Жарықшақ

Жарықшақ
Нүрила қыз Бәйдібек биге тұрмысқа шыққан соң көп кешікпей дүниеге бір ұл келеді. Есімін Тілеуберді деп қояды. Нүриланың ерекше жаралған парасат-пайымын бағалап үйленген Бәйдібек би Тілеуберді дүниеге келген соң бұл шаңырағына одан сайын көңіл бөлетін болады.
Бәйдібек бидің Нүрилаға көңіл бөлгенін Сарықыз бәйбіше қызғанып, мінез көрсете бастайды. Нүриланы бұрынғыдай есік те жүрген күңі сияқты ұстап, орынсыз кінә тағып, тіптен қол жұмсайтын болады. Тілеуберді дүниеге келген соң Сарықыз бәйбіше қызғанышын одан сайын үдете түседі. Ел ісімен көбіне се ат үстінде жүретін Бәйдібек бидің көзі тайса болды, Нүриланың басынан таяқ, құлағынан қаңқу кетірмейтін болып алады. Сарықыз бәйбішенің ержеткен тоғыз ұлы болса да, Бәйдібек би бар мұрасын тоқалдан туған Тілеубердіге бұйыртатындай көріп, бара-бара бесіктегі бейкүнә нәрестені қарғап-сілейтін болады. Қит етсе болды, Нүриланың қазан-ошағын шашып, әбігер етеді. Ең арғысы, түн баласында да тыныштық бермей, қара мал болып үйге сүйкеніп, Нүрила мен Тілеубердіні шошытады.
Бір күні Сарықыз бәйбіше жеті түнде тұрып, қолына пышақ алып, Нүриланың үйінің сыртына келеді де, әдеттегідей қара мал болып үйді сықырлата сүйкенеді. Сонда әбден төзім-шыдамы таусылған Нүрила:
—Хайуан болсаң, өрісің кеңейсін, адам болсаң, мазасын ал ған жалғыз ұлым Тілеубердінің құзырында бол!»—деп дауыс тайды.
Бұл сөзді естісімен, онсыз да булығып жүрген Сарықыз бәйбіше:
—Ә-ә, салдақы, енді менің үрім-бұтағыма тіл тигізейін дедің бе?—деп, есікті бір теуіп үйге кіріп келеді де, қолындағы пышақты бесікте жатқан Тілеубердіге сермеп қалады. Қараңғыда жұмсалған пышақ бесіктегі баланың шекесін тая тиіп, бала шар ете қалады. Жанталасқан Нүрила Сарықыз бәйбі шенің екінші рет пышақ жұмсауына бөгет болып, қолындағы пышақ ты жұлып алады. Сол бетінде Сарықыз бәйбішенің шек тен шыққан мына қылығына қатты назаланған Нүрила:
Жүзге жетпе, жүзге жетсең, күзге жетпе!—деп қарғыс айтады.
осы бір сойқанды түнде Нүриланың аузынан шыққан екі ауыз қарғыс сөздің салқыны Сарықыз бәйбішенің балаларына тиіп еді дейді.
Сарықыз бәйбішенің тоғыз ұлы тоғыз шаңырақ болып отырғанда, Балабөгеннің аңғарынан сел жүріп, ауылды шайып кетеді. Тоғыз ұлы бірдей бала-шағасымен суға қарық болады, тек қана Байтоқты деген баласының ұшан атты келіншегі төркіндеп кетсе керек. Сол ұшаннан туған Сарыүйсін ғана Сарықыз бәйбішенің ұрпағын жалғайды. Бірақ оның ұрпағы да онша өсіп-өнбейді.
Нүриланың баласы Тілеубердінің шекесіне тайып тиген Сарықыз бәйбішенің пышағынан кейін баланың жас еті тез бітіп жазылады. Бірақ Тілеубердінің шекесі жарық сияқты ағарып, тыртық болып бітеді. осыған байланысты Тілеубердіні төңірегі «Жарықшақ» деп атап кетсе керек.
Жарықшақтан (Тілеуберді)—Албан, Суан, Дулат тарайды.
Бұларды «Қара үйсін» деп те атайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *