Мемлекеттің жоғарыда аталған екі тобының арасындағы аралық типтегі түрлі мемлекеттер болады

     Мемлекеттің  жоғарыда  аталған  екі тобының  арасындағы  аралық типтегі  түрлі мемлекеттер  болады ,  олардың  бірінші  және  екінші  типтің  белгілері  үйлесіп  жатады.  Олардың  кейбіреуі  этатистік  мемлекеттерге  анағұрлым  жақын,  алайда  сөйте тұра  жеке  құқықтық  принциптер мен  бастауға  тырысады.  Басқалары  этатизмнің  белгілерін  жоғалтпай –ақ  құқықтық  мемлекетке  жақындауда.

     Құқықтық мемлекеттердің  пайда болуы  мемлекеттік – құқықтық процестердің  ұзақ  эволюциясының  заңды  салдары,  реакциялық  институттардың  орнына  озат,  прогрессивті  және  тйімді  институттардың  өзіндік  ерекше  «селекциясы» мен  мұқият  іріктелгендігінің  нәтижесі болып табылады. Бұған мемлекеттік басқарудың  құқықтық нысанының  әміршілдігі -әкімшілік және полецейлік-бұйрықтық  нысандарынан  басымдығын  және пайдалығын  теориялық  ұғыну негізі болады . Құқықтық мемлекеттің  теориялық  бастаулары  түбірімен өткен шаққа  айналады деуге болады. Көне заманның озық  ойшылдары (Платон, Аристотель және басқалар) 090ы0ты4 позитивті ролін ескермейінше,  мемлекеттің құрылымы  мықты,  тұрақты  және сенімді  болуы мүмкін емес деген  пілірлер айтып кеткен. Құқықтың ролі  мемлекеттің  басқарушылардың  озбырлығына  тепе-теңдік ретінде  қаралады: заң әлдекімнің билігінде  болмауы  керек  өйткені барлық  оргындардың, лауазымды  тұлғалардың жіне азаматтардың  әректерін  бағыттап  отыруға арналған.[ 2 ].

     Алғашқыларда  бытыранқы және кедей  жекеленген  болжамдар  түрінде  пайда болған,  кейіннен  осы  идеялардың  негізінде  құқықтық  мемлекеттің   тұтас  тұжырымдамасы  қалыптасты.  Оның негізін салушылар  ретінде Дж. Локкты, И. Кантты, В. Гумбольдты, Г. Еллинекті, К. Шмитті және  басқаларды  атауға болады. Жекеленген мәселелер бойынша  бұл ойшылдардың бір біріне  ерекшелігі  болғанымен , басты  мәселеде – құқықтық  нұсқаулардың мемлекет  өзі  сөзсіз  орындап  отыруы  қажет екендігінде  жіне  қоғамдық  өмірге  қатысушылардың  барлығынан  осыны талап  етуінде – олардың  ойы бір  жерден  щығып отырды.

     Құқықтық мемлекеттің теориялық  тұжырымдамасының  ережелерін  бір қаттар  елдердің  өмір  тіршілігінде  практикадан  өткізу  консервативтік  күштердің  қарсылығына  тап болды  және  оны күресте  жеңе отырып  мемлекеттік  жіне  қоғамдық  қызыметтің  барлық  жағының  терең  жаңғыруымен  бірге жүрді – мемлекетік жүйенің  принциптері  жетілдірілді , жеке адамның  міртебесі  айқын   мазмұнмен толықты , құқықтық  құндылықтар  бірінші  дірежелі  маңызға ие болады,  шенеуліктердің  бассыздығы  азайып , олардың  қызыметі  біртіндеп  реттелген жіне  тіртіптелген  арнаға  түсе  бастады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *