Отыз ұлды Ойсыл немесе Сіргелі ұрпақтары

Отыз ұлды Ойсыл немесе Сіргелі ұрпақтары (ІV нұсқа)
ойсыл отыз ұлды болыпты. Хан Жәнібектің уақытында әрі дәулетті бай, әрі өте зорлықшыл болған екен. олардың ішінде Бораш мырзаның домбырашылық өнері басым болыпты. Бораш әрі балуан, батыр болыпты. ол хан Жәнібектің қызына ғашық болып, сөз байласып, кездесіп жүреді. Бір күні қыздың екіқабат екені де білінеді. Бұл ұнамсыз жағдай Жәнібек ханның құлағына шалынып, ол ашуланып, қыздың шешесін алдына шақыртып алады да:
—Сенің басыңды кесемін, қызыңа неге ие болмайсың?— дейді.
оған ханның бәйбішесі:
—Хан ием, сіздің қолыңыздағы қаншама уәзір мен жасауылдар батыр да палуан денелі Бораштың бетін қайтара алмағанда, менің қолымнан не келеді?—деген сұрақпен жауап беріпті.
Бас уәзірді шақырыңдар!—деп айқайлайды хан.
Жәнібектің бас уәзірі Жағалбайлы руынан шыққан кісі екен. Бас уәзірі Қырғиқабақ та ханның қызына іштей ғашық болып жүреді екен. Хан осы уәзіріне:
—Елдің аузына қақпақ бола алмайсың. Бұдан Борашқа қызымды беріп құтылайын ба, қайтеміз?—дегенде, ол:
үш күнге мәулет бер, мен ойланып, жауабын берейін,— дейді.
үш күннің ішінде өз ойынша бас уәзір бір іс жоспарын жа-
сайды да, хан алдына кіріп:
—Тақсыр, хан ием, Борашқа қыз беруге болмайды. Біріншіден, сіз хан тұқымысыз, ол—қара. Екіншіден, зорлықшыл отыз ұлды ойсылмен құдаласып, қандай жетістікке ке нелемін дейсіз. одан гөрі оларды үрім-бұтақтарымен қоса көз дерін құрту керек. ол үшін «қызымды беремін» деп дәмелен діріп, өтірік той жасаңыз. отауларды қатар-қатар, бір-біріне тіркеп, қырық отау тіккізіп, олардың ішінен ор қазды рып, босағаларына екі жендеттен қойыңыз. Күтуші жігіттер құда балаларды отауларға біртіндеп кіргізсін. Сол кезде екі жендет олардың басын кесіп тастай берсін!—дейді.
Жәнібек хан сөзді мақұл көреді де, ойсылдың бір баласы ту ұстаушы Тұрымбетті өлімге қимай, көп уақыт жүретін ұзақ тау сапарға жұмсайды.
Сөйтіп, «Борашқа қызымды беремін» деп, ойсылды бар балаларымен қоса тойға шақырады. оның алдында ғана Бораш Алшын руынан Қыдырбай деген дәулетті кісінің қызына үйлен ген көрінеді. Сол жас қатыны, өзінің үстіне тоқал түсіртетін бұл құдалық жолына ырзалық бермей, өкпелеп жүреді. Бораш ханның қызына қалайда некелесіп қосылуды көздейді де, наразы қатынын төркініне апарып тастайды.
ойсылдың бауыры үйсілдің жеті ұлы бар екен. олар:
—Хан сендермен құда болуға қалай келісім беріп отыр? Сонда, амалсыздан қызының сырын ашық жария еткені ме? Бұл ақылға қонбайды. Тойға бармаңдар, хан қиянат жасайды,— дейді.
—Сендердің бос үгіттеріңе сеніп, басымызға кеп тұрған бақытты тебеміз бе?—деп, ойсыл балаларының біреуі де оларды тыңдамай, тегіс тойға барады. Болашақ құда балаларды сақа дай сай қаруланған жігіттер күтіп алып, қолтықтап, тігілген ақ отауларға біртіндеп кіргізеді. Екінші бір күшті жігіттер аттарды байлап, үзеңгілерді сылдыр еткен дауысын шығармай, кесіп тастай береді. Соңында жеті-сегізі суық тірлікті байқап, қашып аттарына мініп үлгереді. Сол уақытта алдын ала дайындап қойған найзаларды найзагерлер алады да соңынан қуады. үзеңгісі жоқ тұлпарларға мініп, ойсыл балалары ойдағыдай шайқаса алмай, көпшілігі опат болады. олардың ауылына хан жасағы келіп, жас балалар мен екіқабат қатындарына дейін жаусатып салады. Сол кездегі отыз ұлды ойсыл ұрпақтарының қырылған жері «өлікті» деп аталады.
Әйел затынан хан мен оның жасауылдарының киімін тігетін, он саусағынан өнері тамған «алтын қайшылы» шебер әйел Әзбике деген қатын ғана аман қалады. ойсылдан ұрпақ қалдырмауға бекінген ханның оған мән бермеуінің себебі— Әзбикенің бедеу атанып, бала көтермегенінен екен.
Хан қызының толғағы келіп, ұл туады. Жібек жөргекке орап, далада малдың жатқан жерінен көң ашып, баланы соған жасырып, Әзбикеге хабар етеді. Әзбике анамыз баланы бауырына басып, емізіп еміренгенде, бедеу атанған анамыздың емшегінен өз-өзінен сүт шығады. оң жақта отырған қызының екіқабат боп қалған жағымсыз ісінен кейін Жәнібек хан намыстанып көшіп, Ертіс басы Қарадеңгейге барып, сол жақта хандық құрады.
Тұрымбет батыр алыс сапардан оралып келсе, бауырларына хан Жәнібек қырғын келтіріпті. Тек Жәнібек батырдың қызынан туған Бораштың баласы ғана Әзбикенің қолында қалыпты. ол баланы ел-жұрттан жасырып, көңге көміп, ылғи іңірде емізіп баға береді екен. Содан «көң, көң, көң, іңір, іңір, көңір» деп жүріп, бала «Көңірдек» атанып кетеді. Бұрын бедеу атанып, енді ғана қос анарынан сүт шыққан «алтын қайшылы» Әзбике Тұрымбетке қосылып, Нан және Нау деген екі ұл перзент көреді. Кейбір шежірелерде Науды «Манат» деп атаған жері де бар.
Әрі-бері өткен жолаушы Тұрымбеттің үйінде ойнап жүрген үш баланы көріп: «Мынау бейшаралардан да үш таңба қалыпты ғой»,—деп айтады екен. Сонда Көңірдек, Нан, Нау—үшеуі «үштаңбалы» аталады. Тұрымбет Жәнібек ханның туын ұстаушы болғандықтан, ел-жұрт Тұрымбеттен туған Наудың үрім-бұтағын «Тутаңбалы» деп атап кетіпті. Шешесі Әзбике «алтын қайшылы» шебер атанғандықтан оның Нан деген баласының ұрпағынан Қайшылы руы тарапты. Кей деректерде қайшылы Әзбикені «Қайшылыбике» деп атайды.
Бораш батырдың төркініне кеткен қатынынан ұл бала туып, оның атын Құбасай қояды. ол кей әңгімелерде Құтабай деп те аталады. Құбасай дегені алпамсадай палуан боп өседі. он екі жасқа толып, балиғатқа жетіп, додаға түскенде, одан серкені алатын жан шықпайды. Ақыры Алшын—Жағалбайлылар намыстанады да, Қыдырбайға:
—Сен елмен бол, иә болмаса жиеніңмен бол!»—депті. Содан Құбасайдың алдына құлынды қырық биені салып, еліне қайтарады. Сонда бала:
—Мұнша көп малды алдыма салмаңыз. Жол торыған ұры мен қарақшы кездессе, малымды аламын десе, қайтемін?—деп сұрайды.
—Байұлымын десең ешкім тиіспейді,—депті атасы.
Сонда Құбасайдың лақап аты «Байұлы» боп тарап кетеді. ол уақытта биенің қымызын жолда азық етеді екен. Сондықтан да нағашы жұрты құлындар биені еміп қоймасын деп, құлын дарының мұрынына сірге өткізіп, мұрындық салып береді. Құбасай еліне келіп, Тұрымбеттің үш баласына аман-есен қосы лады. Бұрынғы үштаңбалы енді «Төрттаңбалы» боп атанады.
Көңірдектен уылдырық, Буылдырық деген екі бала болады. Дәулет бітіп, ақ отау тігіп отырған уылдырық ұрпағы «Ақкөңірдек» атанса, кедейлеу болған Буылдырық ұрпағы «Қаракөңірдек» атанып кетеді.
Құбасайға нағашылары тарту еткен құлындарының біреуі жүйрік болып шығады. оның «жүйрік сіргелі тай» деген атағы тарап, «сіргелі, сіргелі» деп жүріп, ойсылдың өсіп келе жатқан жалпы әулеті «Сіргелі» аталып қалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *