Ноғай аталуы
Мұхаммед пайғамбар заманында екі-үш сахаба рұқсатпен Бұлғар еліне келіп, тәуіпшілдікпен айналысып, көп адамға шипалық жасаған. ресей патшасының да қызы ауырып, оған ем қонбай жүр екен. Бұлардың атағын естіген патша емшілер ді шақыртады.
Келген соң емшілер патшаға шарт қойған: «егер қыз шипа тапса, исламды қабыл етесіз» деп. Патша келісім береді. «Қызды моншаға кіргізіп, қайың жапырағымен сабалаттырып көр се ңіз, жазылып кетеді»,—деген екен.
Күн қыс мезгілі, қайыңның көк жапырағы жоқ, табылатын емес. Сонда сахабаның бірінші қолындағы асасы қайың
ҚАЗАҚТың ТІлДЕС, ҚАНДАС ХАлыҚТАрМЕН ТуыСТыҒы…
екен, «Бисмиллаһ» деп, жерге шаншығанда қайың өсіп, соның жапырағымен емделген қыз ауруынан айығады.
Қураған ағаш беймезгіл уақытта жапырақ жарып шығуын, емдеуден қызының айыққанын көрген патша: «Бұл тегін тәуіп емес» деп, түгел елімен исламды қабылдаған.
Кейін бұлар Мәдинеге қайтқанда Пайғамбар бұл хабарды естіп, риза болғаннан: «Нұру Ғайни» деген атақ берген. Бұл— «көзімнің нұры» деген сөз. Бұл сөз кейіннен «Ноғай» атауына өзгерген.