғам  өміріндегі  ролін  және  оның  не  үшін  арналғанын  терең  түсініп, соған  лайық  іс – қимыл  жасайтын  мемлекетті  құқықтық  мемлекеттің  қатарына  жатқызуға  болады.

     Құқықтық  мемлекеттің  жоғары  да  аталған  белгілерін  бір – бірінен  бөліп  қарамай, біртұтас  түрінде  алып  қараған  дұрыс. Егер  этатистік  мемлекеттің  құқықтық  мемлекетке  айналу  динамикасын  қарайтын  болсақ, онда  мемлекеттілік  құрылымдағы, іс – қимыл  нысандары  мен  әдістеріндегі, ағымдағы  және  перспективадағы  міндеттердің  бірте – бірте  өзгеруінің  сандық  тұрғыда  жинақтала  келіп, сосын  оның  сипаты  мен  табиғатындағы  сапалық  өзгерістерге  алып  келетіндігі  анықтау  маңызды  болмақ.

     Осылайша, құқықтық  мемлекет  деп  құқықтық  құндылықтарға  приоритет  беретін, жұртшылық  арасында, сондай – ақ  мемлекеттік  аппарат  қызыметкерлері  арасында  олардың  биік  беделі  үшін  қамқорлық  жасайтын, өзінің  бүкіл  іс – қимыл  құқық  пне  байланысты, заң  талабы  шегінде  әрекет  ететін, азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  бұзуға  жол  бермейтін  мемлектті  санауға  болады. [4].

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *