АРҚА АЖАРЫ

«АРҚА АЖАРЫ” — Ақмола облысы әкімшілігі мен облыс мәслихатының газеті. 1928 ж. қазанда Ақмола қ-нда шыққан “Жаңа арқа” газетінің ізбасары. Газет 1930 ж. қыркүйегіне дейін аптасына екі рет, Ақмоланың округтік партия, атқару к-ттері мен кәсіпшілер одағының органы ретінде жарық көрді. “Жаңа арқа” 1930 ж. қазанында 76-нөмірінен бастап аудандық газет болды. 1933 ж. “Колхоз екпіндісі” деп аталды. Ақмола Қарағандыдан бөлініп, өз алдына облыс болған кезде (1939 ж.) газет “Сталин туы” деген атпен шығарылды. СОКП 20-съезінен кейін (1956 ж.) “Есіл правдасы” деп өзгертілді. 1962 — 64 ж. “Тың өлкесі”, өлкелер таратылғаннан кейін “Коммунизм нұры” деген атпен шыға бастады. Ол 1991 ж-дың 1 ақпанынан «Арқа ажары» деп аталды.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *