Алакүшік туралы бірер дерек

Алакүшік туралы бірер дерек
Бір аңызда Борас бабамыз он төрт перзент көрген, бірақ олар жастайынан шетіней берген. осындай ауыр қайғыға душар болып, бір Аллаға жалбарына әулие-әмбиелердің басына түнейді.
Бұл жолы да түсінде Баба Түкті Шашты Әзіз келіп аян береді: «Тоғатайдың 9 ұлындай ұл берейін бе, әлде түйенің 4 емшегіндей төрт ұл берейін бе?»—дейді.
Содан ұйқыдан шошып оянған Борас баба Ташкентке өз еліне қуана қайтып оралады. Ел-жұртын жиып, құдайы жасап, қуанышын бөліседі. осылайша әулие бабаның аяны ақиқатқа айналып, арада бір жыл өткенде бәйбішесі жүкті болады.
осы кезде Борас ата бір топ серіктерімен бірге аң аулауға кетеді. Көп ұзамай бәйбішесінің толғағы қысады. Қиналған ананың айналасына абысын-ажындары жиналады. өйткені осыған дейін он перзентті дүниеге әкелген ананың бірде-бір перзенті аман қалмай, шетіней беретін.
осыны білетін абысындары ешкімге білдірмей, тек қана өздері құпия түрде ақылдаса келе «ырым» жасайды. Сондағы ойлап тапқан амалдары мынау: жаңа босанып, ес-түстен айырылып талықсып жатқан ананың омырауына жуырда ғана күшіктеген ала қаншықтың күшігін білдірмей әкеліп салады. Жас босанған ананың уызын емген күшік аман қалғанын бақылап тұрған абысындары енді оның орнына ертесіне жаңа туған нәрестені әкеліп емізеді.
Сөйтіп, екі-үш күн бойы баланы да, күшікті де бақылаған абысындар екеуінің де аман-сау қалғандарына анық көз жеткізеді. Тек осыдан кейін ғана аң аулап жүрген Борас атаға кісі аттандырып, сүйінші сұратады.
Бұған дейін перзенттерінің шетіней бергенінен әбден запы болған Борас ата бұл қуанышты хабарға сенерін де, сенбесін де білмей: «Бала аман ба?» деп қайталап сұрай береді.
Сүйінші сұрай келген адам:
—Аман! Міне, бір апта болды, Құдайға шүкір, аман-есен өсіп келеді,—деп жауап береді.
ол енді:
—Баланың атын кім қоямыз?—деп сұрайды.
Сонда Борас ата:
—Жаман болса да, аман болсын, о неме! оның аты не болса, о болсын, әйтеуір аман болсын!»—десе керек қуаныш, шаттықта аузына оңды есім түспей.
Хабаршы осыдан кейін елге құйғыта шауып келген бойы Борас атаның «ұлдың аты не болса, о болсын, әйтеуір аман болсын!» деген сөзін жеткізеді. Міне, содан кейін баланың аты «Небосын» деп аталыпты.
осы аңыз соңында Небосынның есіміне қатысты құпия
ашылады. яғни, Небосын өзінің жалғыз ұлы әрі мұрагері Бақалайдың үшінші ұлына Алакүшік деген ат қояды. Сөйтіп, бұл есім ел аузында айтыла-айтыла келе, «Алакүшік» деген атқа айналып кетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *