(«Сары үйсін» аңызы)

(«Сары үйсін» аңызы)
(ІV нұсқа)
Бәйдібек өзінің жылқышы ағаларымен бай жылқысын бағып, Мойынқұмды жайлап жүре береді. Көңілінде тана көз сары қызға деген махаббат құштарлығы тұтанады. Енді ауа жайылған жылқыны іздеген болып, кейде қашқан қасқыр, түлкіні індеткен болып Арыстан би аулына барғыштай береді. Түстеніп, қона жатып, би айтқан қызықты аңыз, шежіре әңгімелерді тыңдайды, оңашасын тауып сары қызбен сырласады. Қыздың аты гүлжамал еді. оны әке-шешесі, аға-жеңгелері еркелетіп «Сары қыз» дейді екен.
Бәйдібектің сары қызбен көңілдес, бір-бірін ұнатып, сырласып жүргенің шешесі де, әкесі де сезеді, бірақ жек көрмейді. Қайта жиірек кездесіп, бір-біріне үйір бола бергенін қалайды.
Әсіресе жеңгелері көп дәнекерші болады.
Бір күні Арыстан би:
—Балам, саған ықыласым түсті. Еліңде құда түсіп, сөз сөйлерің бар ма?
—ондай жанашыр әке-шеше менде жоқ, өзіммен-ақ сөйле се беріңіз.
—Ендеше Сары қыз екеуіңе отау тігіп берейін, осында қалсаң қайтеді?
—Ақсақал, отау дегеніңіз жөн, бірақ мұнда қала алмаймын ғой. Жетім болғаныммен, менде де ел бар, жұрт бар. Ауылға барайын, ағайын-туыспен ақылдасайын. Көп кешікпей қайтып айналып соғайын.
—Жарайды, мұның да жөн екен.
Арыстан би мен Бәйдібек баланың алғашқы келісімі осы болды.
Наурыз айы жақындап, қыстың ызғары қайта бастайды. Жылқышылар жылқысын еліне беттетіп, айдай жаяды. Бірне ше күн дегенде олар еліне жетеді. Шынтас бай жылқысының мұр ты бұзылмай аман-есен оралғанына қатты қуанады. Жыл қы шы лар Мойынқұм жайлауын қыстап шыққанын, ол елдің Арыстан деген биінің көрсеткен аталық қамқорлығын, тіптен Бәйдібекке жал ғыз қызын бермек болғанын жырдай қылып баян етеді.
Сонда Шынтас байдың Бәйдібекке шын мейірі түсіпті:
—Бәйдібек балам, түсіндім, бәрі сенің арқаң. Жайлы өріс тауып жылқымның тай-тулағына дейін сондай қаһарлы қыстан аман қалғаны тек сенің ақылың. Сен есік алдында жүрген құлым едің, енді ақылды ұлым болдың. Қасыңа бір қария, он жігіт қосып, алдыңа жүз жылқы салып берейін, Арыстан биге бар-дағы қалыңдығыңды алып қайт! осылайша Бәйдібек Арыстан бидің еліне барады. Би елінің тайлы-таяғы жиылып, Сары қызды ұзату тойын жасайды. Ақындар айтысы, бәйге, қыз қуу, күрес, жамбы ату дейсің бе— барлық салт, дәстүр өтеді. Сөйтіп, Сары қыз жасау-жабдығы, бәсіре төлімен келін болып түседі. Шынтас бай да Арыстан биден қалмаймын деп барын салып той өткізеді. Беташар, жаржар жырланады. Бәйге, көкпар беріледі. Елі-жұрты Бәйдібек пен гүлжамалға ақ отау тігіп, енші береді. Бәйдібек өзінің ақылы, тапқырлығы арқасында жалшылықтан, жоқшылық тан құтылып, ел қатарына қосылады. Көп кешікпей елі оны би етіп сайлап алады. гүлжамал Байтоқты деген ұл, Алтын деген қыз туады. Бай-
тоқты он сегіз жасында Керей жұртының ұшан деген қызына үйленеді. Келесі жылдың көктемінде таудың қуысында отырған бес-алты үйді мал-жанымен бір түнде таудың тасқын суы алып кетеді. Солармен бірге Байтоқты да үй-мүлкімен опат болады. Соның алдында ғана төркініне кеткен ұшан аман қалады. Төркінінде жүріп ұшан ұл табады. оның атын Мырзақаз қояды. Еліне келген соң ұшан да қайтыс болып, бір жасқа толма ған баласы жетім қалады. Жас нәрестені Байтоқтының қарында сы Алтын ақ ешкінің сүтін беріп асырап алады. «Құдайдың берген сыйлығы» деп оны «сыйлық сары» қояды. Келе-келе ел оны «Сары үйсін» атап кетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *