- Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері.
Құқықтық мемлекеттің этатистік мемлекеттен принципті айырмашылығына көптеген көрсеткіштер бойынша келтіруге болады.
1. Құқықтық мемлекетте биліктің бүкіл механизмі және әрбір орган, әрбір лауазымды тұлға өз қызыметіне жеке алғанда құқықтық принциптер және нұсқаулар мен байланысты өздерінің барлық шараларын солармен сәйкестендіреді. Құқықтық нормалар жұртшылыққа ғана емес, сондай -ақ мемлекеттік органдармен лауазымды тұлғалар үшін де міндетті. Олардың құқық шегінен шығып кетуі мүлде болмайды немесе мүмкін емес нәрсе. Егер етатистік мемлекетте ресми органдар мен лауазымды тұлғалар құқықты екінші кезектегі және өзі үшін міндетті емес деп санайтын болса, мұндай көз қарасқа құқықтық мемлекет жағдайында жол берілмейді және ол біртіндеп жойылып та кетеді.
2. Құқықтық мемлекет құқық пен занның арасындағы этатистік мемлекетке тән мұндай үлкен қарама – қарсылықты білмейді. Онда мемлекеттік органдардың барлық нормативтік актілері өзінің мазмұны және бағыттылығы, қабылдау және рәсімдеу процедурасы, іске қосу ерекшеліктері, қолдану сипаты, тәртіп бұзушылықтың жүзеге асырылуы мен қорғау жөнінен құқықтың жоғары критерийлеріне сай келеді. Заң құқықтық принциптердің жүйелігіне негізделеді, одан қалмайды. Мемлекеттік органдардың құқыққа қарсы нормативті актілер қабылдап, оның жұмыс істеуі іс жүзінде мүмкін емес нәрсе.
3. Құқықтық мемлекет нормативтік нұсқауларды қабылдап оны жариялау мен ғана шектелмейді. Ол осы қабылданған нормативтік нұсқаулардың міндетті түрде жүзеге асуына, барлық жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік және қоғамдық органдардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың әрекетіне айқын бағыт беруді қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі. Мемлекеттің құқықты жүзеге асыру бағытындағы қызыметті приориттіктің қатарына жатады, «қағаз» жүзіндегі, қолданылмайтын заңдардың жоққа саюы осыған байланысты, ал этатистік мемлекетте оның «қоқыстарын» ешкімнің тіпті тазалағысы да келмейді. Қоғамдық қатнастың әрбір субьектісі мемлекеттік оргындардың қолданылып жүрген нормативті актілерін орындау міндетті түрде екендігіне көзі жеткендіктен ( басқаша болуы мүмкін емес), құқық тәртібінің тұрақты болуының айрықша жағдайын жасауға мүмкіндік туғызады және қоғамда заңдық нигилизмнің және адамдардың құқыққа деген менсенбеушілік қатнасынасының тарауына кедергі жасайды.
4. Құқықтық мемлекеттің айрықша атқаратын шаруасы мемлекеттің нормативті актілерінің әрекет етуінің субординациясына сақтау болып табылады. Онда құқық бастауларының иерархиялық қатал жүйесі қалыптасады, әрекет етеді және дамиды. Бұл жүйедегі әрбір актінің орны оның заңды күшіне байланысты. Бұл жүйенің шыңын, немесе, бейнелеп айтқанда, құқық бастауларының «пирамидасын» жоғары заң күші бар конситутция құрайды. Басқа ешқандай құқық бастаулар тура немесе жанама мағанасында конситутцияның принциптерімен нормаларына қарама – қайшы келе алмайды. Керісінше, мемлекеттік органдардың барлық нормативті актілері және құқықтың басқа да бастаулары конситутцияны негізге алып, оның мазмұнын тәптіштеп, нақтылап және дамытуы тиіс. Конситутциялық және кәдімгі заңдар соған сәйкес түзіледі, ал заң пирамидасының келесі «қабаттарын» мемлекет басшысының актілері, үкіметтің қаулылары мен жарлықтары,министірліктер мен ведомстволардың бұйрықтары мен нұсқаулықтары, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың актілері, құқықтық әдет – ғұрып, сот және әкімшілік прецеденттері құрайды.
5. Құқықтық мемлекетте жеке адамның және қоғамдық қатнастардың басқа субъектілерінің мәртебесі былайша ерекшеленеді, біріншіден, олардың қалыпты тіршілік әрекетін және олардың алдында тұрған міндеттерді табысты шешуді қамтамасыз етуге жеткілікті құқықтар мен бостандықтардың кең кешенін қарастырады: екіншіден, құқықпен ажырамас бірлікте болу онымен шамалас болуды жіне міндеттер жүйесінің теңбе – тең болуын міндеттейді:үшіншіден, оны міндетті түрде жүзеге асыру айқын заң кепілдіктерімен бекітілді. Қоғамдық қатынас субъектілерге теңдігін олардың бір түрі шегінде, таптық, ұлттық, рулық-топтық және басқа жеңілдіктерді және біреуінің басқалардың мұндай жеңілдіктермен артықшылықтан айырылып қалған жағдайдағы артықшылықтарын бекітуге тырысуы көрініп тұр.
6. Барлық мемлекеттік және қоғамдық институтар мен құрылымдарды заңды деп тану — құқықтық мемлекеттің ерекшелік белгілерінің бірі. Мұнда жеткілікті заң базасына арқа сүйемейтін институттар мен құрылымда аз кездеседі. Егер алда – жалда мұндайлар болатын болса , онда ұзақ уақыт тіршілік етуге және жұмысын табысты жүргізуге перспективасы бомайды және жеңуге болмайтын қйындықтарға кездескен соң өзі де сахнада тез-ах кетеді. Институттармен құрылымдардың басым көпшілігі белгіленген ережелермен проседуралармен сақтаға заңның негізіндн, құралады және олардың мақсаты, міндеті, қызымет етуінің нысаны мен әдіс ресми түрде тәптіштеп регламенттеледі. Атап айтқанда, бұл заңды деп тануды тіркеу, рұқсат ету немесе лицензиялық тәсілінің үйлесуіме, сондай ах тиісті мемлекеттік оргындардың бақылау- ривизиялық өкілетілігін пайдаланумен қамтамасыз етіледі
7 Құқықтық мемлекетте билікті болу принсіпі жариаланады және жүзеге асырылады. Осға сәйкес біп тұтас мемлекетік билік шеңберінде бір біріне тежемелік әрі тепе теңдік жүйесін пайдаланып өзара іс- қймыл жасайтын дербес арі тәуелсіз үш тармақа — заң шығарушы, атқаруш және сот тармақтарына бөліну қамтамасыз етіледі. Бір билік тармағының басқа бір билік тармағының « таптауына, оларды бағынышты жағдайға қоюға жол беруге болмайды қаралып отырған принсіптің мәнісіі бір оргында немесе бір лауазымды тұлғада биліктің шектен тыс жоғырлануына қарсы әрекет етеді жән, оның мемлекеттік апарттың ішінде біріңғай бөлінуін қамтамасыз ете отырып, диктаторлық режимнің орнауына кедергі жасайды.
8. Құқықтық мемлекетте елдің ішкі заңымен халы аралы құқықтың көпшілік таныған принсиптері мен нормаларының арасындағы тиімді ара қатынасты орнату жөніндегі шаралары жүзеге асырылуда. Халық аралық құқық өзінің қазіргі заманғы құқықтық өркенйетің жетістіктерін нақты көрсетуде. Ол жетістіктерге құқықтық мемлекет қалай болғандада қосылады өйткені олар ідетте халықаралық келісімдер приоритетерін олардың заңдарын алдына орнықтырады және бұл келісімдер тікелей өздерінде қолданылады деп айрықша бөліп айтады. Осылайша бұл елдердің заң жүйесінде сырттқы әлемнен болуы мүмкін оқшаулануы мен тасалануынан құтылуға болады: Олар әлемдік қауымдастықтың құқықтық жүйесіне жақывндасқандай болады, оларды қабылдай отырып және өзінің нормативті актілерінің жағдайын солардың деңгейіне жеткізе отырып, оның көптеген маңызды принциптері мен нормаларын қолдана бастайды.
9. Құқық тәртібі бұзылғандығы белгілі болған жағдайда (әсіресе азаматтардың құқығы мен бостандығы бұзылса) бірден құқықтық реттеу және құқықтық қорғау механизімі іске қосылады, мұнда бірінші кезектегі роль сотқа беріледі. Бұл механизм кешенді түрде жаңа басталған құқық бұзушылықтың алдын алуды, бұзылған құқықты қалпына келтіруді, келтірілген зиянды өтеуді, кінәліліерді жазалауды, жаңа құқық бұзушылықтың алдын алуды, азаматтарға және қоғамдық қатнастардың басқа субъектілеріне мемлекеттің барлық нормативті нұсқаулар ешқандай ерекше жағдайларды ескерместен, міндетті түрде орындалуын шешеді. Құқықтық мемлекеттің юрисдикциялық, құқық қорғау және превентивті ескерту қызыметі құқықтық талаптарды қатан сақтауға негізделетіндігі, соның негізінде қоғам өмірінің құқықтық «көңіл – күйі» айтарлықтай жоғары болатындығы маңызды.
10. Құқықтық қоғам үшін азаматтардың мемлекет алдындағы және мемлекеттің азаматтар алдындағы өзара жауап кершілігі тән. Мемлекет әрбір адамға тумысынан берілетін, ешкім айыра алмайтын құқықтар мен бостандықтарын мойындап қана қоймайды, сондай – ақ олардың ресми рәсімделуі, жүзеге асуы, қол сұғушылықтан қорғау үшін барынша қолайлы жағдай туғызуға талпынады. Өз кезегінде, азаматтар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын мемлекетке, басқа азаматтарға, басқа қоғамдық қатнастар субъектілеріне зиян келтірмейтіндей етіп қана пайдалана алады; олар өздеріне жүктелген міндеттерді қатаң сақтауы керек.