
Шыңғыз хан шежіресі
Әуел нағашы бабаларын сөйлейік. Қадым заманда Ақ теңіздің ішінде Малта деген шаһар бар ерді, ол шаһар ханының аты—Алтын хан. Ханшаның аты Көрлауыш деген ерділер. ол екі падишаһтан бір қыз туып, атын Ғамәлік көріклі атадылар. Айға, күнге көргізмей, қырық құлаш тас сарайда қоймыш ерділер. ләкин көркі андағ ердікүм: құрығ ағашқа күлсе— жапырақ, тақыр жерге бақса—өлең бітер ерді. Шашын тараса, інжу төгіліп, түкірсе, алтын-күміс болар-ды. Әма дүниеде артық туғмыш жан ерді. Қасындағы даяларынан өзге жақын даясы орда хан деген ерді. Күнлерде бір күн балиғ болғандан соң айттыкүм:
—Әй, орда хан, сен бұ жерден шығып, тысқарыны көресің, әма дүние деген бұ жер ме, я өзге жер бар ма? иә, үшбу сарай іші ма дүр,—дейді. орда хан айтты:
—Дүние деген тысқары кең жаһан дүр, һәм күн деген, ай деген нәрселер бар ку, дүниенің раушанлығы анлар бірле дүр,— дейді.
ондан Ғамәлік көріклі айтты:
—Әй, орда хан, сен беңа ол нәрселерні көргізгіл,—дейді екен.
орда хан айтты:
—Сен ол нәрселерні көрсең өлерсің,—дейді.
Аңа Ғамәлік көріклі:
—өлсем, өлейін, көргізгіл,—дейді. ирсә, орда хан терезені ашып жіберіп еді, күн жарығы үйге кірді. Аны көрген Ғамәлік көріклінің хошы кетіп, өле қалды. Даялары: «Ханға не айтамыз?»—деп жыластылар. Бір күн болғаннан соң, хошыға келді. Даялары сүйінісіп тұрадылар. Хошы келгенден соң айттылар: «Не көрдің?»—дейділер.
Анда Ғамәлік көріклі айтты:
—Баяғы көрген күннен соң құрсағыма бір ұғлан пайда олды, атама не айтасың,—дейді. Әма ол Алтын хан бір уақытта қы зын келіп көрер ерді, соң Алтын хан қызын көрмекке келді.
ирсә, қызы хамле болмыш.
Қызына айтты:
—Хамлені қайдан хасыл еттің?—деп көп сөкті. үйге қайтты, қатынына бұ сырды айтты:
—Ғұмырымыз ішінде мұндағ баднам іс болмағай, не қылармыз?—дейді. Анда қатыны айтты:
—Емді мұны бұ жерге, бұ жұртқа беріп болмас, аның үшін күм адамы шайтанбірлән барабар дүр, көп сөзлер, көп ауазлар шығар,—дейді,—емді мәслихат солкүм, бір гүзел кемебірлән Түн теңізіне салып жіберің, бір нәсібліге жолыққай!—дейді. Кеме жасаттырдылар, қырық қызметкер илә алтын қозыбірлән, тотықұсбірлән, сөнмес шырағбірлән, түгенмес азығыбірлән, Тора тауынан Түн теңізіне салып жіберділер.
Алтын кемебірлән бір қанша күннен соң теңізбірле алтын кеме көп заман жүріп, бір жұртқа жақын келерінде, ол заманда Тұрымтай шешеннің ұлы Тұмауыл мерген атасына ашу ерді, ел тысына шығып жатыр ерді. Жанында қырық кісі бар ерді әма ішінде бір қараушысы бар ерді, Шыба соқыр деген түркімен ерді, маңлайында бір көзі бар ерді.
Бір күн айтты:
—Аға мерген, жырақтан бір қара көрінеді.
Мерген айтты:
—ол не қара дүр?—дейді.
Шыба соқыр айтты:
—Бір алтын кеме келе дүр бір қара таудың пәстінен, соны өтінемін, іші сеңа, тысы меңа болсын.
Мерген айтты:
—Қош, алай болсын, теңлес күн түс уақытында кемені көрділер. ол кемені һеш бұзмай ылаж жоқ.
Андан Шыба соқыр түркімен айтты:
—Әй, мерген, атып бұзғыл.
Мерген айтты:
—Тура атайын ба, қия атайын ба?
Шыба соқыр түркімен айтты:
—Тура атсаң, ішінде жанлық нәрсе болса, тиер, иә, мерген, қия атқыл,—дейді.
—Қош, алай болса, қия атайын,—деп, оқты жаға кездеп андағ аттыкүм. Кеменің үш тақтасын айыра ерді. Емді қият халқының асылы бұлардан тұрар.
Андан соң, ол кемені бұзғаннан соң Ғамәлік көріклі шыға келді, қырық қызметкері иле көк көгаршынлар иле алтын қозыилән, тоты құсилән баршасын Тұмауыл мерген алды. Кеменің тысын Шыба түрікмен алды. Андан соң Тұмауыл мерген ол кемені шатыр қылып, ол қызны алып жатпағына тіледі. ирсә, қыз айтты:
—Әй, мерген, сабыр қылғыл, мені сеңа Тәңірі берген дүр. Қашанда болса, сендікпін, мегер бірнеше күн сабыр қылғыл, құрсағымда бала бар-дүр, ләкин бұ ұғлан адамнан ермес, құяш нұрынан пайда болған дүр,—дейді. Анда Тұмауыл мерген айтты:
—Мен құрсағыңдағы балаға бақпаспын, алып жатармын,- —дейді.
ирсә, анда Ғамәлік көріклі айтты:
—Һәй, мерген, әрине мен көкте жүрген ақ сұңқар ердім, сіздің қарағай тік бойыңызға қоныппын, сен—ер кісі, мен зағиф басым бірлән көп қарсы болмаспын, әма сабыр қылып, көңі лімді қалдырмасаңыз ерді,—дейді. ирсә, Тұмауыл мерген һеш жауап айтпайынша, қызды шатырға алып кіріп, мұратынша жаттылар, ирсә, анда мерген айтты:
—Әй, Ғамәлік көріклі, бұ құрсағыңдағы ұғлан раст құяш нұрынан болған ерміш, Адамнан болса, қыз болмас, ердің тиіс жүкліклері артық болды.
Анда қыз айтты:
—Сіз меңа сенемісіз, ғұмырым ішінде өзге ерні һәм көргенім жоқ,—дейді. өзі хикаятны бір-бір айтты.
Анда мерген айтты:
—«өзі буаз, өзі қыз оразалы ерге тұс болды» деп, ашықлығымның себебі бұ ерді.
Андан соң қыз айтты:
—Емді, мерген, қадірімні жақсы білгіл, біліп сақлағыл,— дейді. Андан Тұмауыл мерген айтты:
—Әй, көріклі! Меңа сүймеклік себебі үшбу дүр, нышаны менің ағашым—қарағай, сұңқар құсым—шашын тарағай, тамғам—ашамай (Х).
Андан соң, бірнеше күннен соң құрсақтағы ұғлан туғды, ирсә, атын Тәңір берген дойынлық дүр деп, «Дойынбаян» деп атадылар. Бірнеше күннен соң Тұмауыл мерген ата жұртына барып, хан болып олтырды. Андан соң Ғамәлік көрікліден тағы да екі ұғыл болды. Бірісін—Бұданатай, бірісін Белгұдай атады. Сол екі ұғыл туғаннан соң Ғамәлік көріклі биғайт көңілі пәришан болып, қайғылы болды.
Анда Тұмауыл мерген айтты:
—Әй, Ғамәлік көріклі, халық ұғыр табып сүйіншілер, сен не үшін ұғыл тауып қайғылы болдың?
Анда Ғамәлік көріклі айтты:
—Мен бұрынғы ұғлым Дойынбаян үшін қайғырармын, бұрынғылар айтқан ерміш: «Құланға ерген шешекке аунар, доңызға ерген балшыққа аунар», сен хан өкілісің, жұртқа лайық өкілсің, халны білмессіздер, көпті малға тоймассыз дар. Бұданатай, Белгұдай жұртқа лайық ермеслер, «арыслан баласы мен едім, сеңа келіп не көрдім»,—дейді. ирсә, хан Тұмауыл айтты:
—Қош, не айтмақ қоясың?—дейді.
Ғамәлік көріклі айтты:
—Дүниеден өтсек, жұртыңды ұғылларың Бұданатай, Белгұдай билер, менің құяш нұрынан болған ұғлымның халі нешік болар? Аның үшін қайғырармын,—дейді.—Емді бұ екі ұғлымыз Бұданатай, Белгұдайды қалмаққа жіберелі,—дейді.
Андан соң Тұмауыл мерген екі ұғлын—Бұданатай, Белгұдайды қалмаққа ханлыққа жіберді. Дахи екісіне жеті шар нөкер қосты, олар қалмақта жұрт тұттылар. Екісі бір жерде тұрдылар. Емді қалмақ төрелерінің асылы Бұданатай, Белгұдайдан тұрар. Дахиде ол Бұданатай, Белгұдай кеткеннен соң Дойынбаянға қыз алдылар. Алтын хан нәсілінен жеті сұлтан бар ерді, кішісі Төгіл деген ерді. Аның қызы Алаңқаны Дойынбаянға алды лар. Дахиде ол Алаңқадан үш ұғыл туды. Бірінің аты—Боданжар, екіншісі—Қиғынжар, үшіншісі—Салжұт ерділер. Емді Қият ханның аруағы Салжұт ханнан тұрар. Емді Тұмауыл мерген игырма жыл ханлық сүрді. Андан соң Дойынбаян он тоғыз жыл ғұмыр ханлық сүрді. Андан соң Дойынбаян өзі өлерінден бұрын үш күн халықны, беклерні жиып:
—А, әй, а, қалтақ халық ұғлы біліңлер, өлімнен һеш құтылмас жоқ ерміш. Ажал жетіп келсе, дәру-дәрман болмас ерміш. Мен алған қатыным Алаңқа бірле өлермін деген ердім, емді ажал ерішті, мен өлермін, сізлер қаласыз, емді сізге, әй, халық ұғлы, өсиетім сөзім болсын, бұ бенен туған үш ұғыл Боданжар, Қиғынжар, Салжұт—бұлар жұрт тұтпаққа жақсы ерлер ермізлер, емді және әй, халық ұғылы, мен өлген соң қатыным Алаңқаға түс болып енермін, анда жұртқа лайық жақсы ұғыл пайда болса һам және әй, халық ұлы, оны күткейсіз және белгім ол болсын, мен өлгеннен соң күн болып енермін, бөрі болып шығармын, сонан білгейсіз,—дейді. Бұ сөздерді халыққа өсиет қылған соң, Дойынбаян дүниеден өтті әма Дойынбаян дү ниеден өткен соң қалмақтағы екі інісі Бұданатай, Белгұдай естиді.
—Ағамыз Дойынбаян өлді, жеңгеміз Алаңқа тұл қалды,— деп, олар дағы келеді, отыз үш мың нөкерлербірлән өрден өтті және Бұданатай, Белгұдай айттылар:
—Жеңгеміз Алаңқа ағамыздың күйігінен қайғыра-қайғыра көңілі жаман болып тұрар,—деп, тобышақ аттарын мініп, ау аулай шықтылар. Ертағына барып бір киік ауладылар, бір киікті тірік тұтып, алып қайттылар. Аналар қайтып келіп тұрғанда ағаштан бір қауым кісілер шықты. Барып жолығып сұрадылар:
—Һай, қайдан келерсің, о не кісілерсің?
Аналар айттылар:
—Сіздер сұрасаңыз, Қытай шаһарынан босып келеміз, сіздер кімлерсіздер һам не кісілерсіздер?
Бұлар айтты:
—Бір қалмақ төрелері Бұданатай, Белгұдаймыз,—дей ді лер. ол қауым айттылар:
—Біз үш айдан бері босып келеміз, азығымыз түгеді, аш пыз, бізге рақым етіп, бірдеме берсеңіз, я үшбу киікті берсеңіз не болар ерді,—дейділер. Бұлар айттылар:
—һай, төреңізден не үшін бостыңыз, бегірек аш екенсіз, қош, алай болса да тірі киікті бермеспіз, аның үшін бір тұл қалған жеңгеміз бар, ағамыз өлгенге қайғырып, аның үйіне алып барамыз, көңілі ашылсын,—дейдідер. Аналар айттылар:
—Әй, жарандар! Жоқ, ирсә, біздің бір ұғыл баламызды алыңыз, бізге киікті берсеңіз, біз аш өлмелік,—дейділер. оларға қойдың бір бұтын беріп, ұғыл баласын алды. Бұданатай, Белгұдай: «жеңгемізге бұ жақсы болар» деп сүйінділер. ол алған ұғылдың аты ялын деген ерді. Аның атасы Маңғы тай би аштықтан, дәрмен жоқтықтан ұлы ялынды бір бұтқа берді. Сол Бұданатай, Белгұдай ұғылды алып келділер: «Жеңгемізге жылқысын бағып, қымызын тұтарға бұ жақсы лайық»,—деп ялынды жеңгесі Алаңқаға келтіріп, тапсырдылар. Алаңқа аның асыл түбін біліп, жақсы асырады.
Андин соң Бұданатай, Белгұдай айттылар:
—Әй, жеңгеміз! Бізге рұқсат бергіл, бізлер қайтамыз, аның үшін де біз мұнда кеткен соң Таңғұттан елші келіпті дүр, жа ман хабары бар ермиш, емді біз қайтамыз,—дейділер.
Анда Алаңқа айтты:
—А, әй, һай, қайын інілерім Бұданатай, Белгұдай! Бірнеше күнге сабыр қылсаңыз болар ерді, аның үшін бенің бұ үш ұғыллырым Боданжар, Қиғынжар, Салжұт халықты білмес болдылар, күш қылдылар, сөзімді тыңдамаслар, бұларға ғақыл, үгіт берсеңіз болар-ды.
Бұданатай, Белгұдай айттылар:
—Әй, жеңгеміз, біздің ақыл, өсиет, үгітіміз ол дүр, бұ інілерім сеңа, беклеріңе тағы ел ұлықларына имен олар жақсы тұталар. Емді біліңлер! оңар жұрттың нышан белгісі ол дүр: Жаудан елін көп етер, Қала түбін ор етер.
Дарбазасын кең етер, Жау елге, жат нөкерге Сырын айтпаслар. ұлықтарын төрге отырғызады, Кішілерін қызметке қосалар.
Және біліңдер, үгітіміз, оңбас жұрттың нышан белгісі ол дүр: өз жұртын жаманлар, Кісі жұртын мақтар. өз аруағын жамандар, Кісі аруағын мақтар. өз ағасын жамандар, Кісі ағасын мақтар. ұлығы тұрып, кішісі сөйлер, Атасы тұрып, ұғылы сөйлер.
Мысқылшы болар, жирен ат мінген қызыл жүзді ұғланлардан кеңес сұрайлар, ол кісі—кісі болып жұрт күтпес.
Ел болмаған, ел болса, ол—ел болмас. Мал күтпеген мал күтсе, Қу ауылыны оттар.
Құс сүймеген, құс сүйсе,
Қарғаменен қаз алдырармын дер. Төре күтпеген, төре күтсе, Кісі етін берермін дер. Күн көрмеген, күн көрсе, Етігіні кимен дер. Мал таппаған, мал тапса, Кісіні көзге ілмен дер.
Аңды күтпеген төре күтіп, малсыз малды болып, андағ кісілер біздің бұ інілерімізді аздырып тұралар. Һәрине, білме гендер біліңдер, үйретпегенді үйретіңдер, бұған дәлел сөзді һам бар дүр. Айтпақшыдан кеңес сұрамағыл, теміршіден кеңес сұра мағыл, қасапшыдан кеңес сұрамағыл, көрген көргенін айтар, құтыр ған естігенін айтар, енді Тәңір ісіне тәубе қылсын, ұлық тардан, бектерден кеңес сұрасын, бенім енді өсиетім, үгітім, ай тар сөзім бұнан артық жоқ дүр,—дейді.
Бұ сөздерді айтқан соң Бұданатай, Белгұдай жұрттарына қайттылар. Аналар қайтқан соң бұ ұғылдар—Боданжар, Қиғынжар, Салжұт ағаларының өсиет, үгіттерін сөзлерін тұтмадылар. Анасының санға санасы болдыдар. Ел, күн бектеріне және халық ұғылына, қыздарына күш ете бастадылар. Байлардың айыр өркеш түйесін, нарларын, айыр аяқты
6-85
малын, жорғасын, бойы ұзын арғымақларын, батыр жігіттер киер күпісін, жақсы беклердің қызларын алды. Бұ іске халық ұғылы көнбес болып, жиылып келіп Алаңқаға айттылар:
—Әй, Алаңқа! Біздің етіміз бітіп, сүйегіміз қалды, енді шыдар халіміз қалмады,—дейділер.
Анда Алаңқа айтты:
—А, әй, халық ұлы! олар бенің сөзімді тыңдамаслар, сіздердің қадіріңізді һам білмесләр. Әй, халық ұлы! Менің ерім Дойынбаян сіздерге айтпады ма, мен өлген соң түс тұл болып келермін,—деп,—енді келер уақыты ерішкен дүр, ырыс халыңыз болса, ер ұғыл болған,—дейді. Сонда Алаңқадан бұ сөзді естіп, халық ұлы сеніп, шат болдылар. Андин соң Алаңқаның бұ сөзі халық арасында мәшһүр болып, дүниеге қашан келер деп аны күтер еділер. Сонда Алаңқаның үш ұғылы Боданжар, Қиғынжар, Салжұт халайықтан бұ сөзні естіділер.
Ашуланып, жиылысып бір күн анасына келеділер.
Анда Алаңқа:
—Әй, балалар! Қалай барасыз,—дейді.
Аналар айттылар:
—Сенің бір өтірік сөзіңді естіп келдік.
Сонда Алаңқа айтты:
—Әй, уәй, шомылар! Менің сөзім не үшін өтірік болсын,— дейді. Аналар айттылар:
—Әй, ана, өтірік болмай не болсын, «құрсағымда ер бала бар» деп халық ұғылына айтыпсың, бізді ұғылға санамайсың, құрсағыңдағы баланы көтересің.
Сақалықпысың, су ішіп буаз болған, мәни деген құспысың, күн астына буаз болған, қауын-қарбызбысың, жерсіз ұрлық жемеген, тауықпысың көңге аунап, жұмыртқа салған, қа ра сумысың, көбік асап буаз болған? Сенің ерің өлгенде, «құр сағымда бала бар» деп халықты аздырасың, анау түнеге күн бір бұтқа сатып алған ялынменен ойнас болып, буаз болғансың,— дейділер. Сонда Алаңқа:
—Әй, әй, халық ұлы! Бұ сөз сөзім дүр, я сендердің сөзіңіз бе еді дүр?—дейді. Халық ұлы жыласып, еңіресіп: «Бұ сөз ұғылдарыңның сөзі дүр»,—дейділер. Анда Алаңқа айтты:
—Әй, халық ұлы! Емді сенбеңіз оларға, екі-үш айттыңыз. Белгісі ол дүр, күн болып енер, бөрі болып шығар,—дейді. Сонан соң Алаңқаға білдірмей үш кісі қарап тұрдылар. ол үш кісінің аттары: бірі—Қыпшақ, екіншісі—Кілмұхаммед, үшіншісі—ораж деген ерді. Бұл кісілер қарап тұрдылар, ирсә, таң уақыты болғанда, суаттан күн енді, көрділер, ирсә, еслері кетті. Бұлар бірнешеден соң есін жиып алдылар. Бір-бірінен сұрайдылар: «Баяғы күн болып енген не ерді? Келіңіз, бізлер есірген кісі тік болып отырғанша, жайларымызды шегелік, бөрі болса, шығар»,—дейді. Андин соң не тұра салып жалдан шықтылар, көреділер, жылқы жалы кебек болып бөрі шыға келді. Артына қарап «Шыңғыз», «Шыңғыз»—деп ауаз берді. орман ішіне енді. Бұны бұ үш кісі әшкере көріп, білділер. Бұлар және барып Боданжар, Қиғынжар, Салжұтқа айттылар. олар бұ үш кісіден естіген соң: «Боласы болар, болмай қалмас, біздің өшімізді алмас»,—дейділер. Андин соң Алаңқа, көзін жарып бір ер ұғлан тұғды, алтын айдарлық, иығында— миһырлы. ол миһырде—Жебірейіл періштенің аты ерді. өзі бөрі иықты, Жәбірейіл көрікті жүзін көрген: «артынан өлейін» дер ерді. Қасында отырғандар майдай еріп, тағы «атым сенікі олсын» дер ерді. Андин соң Шыңғыз өсті, ұлғайды, халыққа әділдар қылып, пайдалық болды. Халық ұлы оны сүйіп, о көп Шыңғызға ере бастады. Шыңғызды «ғайт жақсы ханның хасби баласы» деп мақтарлар еді. Ағалары Боданжар, Қиғынжар, Салжұт бұ Шыңғызды көре алмас болып күнделер еді. Тағы айтты: «Көріңлер емді нөкерлеріміз, халқымыз ойнастан туған ұлға әуейі болдылар, емді аны өлтірейік, жоқ, ирсә, тимеспіз»,—дейділер. Андин соң ұш ұғыл кеңес етіп, бір күн жиылып келділер, халыққа жар салып:
—Шыңғызды өлтіреміз,—дейділер.
Анда халық ұғылы:
—Һай, Шыңғыз, сіз үшеуіңізден жұртқа лайық, пайдалық дүр, Бұ Шыңғызды сіздерге өлтіруге бермейміз, агар мал үлесіп алар болсаңыз, атаңыздың малын алыңыз, жоқ, ирсә, аның үшін біз өлішсіз,—дейділер.
Анда бұ үшеуі халық ұғылынан бұ сөзді естігеннен соң қорқып, нәрсе қыла алмай әма көңілдерін айтты: «Халық ұлы бұ Шыңғызға барыпты, мұны белгілі өлтіріп болмас, белгісіз, халыққа білдірмей өлтіреміз»,—дейділер. Андин: «қош, атамыздың қалған малын үлесіп алармыз» деп, аталарының қалған малын алдылар. Әммә Дойынбаянның бір алтын садағы бар еді, бағасын таппай, үлеспей қалдыр дейділер. «Енді анамыз кімге берсе, бұ садақты сол алсын»,—дейділер. үлестеріне тиген малды алған соң садақты алып анасы Алаңқаға келді лер. Тағы:
—Әй, анамыз! Сіз кімге жарылқап, хандық бұйырсаңыз, бұ садақты ол ұғылың алсын,—дейділер.
Сонда Алаңқа айтты:
—Аһ, әй, балаларым, өз жұртын жамандаған, өзге жұртты сүйуші болар, өз анасын жамандаған, жат дұшпанға тұтқын болар, өз кісісін жамандаған, жат дұшпанға қор болар, сіз шұмлар менің сөзімді тұтармысыз?—дейді. ол үшеуі: «бәлі, қош, тұтармыз» дейділер.
—Емді сізлер бенің сөзімді тұтар болсаңыз, терезеден түскен күнге (қояшқа) құтылы фотаңызды салыңыз, әгар қайсы сыңыздың фотасы ілініп тоқтаса, ол ұғылым хан болсын, тағы бұ алтын садақты һам ол алсын,—дейді. ирсә, Алаңқаның бұ сөзіні аналар қош көрділер. Беллеріне дейін алтынды садақты салып бақтылар, үшеуінің фотасы ілінбеді, мигир Шыңғыз ханның жәпек фотасы бар еді, ол һам салды, соның фотасы ілініп тоқтады. Аналар бұ істі көріп таңға қалдылар, тағы ашуландылар: «Біздің бұ анамыз Алаңқа жады ерміш, көзімізді бағлады»,—деп, көңілдеріне жаман алып кеттілер. Әма һәр дәйім Шыңғызны өлтірмек қысасымен жүрділер. Андин соң бұ жас ұғыл Шыңғыз: «Бұ ағаларым неге дұшпан болдылар, шынымен мені өлтірер»,—деп, басынан қорқып,—«қазақ» болып шығып кетейін,—деп кеңес айтты. Екі-үш жігіт ертіп өзінің анасы Алаңқаға келді, айтты:
—Әй, анам, емді бұ жерден, бұ жұрттан кетермін, үшбу Текелік суының басында Көргөрган деген Қаратау бар дүр, ол тауда мақам жұрт тұтармын, құс, құрт аулармын, ол аулап алған құстардың жүнін жұлып суға жіберермін, біздің тірлігімізді ол құстың жүндерінен білгейсіз, аю ақыртармын, арсылан жүгіртермін, әркім мені іздей, сұрай барса, мұндын білсінлер,—дейді. өздері кетті, аналары жылай-жылай қалды. Ертеңгісін халық ұғылы көрінуге келеділер. ирсә, Шыңғызны көрмейділер, тағы: «ханымыз қайда?» деп сұрап, іздейді. Еш таба алмайдылар, шулап жыластылар. Соң Алаңқадан сұрайдылар, ол һам айтпады. Тағы Шыңғыз хан қазаққа шығып кеткен соң, ағалары Боданжар, Қиғынжар Салжұт халық ұғылына залым күш еттілер. ол халық ұғылы шыдамай Алаңқаға келіп:
—Әй, Алаңқа, ол ұғылың Шыңғызны бізге көргізбей жанымызды алған болсаңшы, енді не үшін көрсетіп жанымызды алдың? уәй, Алаңқа, Шыңғыз ханымыздың хабарын біздерге айтқыл,—деп шулап, жыласты.—Біздер оны іздей барамыз,— дейділер.
—А, әй, халық ұғылы, ондақ болсаңыз, ұлым Шыңғызны сұрасаңыз, ертебірлән бес-алты жақсы лайық кісілер келіңіз, аналарға жолдың ізін көрсетейін,—дейді. онан соң ертеменен алты руғының лайық кісілері келіп:
—Жол қайда?—деп сұрайдылар. Алаңқа:
—Қош, емді, сол Текелік суды бағып тұрыңыз, хабары келер,—дейділер. Бұлар су жағасына барып, бағып тұрдылар, еш нәрсе көрмейділер, мигир құм-құм құс жүнін көрділер және қайтып Алаңқаға келділер. Алаңқа сұрады:
—Не көрдіңіз?—деп. Аналар:
—Еш нәрсе көрмедік, мигир бір-бір қауым құс жүнін көрдік,—дейділер. Алаңқа айтты:
—Һай, біліңлер, емді менің ұғылым Шыңғызның хабары ол дүр,—дейді. үшбу Текелік суын қыдырып ізлеңіздер, Текелік суының басындағы Көргөрлен деген Қаратаудың басында бесалты ағаш болар, ол сол жерде мақам тұтармын деген ерді. Емді сол жөндерді іздеп барыңыз әма Текелік суының екі қыры жолсыз, ол дүр күндіз тасып қабағынан асар, кеште сабасына түсер,—дейді. Және Алаңқа айтты:
—Сіздер ол жерге барып жетіп, қаһарына жолықсаңыз, көрсеңіз: «Сіздер бұнда не кісілер?»—деп сұрағанда «Дойынбаян» дегейсіз. Әма ұлым Шыңғыздың түсі, нышаны ол дүр: ақ тонлы, көк алтын бөріклі, жүзі ғайт көріклі, алтын садақты, ер шырайлы, Жәбірейілдей сипатты дүр, атын қамшыласа, ғайып болғандак дүр, андин оны білгейсіз,—дейді. Әма Шыңғыз хан ды іздей барған беклердің аттары, есімдері бұлар дүр: үйсін Майқы би, екінші—Қалдар би, үшінші—ордаж би, төртінші—Қыпшақ би, Бесінші—Тайман би, алтыншысы— Керейіт би, жетіншісі—Бортақ би, сегізіншісі—Темірқұтлық би, тоғызыншы—Мотиян би, оныншысы—Таңғұт би ерділер. Бұл он бек Шыңғыз ханды сүйіп, кеңес қылып, оны іздемек қысасынан болдылар. Әма төрт бек Шыңғыз ханды іздемекке ұнамайтын: «Қолдағы ханымызды қорлап, алыстан іздемекке бос дүр»,—дейділер. Солардың бірі—Қоңырат би, екіншісі— Қытай би, үшіншісі—Салжұт би, төртіншісі—Қият би ерділер. Әма бұлардан Қытай, Салжұт, Қият үшеуі халық ұғылы билері ерділер. Қоңырат би олардың ишаншылы, кеңесшісі болып, Шыңғыз ханды ізлемекке бармады. Шоныки бұ айтылған он кісі Қоңыратқа қарамай кеттілер. Әма бұлардан үйсін Майқы би өзгелерге білдірмей, Алаңқадан бір миһырлы жүзігін алды, онан соң Текелік суын қыдырып кетіп, үш айда барып жетті.
Бұ үшеуі Қая тағына бекініп қарайдылар, орталарында ақ сарай, бір көк сарай көрділер және қайтып аз ғана келділер. ол сарайға енбей, анда бір тау бар ерді, ол таудың қабағында жаттылар. Біраз ғана тұрып һеш нәрсе нышан білмеділер. Агар біраз ғанадан соң қарға шақырған, кісі сөйлегендек бір ауаз келді. Қарап тұрып бақтылар біраз кісілер келіп дүр, «жолдары жаңа, жол шығып жатыр, сол таудың қабағында, бері келмеген ұқсай дүр»,—дейділер. Әма бұлардың ауаздарын естіп: «бұлар ненің ауаздары?» депті. ол күн еш нәрсе білмей, ертеңгісін аю ақырды, арсылан қышқырды. Білді, Шыңғыз хан аулай-аулай шықты. ол ауазды естігеш, жүгірісіп бардылар. Көрділер, бір көк атлы, ақ тонлы, алтын бөріклі, алтын садақлы, ер шырайлы, Жәбірейілдей көріклі Шыңғызны білділер.
Анда ол келген Шыңғыз айтты:
—Кімлерсіз, не іздеп жүсіңдер?—дейді.
Бұлар айттылар:
—Дойын, Дойын,—деп. Бұлардан бұ сөзді естігеннен соң ғайып болды. Бұлар және жыласып қайтып, ол кеш және қайғырысып жаттылар. Андин және болды, ирсә, ауаз бірдән шақырып отырған «Тұтлық», «Ақтайлақ»—деп, соңыра еш нәрсе ауаз келмеді. Андин және екі-үш күн жатты. Және бір күн аю ақырды, арсылан қышқырды. Білділер: «Шыңғыз дүр ау аулай шықты» деп, сүйінісіп және барып көрселер, ол сол кісінің өзі дүр. Сонан соң бұларға Шыңғыз хан:
—Һай, сізлер келерсіз, Һәрдәйім бізні іздеп жүрсіздер,— дейділер. Бұлар «Дойын», «Дойын»—деп, жыласып тұрды. Бұлар бұлай жылағанға Шыңғыз хан өзі жылап және аналарға:
—Һәй, сіз не үшін бұнда келдің?—деп сұрады.
Бұлар айтты:
—Сенің артыңда аулайык деп жүрміз. Анда Шыңғыз хан айтты:
—Һәй, сізді бұнда келерге кім үгіретті? Бұлар айттылар: —Бізге рақым қылып сойғап, анаңыз Алаңқа үгіретті. Ан да Шыңғыз хан:
—Емді алай болса, қане, менің анамның бір белгісі бар ма?— деді. өзге бектер тік тұрдылар әма үйсін Майқы би Алаңқа дан алған жүзікті қолынан шығарып үйірді. Анда Шыңғыз хан жүзікті алып бағып, Алаңқаның миһирлы жүзігін көріп, таныды. Тағы күліп айтты:
—Әй, Майқы би! Әгар бен хан болсам, биіклік сенен болсын, соның үшін, әгар сен осы миһирлы жүзікті алып келме ген болсаң, анамдин беңа бір нышан келтірмесең, мен сізлерге жоқ ердім, тағы сіз беңа еш жолдас болмас едіңіз, енді қосқа қайтып әма бұл сөзден сіз, өзге билерім, көңіліңізге жаман алмаңыз, сіздер баршаңыз менің жанымсыз. Келіңіз, емді қосқа қайтып, анда отыралық,—деді. Сарайға барды, бір жұма сонда жатып, түрлі шарапты аштылар, сөнбес шырақ, түгемес ас жеділер. Сонан соң Шыңғыз хан айтты:
—Келіңіз, емді кеңес айтып отыралы, бізді іздеп келген сіздер неше ұрық халықпенен?—дейді. Бұлар аяққа қалтып өре тұрып, тағы өтініп айттылар:
—Әй, ұлығымыз! Ханымыз! Жанымыз! Келген ұрықтан сұрасаңыз, бізлер мұнда сізді іздеп келген он кісіміз, тоғыз ұрықтан. Әма Қалдар би—жалғыз өзі дүр, анаңыз Алаңқа бізлерге қосып жіберді, лекин, Қоңырат би сізді іздей келмеге ұнамады, ол өзі тағы ұрығыбірлән сенің ағаларыңның қасында дүр, әма бізлер сенің мүбәрәк жүзіңді арзу қылып, әуел жете келдік, сізге қосылдық һам өзіміз һам барша ұрық халқымызбенен сенің қолыңыз,—дейділер. Анда Шыңғыз хан аналардан бұ сөзді естіді, ирсә, сеніп:
—Әй, беклерім, ұлықларым, бұ күннен соң сіз бенімен,— дейді. Бұлар Шыңғыз ханнан бұ сөзді естігендерінде ғайт сүйіністі, тағы емді:
—Сені бізге Тәңірі берді, аның шүкіршілігі үшін біз мініп келген аттарымызды азат жіберелі,—деп, мініп барған аттарын Шыңғыз ханы болғандығы үшін азат қылдылар. Андин соң Шыңғыз хан бұларға:
—Маған, мені неменемен елтерсіздер,—дейді. ирсә, аналар немен алып баратынын білмей әма Қалдар би аналарға:
—Мен бір өнер шығардым,—дейді. Сонда бұлар:
—Көрсет!—дейділер, білмес ерді. Қалдар би өз ұсталығымен бір арба жасады.
—Емді арба берейін, сұраған кісіге. ялын би ұлы Қалдар би сонда арбаны, тамам қылған соң Шыңғыз ханды арбаға өтінділер. ирсә, Шыңғыз хан келіп арбаны қарады әма «хош қылыпсың» деп, Қалдар биді мақтады.
Сонан соң Шыңғыз хан арбаға олтырып, бұ барған билер өздері арбаны сүйрей тарттылар. ирсә, анда үйсін Майқы би:
—Әй, билер! Мен сіздің жайыңызға бара алман, аяғым қысқа дүр,—дейді. Аңга кәрі билер айтты:
—Нетік қыларсың? Анда Майқы би айтты:
—Мен ханнан өтінейін, рұқсат болса, ханбірлен арбаға отырып, қайыссыңыз арбаны тартсаңыз, мен соны таяқбірлен көтке түртейін,—дейді. Анда бұлар:
—Қош, алай болса, айт!—дейді билер. Сонан соң Майқы би Шыңғыз ханнан өтініп:
—Әй, ханым, аяғым қысқа дүр, арбаны тарта алман,— дейді,—әгар, рұқсат берсеңіз, сеніңбірлән бірге арбаға ол тырамын,—дейді. Анда Шыңғыз хан:
—Дәһи қош, олтыр,—дейді.
Сонан соң бұ билер бірнеше күнлерден соң Шыңғыз ханды алып келіп, Алаңқаның шаһарына енді, ирсә, Алаңқаға хабар қылып, сарайға енділер. Әма Шыңғыз хан артынан қайсысы енерін білмеклерінде, Майқы би:
—Әй, ханым! Сізден соң арба тартқан өгіз енер ме? яки оны жеккен иесі енер ме?—дейді.
Сонда Шыңғыз хан айтты:
—иесі енбей, өгіз ене ме?—деді. ирсә, Майқы би рауан жүгіріп еніп, ханның оң жағынан орын алды. өзге билер және отырдылар. Ертеңгісін Шыңғыз хан төрт ұрық елдің кісісіне ұлық қырғын етіп, сол ұлық қырғында Боданжар, Қиғынжар, Салжұт тағы Қоңырат биді аман, иіріп тамамын қырып өлтірді. Әма сол уақытта Қоңырат батырдың бір қыз қарындасы болып, Бөрте қошын атты еді. ол Бөрте қошын ұлық қырғын да һәләк болмасын деп төрт ұлын алып қалып, жасырын асырар ерді. Бірісі—Боданжарұғылы, екіншісі—Қиғынжарұғылы, үшіншісі—Салжұтұғылы, төртіншісі—өзінің ағасы Қоңырат би ұғылы. Бұларды ешбір кісіге білдірмес ерді. Соң халық ұғылы аңласып, тергесіп шығарар ерді. Тағы ханға барып айттылар. Шыңғыз хан ашуланып: «Кісілер не жасырған?—деп айтты. Анда тұрған билер:
—Әй, ханым! Қоңырат бидің қыз қарындасы Бөрте қошын жасырыпты,—дейділер. Сонда хан айтты:
—Барыңдар, оны мұнда келтіріңдер,—дейді. рауаноқ барып Бөрте қошынға:
—Тез сені хан шақыра дүр,—дейділер. ирсә, анда Бөрте қошын бұл сөзді естіп, айтты:
—Қош, барайын,—деп, тұра салып, сырт кіші тонын желбегей, бір ала жібек бешпетті оның үсіге, бір қара түлкі бөркі бар ерді, басына киді. Тағы ол жасырып қалған төрт ұғылды өзібірлен бірге алып барды. Қайсысы он жасар, қайсысы он үш жасар, қайсысы он төрт жасар болып, ғайт көріклі еді әма Бөрте қошын өзі дәһи олардан бек артық көріклі, андақ сұлу кісіні ол заманда еш кісі көрміш жоқ, ол Тәңірінің құдіретібірлен пайда болып, қырық құлаш шашы бар еді. ол шашын алтын табаққа салып, артынан екі даясы тарар ерді. Сонда халық ұғылы көріп:
—Әй, Бөрте қошын, бұ Қыдыр сипатты көріклі кісісің, не үшін бұндай іс қылдың?—дейді,—ұғылдарды жасырып, ұры болдың,—дейділер.
Анда Бөрте қошын аналарға:
—Әй, халық ұғылы! бен сізге не іс қылдым? ләкин ұғыры болдым, ханға ұғыры болдым,—деп жауап берер ерді. Бұндин соң Бөрте қошын ұғылдардың біреуін Шыңғыз ханға алып келділер. Хан тағы мұның көркін, ұзын шашыны көріп таңға қалды. Тағы:
—Бөрте қошын, не үшін бұ ұғылдарды жасырып беңа ұғыры болдың? Сонда Бөрте қошын өтініп:
—Әй, ханым! Бен сені аяған үшін жасырып, ұғыры болдым,—дейді. Шыңғыз хан оған:
—Не үшін мені аядың?—дейді. ирсә:
—Әй, ханым! Сенің жаныңа күш болар дедім. Сонда хан:
—Менің жаныма не үшін күш болар?—деді. Бөрте қошын:
—Әй, ханым! Аның үшін Нұқ Ғалиассалам заманында Құдай Тағалла кәпірлерге қаһар қылып, топан суды жіберді. Кәпірлерді топан суына батырып, жоқ қылды. Тағы ол топанда жандының еркегі уә ұрғашы нәсілдеріне келмесін деп, Нұқ Ғалиассаламның кемесінде құтқарып азат қылды. Хан болсаң да Тәңірінің құлы дегаймын, арсылан, киік ергеш аса секіріп артындағыға қайта алмай азат қылар. Әй, ханым! Сен адамсың, бені тағы бұ ұғылдарды азат қылғайсың? Зира ол ашықжабық жаман қырғында бұлардың қадірін білмей өлтірер деп, нәсілдері, ұрықтары кесілмес үшін жасырып қалдым,—дейді. Сонда Шыңғыз хан айтты:
—Һай, сенің жақсы сөзің тағы теңіздей жақсы көңілің үшін жүз мың өлімнен азат болыңдар,—дейді. Шыңғыз хан енді:
—Әй, Бөрте қошын, көңіліңді қалдырмайын, өзіңді бенен айырмағыл,—дейді. Анда Бөрте қошын оған:
—Қош, сізлер бені сүйсеңіз, мен сізникімін,—дегенде, Шыңғыз ханның көңілі ериді. Екеуі бір-біріне құп адал жәфәт болып, халайыққа ұлық той қылдылар. Бұ фәни дүниеден озды дейді. Және шолкім Шыңғыз ханның Бөрте қошыннан төрт ұғылы олды. ұлық ұғылы—Жошы хан, екінші—Жыдай хан (Шағатай), үшіншісі—Керей, Төртіншісі—Толы хан ерділер. Андин Шыңғыз хан жақсы оғдылар қылмақбірлен еді, нәсілі ол ләшкерлерібірлән жүріп ұрысып, көп ханларыны, ордаларыны бақтұрып, тағы аты, шөбі, дүния әшре толғай еді.
Андин соң Шыңғыз хан өздерін ізлей барған билерге, тағы өзге билерге әр бірісіне орын, мақам, тағын белгі қылып, ел, күн сұрағақ берді. Тағы барша үшбу билерінің өзді-өзіне тамға, құс, ағаш, ұрандар беріп, бөлек-бөлек халық қылып айырды.
Әуелі бастап Боданжарұғылы Қиятқа айтты: «Сенің ағашың—қарағай болсын, құсың—сұңқар, ұраның—арухан, тамғаң—ашамай, яғни өрне тамға болсын»,—деді.
Хан, Қоңырат би ұғылы Нескілеге айтты: «Сенің ағашың— алма ағаш, құсың—лашын, ұраның—қоңырат, тамғаң—ай тамға болсын»,—деді. Бұл елдерде жарым ай сипатында да жортылады дүр.
Андин соң Шыңғыз хан айтты: «Әй, үйсін Майқы би, сенің ағашың—қара ағаш, құсың—қара құс, ұраның—салауат, тамғаң—сірге болсын»,—дейді. Бұ елдерде соңғы да мақбұл, қазақта бұ тамға төре тамға деп жорытылады.
Андин соң Шыңғыз хан айтты: «Әй, мың садақлы ораж би, яғни мың түмендік андин қалды. ораж би биғаят кісі еді. ұрысқа шығар болса, мың садақты кісі болсын шығар еді. Соның үшін сенің ағашың—қайың, құсың—қаршыға, ұраның—алаш, тамғаң—құс қабырғасы болсын»,—дейді.
Және Шыңғыз хан айтты: «Әй, Тайман би, сенің ағашың— терек, құсың—қырғи, ұраның—тотия, тамғаң—арғақ болсын»,—дейді.
Сонан соң Шыңғыз хан айтты: «Әй, Қыпшақ би, сенің ағашың—қараме, құсың—бүркіт, ұраның—тоқсаба, тамғаң— тарақ болсын»,—дейді.
Андин соң Шыңғыз хан айтты: «Әй, Юрматы би, сенің ағашың—үйеңкі, құсың—ителгі, ұраның—ақтайлақ, тамғаң— сенек-айыры болсын»,—дейді.
Және Шыңғыз хан айтты: «Әй, Керейіт би, сенің ағашың— жөке, құсың—қаз, ұраның—арбор, тамғаң—көр тамға болсын»,—дейді.
Және Шыңғыз хан айтты: «әй, Мотиян би! Сенің ағашың— милеш, құсың—тырна, ұраның—байқоңырат, тамғаң—құйысқан болсын»,—дейді.
Андин соң Шыңғыз хан айтты: «Әй, Боржын би, сенің ағашың—емен, құсың—күшіген, ұраның—ақтоған, тамғаң— жағалбай болсын»,—дейді. онан соң Шыңғыз хан айтты: «Әй, Борқыт би, сенің ағашың—жықан, құсың—һодһод, ұраның—борож, тамғаң—һамзе болсын»,—дейді.
Және Шыңғыз хан айтты: «Әй, Қиғынжар ұғылы Қият, се нің ағашың—артиш, құсың—қауыт, ұраның—тайлақ, тамғаң- —сыро болсын»,—дейді.
Андин соң Шыңғыз хан айтты: «Әй, Қалдар би, сенің ағашың—сандал, құсың—көгершін, ұраның—арнау, тамғаң— шөміш болсын»,—дейді.
Және Шыңғыз хан айтты: «Әй, Салжұт би, сенің ағашың— көброх, құсың—койка, ұраның—барлас, тамғаң—үй тамға бол сын»,—дейді.
онан соң Шыңғыз хан айтты: «Әй, Темірқұтлық, сен құа-
рақшыдан байлығың көп, мал бермегіңбірлен билік тап тың. Сенің ағашың—жирек, құсың—сауысқан, ұраның—та бан, тамғаң—жарым тарақ болсын»,—дейді.
Әмә Шыңғыз ханның өз ұраны—жанықпа еді. Шыңғыз хан үшбу етілген билерді әр бірісін ләшкер (әскер) басы қылып ор да алғалы жібереді.
Ама ол ұлық шиырларда халық ұғылы бір-бірін орынды ұраныбірлен табар ерділер. Емді барша ұранларының атлары бұнылар дүр: әуелі хан ұраны—жанықпа, андин соң билердің ұрандары: аружан, қоңырат, салауат, тотия, тоқсаба, ақтайлақ, арбот, байқоңырат, аққоған, бороһ, тайлақ, арнау, барлас, табан және мағұлым Шығыз хан киік аулауға шығар болса, үшбу айтылған билеріні һәрдайым құстары бірлен алып шығар еді. Енді ол құстардың аттарын жамиһ қылып, баршасын айталық. Әуелі Шыңғыз ханның өз құсы—бас қарақас ерді, өзге билерінің—сұңқар, лашын, қара құс, қаршыға, қырғи, бүркіт, ителгі, қаз, тырна, күшіген, һодһод, көгершін, койка, сауысқан ерді. Және Шыңғыз ханның ағашы шынар ерді. өзге билерінің ағашы—қарағай, алма ағаш, қарағаш, қайың, терек, қарама, үйеңкі, жөке, милеш, емен, шаған, артиш, сандал, көбырож, жирік ерді. Және мағұлым, ол хакиім Шыңғыз ханның өз тамғасы—құс басы ерді.
Және маұлым, ол хакиім Шыңғыз хан бұ айтылған билерінің һәрбірісіне ұрысқа лайық бірер сауыт берді. Ғибетлемек үшін Шыңғыз ханның өз сауыты—боян деген ерді. ұлық ұғылы Жошының—қаратау деген ерді, екінші ұғылы Жадайдың— алтын сандық ерді, үшінші ұғылы Керейінің—бектарын ерді.
Андин соң Шыңғыз хан билерінің һәрбірісіне сауыт берді. Әуелі Боданжарұғылы Қиятқа—ғақала деген сауытты берді, қоңыратқа—айқолтық дегенді берді, Майқыға—сифр дегенді, ордажға—шөжекөз дегенді, Тамиянға—көйлексе дегенді, Қыпшаққа—көкиқа дегенді, Юурматқа—көйлексе дегенді, Бөржінге—құмғаш дегенді, Борқытқа—көрлауыж дегенді, Қиғынжарұғылы Қиятқа—бізқалпақ дегенді, Қалдар ға—шықтұрған дегенді, Салжұтқа—құйыршақ дегенді, Темірқұтлыққа—бұзаубас деген сауытты берді, енді үшбу сауыттарды жамиһ қылып айталық: боян, қаратау, алтын сандық, айқолтық, сфир, жөжекөз, көйлекше, көкиқа, он қырыш, үйлмеқаты, қабақ, құмғаш, көрлауыж, бізқалпақ, шықтұрған, құйыршақ, бұзаубас ерділер.
Шыңғыз хан бұ билерінің тамамын көз үстінде қасдай көріп, әшірә-әшірат өзара дүниесіне қуанып, патшалыққа мәзрүр мәшқұл иле һәрдайым тамаша қылар ерді. Күнлерде бір күн Шыңғыз хан ұғыланлары, билерібірлен ау аулай шығып, жүргендерінде жолбарыс деген киікті көрділер. Һәрбірі оқтарын жаға кездестіріп қойдылар. үй қарны ашур дейлар, һешбірі же те алмай, ақыр бір үш кісі қуып, жеткендерінде жолбарысны атып жықтылар. Аналарының бірі Қоңырат батырның ұғылы Сы нале, екіншісі—мың садақлы ордаж, үшіншісі— Тамиян ерді. Бұ үш кісі жолбарысыны өлтіріп, Шыңғыз ханға келтірділер. Хан бұларының о сол ерліктерін көріп, таңға қалды. Һәр қайсысына міңер теңге алапа беріп (ғалфе), һәр жерде бұларының ерліктерін сөйлер ерді.
Және күнлерде бір күн билерібірлен ауға шығып жүргенде, жапанда бір киікні көріп, қудылар. Біржан биінің бір жүгірік аты бар ерді. Жүгіргенде андағ ерді: бұланды жетіп бүйірден тұтарды. Біржан би киікні тегінде атып жығып, хан алдына келтірді. Хан аңга даһи иллас теңге алапа беріп, һәр күн андағ зоуық сыпа қылурлы ерді.
Және даһи бір күн Шыңғыз хан аналарға:
—Әй, билерім! Барыңдар, құс аулап келтіріңдер!—деп, жіберді. Билер даһи һәрбірісі құсларын алып шығып, құс аулап келтірділер. Қият сұңқар құспенен аққуны алдырды, Сынала лашынбірлен тырна алдырды, ордаж қаршығабірлән қаз алдырды, Тамиян қырғибірлән бөдене алдырды, һәрбір құсты құспенен алдырған құстарын Шыңғыз ханға алып келіп, алдыға салдылар. Хан бұ құстарды көріп һәрқайсысына миңир теңге алапа ама Қиятқа, Сыналаға, ордажға, Тамиянға екшар мың теңге алапа берді. Андан соң Шыңғыз хан Киндоның ұлық ұғылы Жошыны: «Асыл, мал анда табар, алтын-күміс көп дүр, жұрті кең дүр»,—деп, Тирміз ордасына ханлыққа қойды. Екінші ұғылы Жыдайыны: «Ел, ұлыс, түмен, түрлі халық анда болар, ұлы жұрт дүр»,—деп һиндыстан ордасына ханлыққа қойды. үшінші ұғылы Керейіні: «Ер киер сауыты, ер құшанар қылышы көп дүр, асылзада халық дүр»,—деп, Корал ордасына ханлыққа қойды. Тағы төртінші ұғылы Толыбині; «Халқы рақымды, ер жұрт. Ер киер шұғасы, атласы, торқасы көп дүр, ашқаты, аштатлу таймас ұлы жұрт дүр,—деп, Мыкуо ордасына ханлыққа қойып, үшбу айтылған һәрбір ордаларыны халқыбірлән аналарға үлесіп берді. Емді ол шаһарлердегі ханларының асыл бұлардан дүр. Білгейсіз қу, Шыңғыз хан тарихи һижырадан соң бес жүз қырық тоғызыншы жылда тоңғоз жылы ерді, зи һәжжи айында анадан тұғды, жетпіс екі жыл ғұмыр сүріп, он үш жасында ханлыққа олтырды. Елу тоғыз жыл ханлық сүріп, жетпіс екі жастан соң тоңғоз жылында мүбә рак рамазан айының он төртінші күні, тарих алты жүз жиырма төртте дүниядан өтті. Шыңғыз ханның туған шаһары, отырған жұрты Қытай ерді.