Қарақожа—Жалаңаш баба
Қарақожа жасында жалаңаш жүреді екен. үстіне киім кигізсе, жұлып тастай беретін болыпты. Мұның бала күнінде, заманында бір шадта болыпты (қазақша бір хикаят деп айта ды). ол шадта бір байдың жалғыз баласы қырық жігітпен жорыққа аттаныпты. Аттанып кеткен күні кешке байдың жалғызы:
—Басым ауырды, атқа жүре алмадым, қырық жігітім кетті, өзім үйге қайттым,—деп, келіп жатып алыпты.
Екі келіншегі бар екен. Бірінен-бірі өткен сұлу екен. Екі келіншегінің бірі ұл тауып, бірі қыз тауып, бай төменгі елді шақырып ту бие сойып, жоғарғы елді шақырып жорға бие сойдырып, үлкен, зор той қылыпты.
Жыл он екі ай өткенде баяғы жорыққа кеткен қырық жігіт мырзасы қасында көп олжамен олар да келіпті. Байдың жалғыз баласы—екеу болыпты. «Ауырып үйге қайтқанмен, бұлар өздері түзден біреуді тауып алып, «аумаған мен» қылып, жасап жүрген қулықтары»,—деп, үйде жатқан мырза айтты.
«Былтыр өзімізбен бірге үйден аттанған мырзамыз, басшымыз, бала жастан бірге ойнап, бірге өскен, бай-ау, жалғызың— осы. Ауырған да жоқ, сырқаған да жоқ. үйден бірге аттанды, бірге жүрді, міне, бірге келіп түсті»,—деп қырық жігіт айтты.
Не жұрт, не бай, не қатын—ешкім екеуін айырып, бөлектеп тани алмайды. Сол замандағы тірі жұрт осыған айран-асыр болып дағдарып, күнде жиылыс, күнде кеңес болыпты.
Сонда Қарақожа—жалаңаш бала шаршы топтың ортасына келіп: «Мен мұның күмәнін ашып берейін. Бай, қырық түйе
11-85
сексеуіл алдыр да, бір араға үйіп от қойып өрте! Сонан соң маған бір шойын құман тауып бер. Аузына құятұғын қалайы қорғасын, мүсәтір даярлап бер де, екі баланың—екеуін алдыма алып келіп жүгіндір! Мен төре айтамын, өз балаң қайсысы екенін айырып беремін»,—деген соң, бай баланың айтқанының бәрін даяр қылды.
Жұрт қоршап алып, «не қылар екен?» деп тамашалады. Екі баланы алып келіп, жалаңаш баланың алдына жүгіндірді.
Сонда айтқан төресі:
—Менің қолымдағы құманның аузынан кіріп, шүмегінен шығып, шүмегінен кіріп, аузынан шығып, үш кіріп, үш шығып түбіне барып жата қалуға жарағаның—байдың баласы боласың, екі қатын да соныкі, мал да, жан да, қырық нөкер де соны кі. оны қыла алмағаныңды мына жанып тұрған отқа тастатамын. Менің берген төрем—осы,—дейді.
«Қырық жігітпен бірге барып, бірге келіп тұрмын» деген құманның аузын бір сүзді, шүмегін бір сүзді. ол заман мен бұл заман адам баласы құманға сыйған ба, мұңайып, салбырап қалды да, отырды.
Бір жыл үйде жатып ұл-қыз таптырып жүрген мырза жып етіп, ұшып түрегеліп, құманның аузынан кіріп, шүмегінен шығып, шүмегінен кіріп, аузынан шығып, үш кіріп, үш шығып, түбіне барып жата қалғанда, жалаңаш бала құманның аузы мен шүмегін тарс бекітіп, отқа тастайды да жібереді.
—Ал, бай, міне, құманға сыя алмай қалған—балаң да, анау- —шайтан ғаләйки лағнет!—деген соң, жұрт шулай қоя берді.
—Мынау өзі жалаңаш бала болмады, жалаңаш баба болды ғой,—деп, «Жалаңаш баба» атанған екен дейді.
Қыздың аты иланбике қойылыпты. Құрттай бала күнімде естіген сөзім еді.