Құқықтық мемлекеттің ұғымы
Мемлекеттің өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар , адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу , құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ,Демокрит,Платон,Аристотелъ,Полибии,Цицерон) құқық пен мемлекеттік биліктң арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талпынғандағы мақсаттары сол дәуірегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Мемлекеттік билік құқықты мойындайды және бір мезгілде құқықпен тежелуі, ертедегі ғалымдардың ойынша , ең адал мемлекеттіке жатады.” Заңның күші жоқ жерде— Аристотелъдің айтуы бойынша –мемлекеттік құрылым нысаны жоқ”.Цицеронның айтуы бойынша халықтың жұмысы құқықтық араласу және жалпы құқықтық тәртіп . Ертедегі Грецияаның және Римнің мемлекеттік құқықтық идеялары, институттары, құқықтық мемлекеттер туралы кейінгі прогрессивтік ілімдердің аяғынан тұруына, дамуына белгілі әсерін тигізеді.
Феодализмнен капитализмге өту кезеңіндегі өндіргіш күштердің өсуі, қоғамдағы әлеуметтік және саяси қатынастарды туғызуға мәжбүр етеді және оның қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудағы негізгі ролін көрсетеді.
Федолизмыдырауының алғашқы кезеңдеріндегі құқықтық мемлекеттілік идеяларды тарихи тұрғысынан сол кездегі прогрессивті оқымыстылар Н. Макивелли және Ж. Боден айтқан. Макивели өзінің теориясында, ертедегі және қазіргі көп ғасырлық мемлекеттің өміріндегі тәжірбенің негізінде , саяасттың принципін түсіндірді, саяси өмірдің дамуындағы қозғаушы күштерді білу арқылы, сол уақытқа қажетті идеалды мемлекеттң нұсқасын салуды көздеді.
Мемлекеттің мақсаты, заттарды ерікті пайдалануға мүмкіндік жасап әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуінде деп білді. Мемлекеттің нысаны туралы мәселені көтергенде, республика нысанына мейірі түсті, себебі тек республика нысаны ғана, көп жағдайда теңдік пен бостандықтың талаптарына сай келетін. Бұдан мемлекетті – көптеген отбасыларды және өзіне қарағандарды құқықтық басқару деп анықтады. Мемлекеттің мақсаты, тек құқық пен бостандықты қамтамасыз ету деп білді.
Бурдуазиялық революциялардың кезеңінде құқықтық мемлекет тұжырымдамасының дайындалуына прогрессивті оқымыстылар маңызды үлес қосқан: Г.Гроций, Б.Спиноза, Т.Гоббс, Д.Локк, Ш.Монтескье, Д.Дидро, П.Гольбах, Т.Джефферсон және басқалар. Солардың ішіндегі, құқықтық м емлекет туралы, көбірек маңыздылау, ғылыми – теориялық ойлардың мазмұнын талдап көрсетеміз.
Гроций – табиғи – құқықтық мектептің, бірінші теорилық маманы болды. Оның теориясы бойынша: табиғи құқық және ерікті белгіленген құқық болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтың шығатын көзіне адам табиғаты, адамдық ақыл – ой жатады.
Табиғи құқықтың үйғарымына: басқа адамның нәрсесін алмауға, өзін — өзі ұстау, уәдеге түру міндеттілігі, кінәләрдәң шығынды төлеуі, сонымен қатар “Воздаяние” адамдарды қылмысына қарай жазалау жатады. Ерікті белгіленген құқық, мемлекеттен шығып, түгелімен табиғи құқық принциптеріне сәйкес келулері қажет.
Феодализмнің құқықтық институттарын Гроций адам табиғатына қарсы деп жариялады, сондықтан “ақыл -ой заңдылығына жауап беретін”
жаңа талаптарға сай құқық қажет деп есептеді. Ол мемлекеттің мақсатын құқық пен бекіту арқылы, жеке меншікті қорғау, көпшіліктің келісімі бойынша, әр адамға, өзінің мүлігімен еркін пайдалануды қамтамасыз ету деп білді. Әр түрлі нысандағы мемлекеттің құрылуы, Гроцийдің ойынша, қоғамдық келісім, сондықтан халық мемлекетті құрған да кез келген басқару нысанын алуға мүмкіндігі бар, бірақ оны белгіленгеннен кейін, халық оның басқарушыларына бағынуға міндетті. Мемлекеттік басқару нысанын өзгертуге қоғамдық келісім жасағандардың екі жағының да келісімдері қажет.