Сахабалар тарихы

Сахабалар тарихы
(І нұсқа)
Замандардан заман өткенде бұрынғылар өліп, таусылып қалғандарға нәубет жеткенде: «Араб жұртынан бір Мұхаммед деген пайғамбар шығыпты» деп, әуезесі айдай әлемге жайы лып кеткен-ді.
Түркістан аймағынан, Түркі ұрпағынан үшоқ нәсілінен «Тоқсан екі баулы Қыпшақ» атанып тұрған заманда тоқсан екі батыр атқа мінді дейді: «Сол пайғамбарды барып көрелік! Жақсы болса, жанына жолдас болып ерелік!»—деп. Мінген көліктері—ат, ұстаған қарулары—бір-бір сойыл. Құрғақ шөлмен жүріп барса, Мұхаммед пайғамбар екі соғысты мұнан бұрын өткеріп, үшінші соғыстың үстіне барған екен-ді.
Жан-жақтан ереуілдеп шаң шығады екен де, шаңдатып келе жатқандар кәпірлер тобына қосыла береді екен. Мұсылманға үйден шыққан өздерінен басқа ешкімнің шаңы қосылмайды екен. «Күншығыстан бір шаң шықты, о да кәпірлерге қо сыла ды ғой!»—деп тұрысып еді. Бұл шаң кәпірлерге барма ды, мұсылмандар тобына келіп килікті. Аң хазретіміз[ге] Мұхам мед Мұстафа ғалайссалам ғараб тілімен сөйлеп еді, білмеді, пар- сы тілімен сөйлеп еді, білмеді.
Хазірет Әбубәкір Сыддық (Алла разы болсын!) көлденеңдеп жетіп келді:
—ия, расул Алла,—дейді,—Менің атам—Қыхафа (Қыжафса, Қыпшақ) Түркістаннан келген екен. Бұлар Түркістан жұртының саяқтары болса керек. Түркі тілімен айтсаңыз, білер!—дейді.
Түркі тілімен сөйлеп еді, бастарын изеп, шұлғып оқырана түсті:
—өзіміз әдейі сізге біріміз—оқ, біріміз—жақ болып, қазылған жол, шашылған топырағыңызда арқамыз соқпақ, басымыз омақа болсын!—деп келдік!—деп, кәпірге қарай лап қоя шауып, дүрсе қоя берді.
«Кірген жерін—есік, шыққан жерін—тесік» қылып, лездің арасында апа-сапа: кәпірлер—қой, бұлар бір оған тиген топалаң есепті болып, көп кәпір мұсылман дініне кіріп, бұрын- соң көрмеген тамаша майдан болды. Сонда бұлардың батырбасы, азаматы—Ақкөсе екен де, оған таяулары: Мәлік, Ақ там, Құтқожа, имамбайыр дегендер екен.
Сонда Пайғамбарымыз шаттанған (шадланған):
—Алла түркі ғайри мен үмматы!—дегенде, Сүлеймен парсы сахаба ұғып алып:
—Алла түркі,—дегенде, Ақкөсе бабамыз ұғып алған екен.
Сонан кейін бұлар қалған өмірін Пайғамбар қасында өткізіп, ансарылардан саналған екен. «Мұһажирин ансары!» деген— Құм Құбыла ұруы. «Құм» ел аты емес. Меккеден Пайғамбарды іздеп, қажылық қылып көшкендер: «Мұһажирин» аталған екен де, Пайғамбарға болысып, күш-көмек бергендер: «Ансары» аталған екен.
«уалсабқұн лаууалун мин әл-Мұһажирин уа әл-Ансары»: Бәйгенің озып алдын алған—«Мұһажирин» мен «Ансарылар» делінген сөз екен.
Ақкөсе мен Мәлік екеуі бір ағайынды, Нәзір деген әкелері нің аты екен. Мәліктен—Әнес туады да, сол Әнестің үрімбұтағынан: Түрікпен, Қарақалпақ, Қазақ тарайды. Ерте заманда бұрынғы ата-бабаларымыз: «Біз Ақкөсе сахабадан екенбіз» деп жүргені, Пайғамбар дүниеден қайтқаннан кейін: «Мұныхтырса» (Мохтырса) деген кәпірмен соғыс ашамыз!»— деп, хазірет Ғұмардың халифа күнінде Ақкөсе, имамбайыр, Құттықожа сахабалар Қаратауда шаһид болып, зиараттары сонда болғандықтан: «Ақкөсе сахабамыздың моласы»,—деп зиарат қылғандықтан: «Соның ұрпағымыз»—деп жүргені—сол екен. Бұл күнде Қаратаудың күнбатысында. ол кісіні: «Домбы ата» десе, жұрт біледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *