Сахаба ұрпағы

Сахаба ұрпағы
(ІХ нұсқа)
Қырық сан Қырым жұртынан он сан оймауыт, Құба қалмақ, он сан Ноғай ормамбет би халқы Дәшті-Қыпшақ, Сарыарқаларыны отан тұтқан заманларда Түркістан атырафында отыз екі баулы өзбектің ұруынан бірер жамағатлар көшіп, қонып отан тұтқан екен.
Мәзкұр Қырым елінің ханларынан бір ханның баласы анасынан туғанда ала болып туады. Бәйбішесі күндеп күншілік еткен екен. Соның тілін алып, ала болып туған баланың елді ала тайдай қылып бүлдіреді деген соң бәйбішенің тілін алып хан жарлық етіп, қырық кісіні қосып, Сыр суынан өткізіп тастаған екен. Бұл бала сақалда он сан Ноғай ормамбет елінің ішінде өсіп-өніп, халыққа мәшһүр болып, өнерпаз болған екен.
Баяғы хан баласының өнерін естіп, өз баласы екенін біліп алдырсам екен деп мәслиқат қылып, түрік тайпаларын жинапты.
Жетпіс бес үй көшіп-қонып, жуықтайды.
7-85
Сол жамағатларда Қотанбай деген бай бар екен. (Майқы би түсіп қалған—о.Қ.). Сол екеуін шақыртып алып ақылдасып, Қотанбайдың үлкен баласы үйсін батырды 100 жігітке бас шы қылып хан баласын іздетіп жіберіпті. ол 100 жігіт Сыр суынан өтіп, хан баласына қосылып, Сарыарқаның қызығын қимай тұрып қалыпты.
Енді үш жыл өткен соң хан тағы да Қотанбай мен Майқы биді шақырып алып ақылдасып, 100 жігітке басшы етіп Қотанбайдың екінші баласын мырзаға жіберіпті: «Ағаң мен хан баласын алып кел» деп. Бұл 100 жігітлер бұларға қосылып тұрып қалыпты. Енді бұлар һәм халқымен жау болып жылқы алған. Болат мырза олжа алмайды екен. Кісі ақысы қиын болады деп. Сол себептен Болат қожа атанған екен.
Мұнан соң үш жыл өткен соң тағы да хан мәслиқат қылып, Қотанбай мен Майқы биге ақылдасып, 100 адамға бас қылып Алшын мырзаны жіберіпті. Бұл үш батыр нөкерімен жатып әр елден жылқы алып, теңдік бермейтұғын бойдақ болған соң «Қазақ зиянды» атанған. Ноғайлардың қорлықты «бойдақ» деген мәнісі (мына) еркінің тауым байсыз, қағусыз деген мағынада екен. о һәм солай уақытын қыр артады, ноғайлының елінің қыздарын ықтиярсыз тартып алып қатын қылған екен. Ноғайлардың қазақты жамандай беретіні сол екен. Батырлары ноғайға көп қиянат, жапа қылған екен. Ноғайлар үй қылып, енші беріп, қайтадан Ноғайлының ханы Тоқтамыс ханды Едіге батыр өлтіріп, елін шапқан екен. ол белгілі.
Және сол жігіттердің басы бірігіп көбейген соң: «Біз сізді хан көтерейік,—деп,—Біз сізді қолбасы қылайық һәм ұран қойып, аруақ шақырайық!»—деп бәтуа қылғандар манағы бұрынғы келген 100 жігіт үйсін батырын «ұлы жүз» деп, Сыр суының басын орай қондырып, соңғы келген Алшын мырзаны 100 жігітімен Сыр суының аяғына қондырыпты. ортаншы келген 100 жігітті, Болат мырзаны Сыр суының орта жерінен қондырып, «орта жүз» деп ат қойыпты.
Ақ кигіз жайып, алаша төсеп, жиналып, манағы Алаша баланы хан көтеріп, «Алашы» деп ат қойып, әр жерден қосылдық, ел болдық, «Алаш!» деп ұран шақырып, кешегі Алаштың— Алашы болып, ұлы жүз, орта жүз, Кіші жүз—үш жүзге бөлініп, «Қазақ» атанған жері осы-дүр. Бұлардың туысқаны өсіп ел болды. өскені жау жолында жау қырып, көбінен тұқым қалмады. ұлы жүз үйсіннен тұқым қалды. орта жүз Болат мырзадан тұқым қалды. өзгесі Қарақалпақ, Қырғыз, Қызылаяқ, онанмұнан қашқан «шырма, тырма» болып кетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *