Қуандықтың бір баласы—Алтай Бұрынғылар айтқан сөз дейді:
«Алшын болсаң, Адай бол!
Арғын болсаң, Алтай бол!
үйсін болсаң, Сиқым, Жаныс, Ботбай бол! Найман болсаң, Қаракерей, Садыр, Матай бол! өзгең қалай болсаң, солай бол!»—
деп. «Тышқанның да сәуірі (сауыры) болады»,—деседі. Алтай—Арғын [ның] сәуірі болған екен. Алтайдың бәйбішесі— Қанжығалы Піспекбайдың қызы Байбике. онан туған Алсай [дың] жеңге [лей] алған бір қатыны болған. онан туған—Нұрбай. Алтайдың ақ сауыты Нұрбайда қалған. Қалмаққа олжаға түсіп кеткен жерінен Нұрбай өзі барып, алып келген. Сауыттың аты—шөжекөз. Сондықтан Нұрбай ұраны «Шөжекөз» болған. Нұрбайдан басқасында белгілі ұран жоқ , «Әуіп-ай, Қуандық!» аталған.
Байбике өлген соң Піспекбай Аққоян деген қызын беріп, мұнан туған балалар: Әлике, Байдалы, Сайдалы. Әлике, Байдалы «Төменгі Алтай» атанады. Сайдалы Ақтау, өртау жақта, «өр Алтай» атанып кеткен.
Аққоян өлген соң Піспекбай тағы бір қызын берген. Мұнан туған—Мойын, «Мойын болмай, ойын болмас» атанған. Алтайдың балаларының ішінде өскен-өнгені, толығы—осы Мойын болса керек. Бұл тоқал Мойын туған соң, қалмаққа олжа болып, жау қолына түсіп кеткен. Нұрбайдан басқа қайсысы қалмаққа барады дейсің. Нұрбай барып алып келген. Тоқал қалмақтан екіқабат келіп, ер ұл тапқан. Алтай бабамыз: «Кенже қарам ғой!»—деп айтқандықтан, «Кенжеқара» атанып кеткен. Қалың Алтайдың ішінде сонан да ұрпақ бар, бұл күн гі ше «Кенжеқара» атанады.