«Төрт шам—сегіз сары» атануы

«Төрт шам—сегіз сары» атануы
Ерте кезде Дулат елінің Сары биі (қайсыбір әңгімеде Қара би деп те аталады) Албан елін аралап жүріп Досалы бидің ауылына келеді. Сол кезде Бірімбеттің бәйбішесі (үмбеттің бәйбішесі) Шажаға тон тігіп жатса керек. Сүйерқұлдың өз кіндігі нен тараған төрт ұлы (Шоған, Досалы, Қожбанбет, Жарты) және Шоғанның еншілестері Алжан (Мәмбет), үмбет бұларға қоса Бірімбет пен Шажа түгел бас қосып, алыстан келген мей манға ықылас білдіреді.
Сонда Сары би әбден риза болып еліне барғанда «Төрт шам (Шоған, Досалы, Қожбанбет, Жарты), сегіз сарының (осы төрт ата мен олардың Алжан, үмбет, Бірімбет, Шажа деген ұрпақтарын айтып отыр) ықыласына тойып келдім. Қызыр қонған ел екен»,—деп қайтыпты. Содан кейін бұл ауыл «Төрт шам, сегіз сары» ауылы атанып кетсе керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *