АРҚАБАЙ Майкөтұлы

АРҚАБАЙ Майкөтұлы (1872, қазіргі Жамбыл обл. Байзақ ауд. Фрунзе а. — 1934) — ақын, жырау. Әкесі әйгілі айтыс ақыны Майкөт Сандыбайұлы. Қаратау, Жетісу өлкелерін, қырғыз елін аралап, Сауытбек, Қылышбай, Ұлбике ақындармен айтысқан. Қырғыз манабы Шабданның асында Жамбылмен, Кененмен, қырғыз Қалмырза, Жәмила ақындармен кездесіп, жыр бәсекесіне түскен. “Қобыланды”, “Алпамыс”, “Қыз Жібек”, “Көрұғлы”, “Нәрік батыр”, “Өтеген батыр” сияқты эпостық шығармаларды жырлап, қобыз, сырнай, домбыра аспаптарымен айтатын әншілік өнері де болған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *