Шөңке

 Шөңке
Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, Шөңке қартайған шағында Албанның Құрман атасынан тараған Киікбайдың баласы Шалабайдың ауылына жас баласы Жұмабайды ертіп барады. олар келгенде ауыл иттері мен Шалабайдың да қасқыр алатын төбеттері жан-жаққа қашады. Баласы мен екеуінің де киімдері көнетоздау болғандықтан Шалабайдың үйінде отырған басқа байлар «бұларың кім?» деп менсінбей, орындарынан қозғалмағанда, Шалабай қарғып тұрып қалбалақтап екеуін өзі қарсы алып, жақсылап күтіп, бұйымтайын сұрап, сый-сияпатын жасап шығарып салады.
Сонда әлгі байлар:
—Шалабай, сен неге соншама бір жаман шалдың алдында қалбалақтап кеттің?—дейді.
—Шал қасиетті жерден шыққан екен. Бірақ қасиеті өзіне емес баласына дарыпты. олардың қасында үлкен қызыл жолбарыс бірге еріп жүрді. иттер содан қашты және ол маған көрінді,—дейді Шалабай.
Шалабай да қасиетті адам болса керек. Көп ұзамай-ақ ру дың игі жақсыларының басын қосып Шөңкені баласы Жұмабай мен шақырып, Шөңкені төрге отырғызып, асықты жілік ұста тып, Жұмабайды өз баласы Көлбаймен дос, бауыр жасайды. Содан бастап ел екеуін бөлмей ағайынды Көлбай, Жұмабай деп, бірі—Шапырашты, бірі—Құрман, екі ата ел болып Көлбай—Жұмабай ұрпақтары күні бүгінге дейін «бауырмыз» деп қыз алыспайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *