Құқықтың дамуы — адам қоғамның дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол — әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамда қарым қатнастарда реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып,салт-дәстүр,мораль,діни нормалары) нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді кесіндер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенеді. Мысалы, Индия да Ману заңына сүйенеді, ал мұсылман елдерінде – Құраң заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатнастардың мемлекеттік органнының өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарады.
Адам қоғамның мыңдағын жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс- әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүде – мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекетпен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді? – деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.
Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
- Теологиялық теория — мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.
- Табиғи теория – бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлып тапқан жоқ, олар адманың өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсалюттік ұғымдар деп атайды.
- Тарихи теория – осы теорияны ұсынғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.
- Патриарқалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірбиесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде – мақстарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді.
- Писхологиялық теория – адамдардың писхологиялық біріккен көз қарасы, іс-әрекетті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және т.б [1].