Нұрпия

Нұрпия
(ІІ нұсқа)
Нұрпия Алшын ішіндегі Құдаспай деген кісінің қызы екен. Шешесі ертерек қайтыс болып, Нұрпия ұзатыларда жеңгесі: «Еркежанға шешесінің жоқтығын білдірмеймін»,—деп, бірге ере жүріпті. ұзатылып бара жатқан Нұрпияның жасауы теңделген түйесінің бұйдасын ұстау үшін бір жетім қызды да ала кетіпті.
Ел ішінің бүліншілігі көп, жаугершілік заман болса керек. Нұрпияның жеңгесі мен жетім қыз еліне қайта алмай қалады. Сонда Нұрпия Мейрамсопыға қолқа салып: «Елден бір мен деп еріп келген көзкөргендерім ғой, үшеуміз бір босағада болайық. Жеңгеме ағамның төсі тиіп еді, басқаға қимаймын, өзіңіздің адам қылғаныңызды қалаймын, еріп келген жетім қызды да шеттетпей, бауырыңызға бассаңыз екен. Сіз жалғыз жігітсіз. ұрпағыңыз өсіп-өнсін! Мен өз тарапымнан еш уақытта таршылық жасамаймын»,—деп сөзін өткізеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *