Төре руы

 Төре руы
(ІІ нұсқа)
Ал төре руы қазақ арасына монғол-татар шапқыншыларынан кейін тарай бастады. Бұл жөнінде мынадай әңгіме бар.
X ғасырдың екінші жартысында қалмақтармен, моңғолдарымен жауласып, бір соғыста арабтың Аби Малик Бахадур деген халифасының зайыбы гүлсара ханым моңғолдардың қолына түсіпті.
Әйел өте сұлу болғандықтан, моңғолдар өлтіруге қимаған. Моңғол әскерінің қолбасшысы Нехнур гүлсара ханымға үйленбекші болады. Бірақ ол кезде ханымның құрсағында алты айлық баласы бар екен. Сол себепті ханым қолбасшыға шариғат жолымен өзінің тілегін білдіреді: «Менің құрсағымда алты айлық балам бар, қазір сізге тұрмысқа шығуыма шариғат бұйырмайды, бірақ босанып, сәбиді қырқынан шығарған соң некемді қиып, мені жар етуіңізге болады»,—депті.
Нехнур ханымның тілегін орындап, баласын туып, қырқынан шығарғаннан кейін әйелдікке алыпты. гүлсара ханым ұл туып, атын Темучин деп қояды. Кейін анасы бұл есімді «Шыңғыс» деп өзгерткен. «Шыңғыс»—араб тілінде «сен пәк, тазасың» деген мағынаны білдіреді. Ханым Нехнурға үйленгеннен кейін төрт бала туған: Богентай, Боргелтай, Сарықызыл, Саргалтай. Бұлардың үрім-бұтағы моңғолдың өз ішінде өркен жайған. Ал Шыңғыс өсе келе, бүкіл моңғол-татар тайпаларын біріктіріп, ірі мемлекет құрып, хан болады.
Бұдан кейін Шыңғыс хан ірі феодал шонжарларға сүйеніп және әскер жасақтан, көрші елдерге жорық жасайды. …Шыңғысхан бастаған моңғол әскері Жетісуға баса-көктеп кіреді. Жетісуды жаулап алғаннан кейін Шыңғысхан орта Азияны бағындырады. ол қол астына қараған аймақтарды балаларына бөліп береді. олардан қазақ арасына төре тұқымдары тарайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *