Қазақтың түбі

Қазақтың түбі
(І нұсқа)
Адам ата, Хауа ана. Күллі адамзат осы екеуінен өрбіп-өнген. Бұл Адам ата мың жасап, ұрпағының қырық мыңға саны жеткенін көріп өлген. Бел баласы Шиыш тоғыз жүз он екі жыл жасап өлген. оған белбала—Анұш. Бұл Анұш та тоғыз жүз он екі жыл жасап өлген. Мұның белбаласы Қайнар сегіз жүз қырық жыл жасап өлген. Қайнардың белбаласы Майлауыл тоғыз жүз жиырма жыл жасап өлген. Майлауылдан туған Жарты тоғыз жүз алпыс жыл жасап өлген.
Бұл Жартыдан бүтін болып ыдырыс пайғамбар туған. Бұл жалғанның жүзінде төрт жүз жыл тұрып, тірілей аспанға ұшып, өрлей-өрлей ұшпаққа барып, сонда тұрып қалған. Бұл ыдырыстан мұнда қалған бала—Мөтешалық, мұның қандай жасағанын білген жан жоқ.
Қазақтың айтып жүрген «Нұх пайғамбар дарақтан кеме жонған, кемесінің түбін тышқан тескен» деп жүрген жарапазаны—осы жарықтық. Мұның заманында бұл дүние малға да, басқаға да толған, онан соң қайтып ондай толған, жетілген емес. Тіпті дүниенің жүзіне сыймай кететін болған соң топан суы тасып, бір наубіт болған. Бұл Нұх пайғамбардан үш бала қалған: Хам, Сам, Жаппас. Хамның ұрпағы: Һинді, Зәңгі. Қасы көмірдей қара жұрттың бәрі мұнан өсіп-өнген. Сам ұрпағы—араб. Ажам жұлдыздай көп пайғамбарлар арабтан шыққан. Тарихта зор атақ алған патшалар Ажамнан шыққан. Бұл айтылғаннан басқа адам ұрпағы Жаппастан өрбіп-өнген. Тарихтан көрген, атын білетіндеріміз Түрік, Хазар, Сықалба, рус, Мин, Чин, Кимарш, Тарх—бәрі де алды-алдына ел болып, жұрт болып өсіп-өнген.
Бұл Жаппас ұрпағы, ең жасы үлкені Түрікті хан көтеріп, соның аузына қараған. Мұның тұқым-нәсілінен болған хандар «хақан» аталды. Түрік заманында көшіп-қонып жүретұғын жұрт болды, өзі ыстықкөлді ұнатып, сонда тұрақтады. Қазақ «жұлым үй» дейді, керегесі жоқ қос—баспаналары болды. Балашаға, ұрпағы көп болды. Түтік деген баласын көзі тіріде орнына тұрғызып, өзі «Барса келмеске» кетті. Түтік те тұрақты, табанды патша болды. Асқа тұз салуды осы ұғындырды. Бұлардың заманы Ажам патшалары Кимаршпен тұстас болды. Бұл Түтік екі жүз қырық жыл жасап, Еділше дейтұғын баласын орнына отырғызып, ата-бабаларын іздеп кетті. Бұл Еділше де көп жасап, орнына Деб Бақұй деген баласын отырғызып, алды-артына қарамай о да жөнелді. «Деб» деген сөзі—«тақ үсті», «Бақұй» дегені—«ұлыстың ұлығы» дегені екен. Бұл Деб Бақұй баласы Киік ханды орнына тұрғызып, жөнеліс қылды. Киік хан бала сы Алтыншыны орнына ие қылып, баратын жағына бет түзеді.
Нұх пайғамбардан Алыншы заманына шейін жұрт әбден пұсырман еді. Алыншының заманында алаң болды. Алаңдықпен тұрмады, елең болды. Ата-бабаларының жол-жоба сынан айрылды. «ит семірсе, иесін қабар» дегендей күй болды. Жанкүйер, жақсы көретұғын жандары өлсе, қуыршақ жасап, астың алдын соның алдына қоятұғын қылып, құшақтап сүйіп, әркім ойына келгенін қылып, жұрт бозалаңдады. Бара-бара сол қуыршақтарға шоқынатын, табынатын болды. Алыншы ханның қатыны егіз бала тапты. Екеуі де еркек ұл боп туды. Бірінің атын Моғұл, бірінің атын Татар қойды. Бұлар өсіп ержеткен соң өзіне қараған ел-жұртын екі балаға енші қылып бөліп беріп, екеуі екі жұртқа хан болды.
Татар хандығы жеті атасына шейін келді. Екі қошқардың басы бір қазанға сыймақшы емес. Моғұл, Татар балаларының бір-біріне жаулығы қазақ пен қалмақтай болды. Моғұл мағынасы «мұңлы, қайғылы» деген сөз деседі. Бұл Моғұл хандығы тоғыз атаға шейін келді. Түрік халқының ішінде әр нәрсені тоғыз-тоғыздан қылу, санның толығы—тоғыз деп, сондықтан болған деседі. Моғұл көп жыл патшалық қылды. Төрт баласы болды: Қарахан, оғызхан, Көзхан, Көрхан. Моғұл Қарахан деген баласын орнына отырғызып хан көтеріп, «шу!» деп, зып ете түсті. Қарахан ірі дөкей хан болды. ол заманда «Ертауы, Кертауы» дейді екен. Бұл заманда ұлытау, Кішітау дейді. Жаз болса, сол жерлерді жайлады, қыс болса, Қарақұм, Сыр суының жағасын қыстады. Қарахан заманында бір пұсырман жан емге іздесе табылмайтын дейді. Қарахан бәйбішесінен бір ұл бала туды. Айдан әдемі, күннен көрікті, судан сұлу. үш күн, үш түн емшек ембеді. Туған шешесін егіз екі көрмеді. Тек шешесінің көзі ілініп кетсе, түсіне кіріп:
—Ай, анажан, мені өлмесін, жасасын десең, Құдай бар— соны бір біл, пұсырман қауымында бол! Бұл айтқанымды мақұлдамасаң, өлсем, өлемін, өлдә-білдә, сенің емшегіңді ембеймін,—деді.
Анасы баласын өлімге нағып қисын, Құдай—бір деп, бірлігіне сенім келтірді. Бала емшек емеді. Анасы түсінің мәнжәйін жанға айтпады, жасырды. Алтыншы хан заманынан бері қарай бір пұсырман жоқ еді, баласы пұсырман болса, әкесі өлтіріп тастайды. Әке пұсырман болса, бала өлтіріп тастайды.
ол шақта Моғұл жұртының рәсім-ғадеті—бір жасқа толмай балаға ат қоймайтұғын еді. Бала бір жасқа толды. Басқа ның баласының он жастағысындай толық болды. Қарахан жұртқа сауын айтып, ат шаптыратұғын зор, тамаша той қылды. Той күні баланы мерекеге келтіріп:
—Міне, баланы сынап, ат қойыңдар!—деді.
Бала жұрттан бұрын өзі сөйлеп қоя берді:
—Атым—оуыз, лақабым—Қысырау,—деді.
Естіген, көрген жұрт таң қалды. Бір жасар баланың сөйлегенін кім көріпті.
«Мынау өзі туысы бөлек бала болды, уысы ұзарған, жаны жайылған, ұзын өмірлі, зор бақытты патша болады екен»,— десті. «А» деп тілі шыққанда «Алла, Алла!» деп тілі шықты дейді. Естіген жанның бәрі: «Жас бала тілі орамға келмегендіктен, өзіне айтуға оңай болғаны—сол ғой»,—дейді.
«Алла»—араб тілі. Жеті атасынан араб тілін оғыз жұрты естіген емес. Құдай өзі оуызды жаратуда оуыз қылып жаратқан екен. оуыз ержетті, жігіт болды. Қарахан өзінің туысқан інісі Көрханның қызын алып берді. оуыз кісі жоқта қатынына айтты:
—Айдай әлемді, сені, мені жаратқан біреу бар, оның аты— Алла, сен оны бір біл!—дейді.
Қатыны:
—ол жағымда, бұл жағымда естіген сөзім емес, жұрт айтпа ған сөзді айтпаймын,—деді.
оуыз бел шешіп қойнына жатпай кетті. Жұрт аузында сөз бола бастады. «оуыз қатынын менсінбей, жақтырмай қойны на жатпай кетті» десіп, бұл сөз Қараханның құлағына тиіп, «оны менсінбесе, онан да сұлу қыз алып берейін» деп, тағы өзімен бір туысқан Көрханның қызын алып береді. оған да айтып еді, о да «алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба соның ізімен жүреді» деген сөз бар ғой, солай болды. Мұның да қойнына жат пай кетті.
Айлардан айлар өтті, жылдардан жыл өтті. оуыз бір күні ит жүгіртіп, құс салып, күні бойы аң аулап үйіне қайтып келе жатса, әкесінің інісі Көрханның тағы бір бойжеткен қызы көп қатындармен, өзімен бастас қуыршақ дос қыздарымен бір көлге кір жуа барып, қайтып келе жатқандарында оуызға оқтай ұшырасып, оуыз қызды оңаша шетірек шығарып, бұрынғы қатындарымен тұз-еңбегі жараспағандығын айтты.
—Сен менің айтқаныма көнсең, айдауыма жүрсең, мен өзіме басыбайлы жолдастыққа сені алар едім,—дейді.
—Жарайды, сен өл десең, өлейін, тіріл десең, тірілейін, сен өлген жерде бірге өлейін,—дейді. үйге келе әкесіне кісі салды.
—Әкем маған қатын алып беретұғын болса, өзім сүйген Қалдықызды алып берсін,—дейді.
Әкесі:
—Жарайды, мен жалғызымнан не жанымды аяймын,—деп, зор, тамаша той қылып, өзі сүйген қызды алып берді.
оуыз мұны жанындай жақсы көрді, бір-екі жыл өтті. Бас-
тапқы екі келін төркіндеп келген әйелдер: «ханның келінше гі» дегенге мәз болып, сөйлеп, отырып қала берді.
оуыз өзінің бала күнінде асық ойнап атысқан, бір үзім нан
болса, бөліп татысқан құрбы-құрдастарымен елсіз жерден аң аулап келеміз деп кетісті. Аң көздің құрты ғой, көрінген аңды қуақуа ел-жұрт, үйлерінен шығып кетіп, жуырда қайта қоймай, кешікті. Қарахан баласы жуырда келе қоймаған соң іші пысты. Қатын-қалаш, келін-кепшіктерін қонаққа шақырып, «шүлен тамақ» деген тамақ берді.
Хан бәйбішесінен сұрады:
—Біздің оуызхан бастапқы алып берген келіндерді қалай ұнатпады екен, соңғы келіннен екеуі де көш ілгері, өңді ғой,— деді.
Бәйбіше:
Жастар өзі біледі, мен қайдан білейін,—деді.
Қатын-қалаштан араға кісі жүгіртіп, келіндерден сұратты. Бұрынғы екі келіні айтты:
—Мына жақта біреу бар, мен бұл әке-шешеден туғаным жоқ, содан туғанымын. Сендер де соны бір деп біл, бар деп біл деді. Біз бала бастан, құлын жастан осы бәйбішеден туған деп естіп едік, көрінбеген біреу бар, мен содан туғанмын деген. Сөзіңе нанбаймыз, бұл тіліңді алмаймыз дедік, сондықтан бізді жек көрді. Соңғы алған нақ сүйер тоқалы айтқанын қылып, айдауына көніп, тілін алған соң оны жақсы көргендігі—сол,—дейді.
Қарахан бұл сөзді естіген соң жұртын жиып, көпке естіртті, көп жағасын ұстап шошыды. Мынау бір жұрт естімеген сұмдық екен деді. Мынау жұртты бұзар, мұның қарашығын батырып, көзін жоғалту керек десті. «Жә, бәсе» деп сөзді осыған қойды. «Мұны елге жуытпай, түзде жүргенде жайын табайық» десіп, Қарахан атқа мінер азаматқа: «үйде бір жан қалмасын!» деп жарлық қылып, қосын қылып аттана бастады.
Бұл сөзді оуыздың соңғы алған қатыны естіп, оуызға хабар жіберді: «Әкесі өлтіргелі, қарашығын батырғалы бара жатыр. «Қатын ердің жеті дұшпаны», үйде қатыным қалады-ау деп алаңдамасын, басының қамын қылсын, өзі тірі болса, қайда барса, бір қатын табылар»,—деп.
Бұл хабар барған соң оуыз да елге кісі шаптырды: «Әкем мені өлтіргелі келеді, «мен» деген маған келсін, әкемді көксеген әкеме барсын»,—деп.
Нар түйе десе, жаны құмар, бурыл бас, көк тұқыл, қауқылдаған шалдар Қараханға қарай гулесіп жөнелді. «Жас жігіттің тілеуі бір, жібектің түйіні бір» деп жастар, замандастар, құрбы-құрдастар оуызға барды. Қараханның туысқан бауырларының бала-шаға, өндірдей жастары көп еді, көтеріле бәрі оуызға кетті. оларға «айғыр» деп ат қойды.
Айғыр—түркі тілі, мағынасы: «шап етіп жабысқыш» деген сөз. ұйғыр деген халық солардың жұрағаты. Әке мен бала айдалада ұрыс-төбелес бастап, соғысты. Пір болысушы жанға көрінбей келіп, оуызға болысты. Болысқандық белгісі сол—Қараханға оқ тиіп мұрттай ұшты. ол заманда «оқ, жақ» дегенді жұрт көрмеген, білмеген. Қарахан құлап қалған соң, қасындағылар үркіп-шошып қашты. оуызға ергендер сол
4-85
бойымен топтанып келіп оуызды атасының орнына таққа отырғызып, хан көтерді. оуыз хан болған соң:
—Алланы бір деп біліңдер, пұсырман болдық деңдер!—деп, тілін алғанды сыйлады, тілін алмағанды өлтірді, қинады.
Қараханға бағынбаған ел-жұрт та көп еді. Соларды өзіне бағындырып, қарату үшін қосын жасап аттанып, «пұсырман болдық» дегендерін аман қойып, сыйлап, қалғанын шаншып, талап, өздерін өлтіріп, қызын—қатын, қатынын—отын қылып, ұлан-ұсағын жетім қылып, пұсырман болғандарға олжа қылып үлестірді. Пұсырмандыққа мойындағандары оуызға бағын ды. Мойындамаған тоң мойын, шу асаулары татар хандарына барып қорғалады.
Татарлар да көп жұрт болып өсіп-өніп, Шүршітке жақын маңайлас отырушы еді. Шүршіт деген көп жұрт, кент салған, шаһар салып ақар-шаһар болған. Қытайдың темірқазық жағында тәжік «чин» деп атаған, патшаларын «пағфур» атап, «пағфур чин» аталған, мақтаулы жұрт болған. оуыз аттанып, татарды шапты. Татар көп қосын жасап, ұрысты. оуыз қолы басым болып, татар қолы бәсең болып, оуыз жеңді, олжа көп түсті. Айдап қайта қоятұғын мал емес, тастап кетуға көзі құрғыр қимай, көп те не жоқ, бір шебер кісі екі аяқты арба жасады. Арбаға «қаңқ-қаңқ» деп ат қойды, жүргенде қаңқылдағаннан. оны жасаушыны «Қаңқылы» деді, бұл күнге шейін ат қалды. Қаңлы деген жұрт—ұрпақ, жұрағаты.
оуыз хан жетпіс екі жыл Моғұл, Татармен жауласып, жет-
піс үш жылда бәрін өзіне бағындырып, пұсырман қауымы на кір гізді. Сонан соң жүріс қылып Қытайды алды. Қара қытай атанғаны кісілерінің өңі-түсі һүнді халқындай қара түсті болады деген. Һүндістан мен Қытайдың аралығында болады екен. Бұлардан ары дүние айналған. Мұхиттың жағасында, заңғар биік тауларды қоныс-тұрақ қылған жұрттар бар екен. Патшаларының аты итбарақ екен. Солармен соғысты. итба рақ хан басым шықты да, оуыз хан қосыны бәсең тартып, жеңіліп бара жатқан соң, қашты. ұрысқан жерінің бір жағын да ағатұғын екі дария бар еді, сол дарияларды көрген соң итбарақ хан қосыны қайтып кетті. оуыз хан қосыны есін жиып, ете гін жауып, дем алып қашқан-босқан, қалғанқұтқанын жинады.
ол заманда соғысқа аттанғанда қатын-қалаш, бала-шаға-
сын қалдырмай бірге алып жүреді екен. оуыз ханның бір өзіне жағымды жігіті бар екен, соғыста өлген екен де, қатыны қашып құтылып, ел соңына келіп орын тапқан екен. өзі буаз екен, толғақ тұтып, күн суық, бас паналауға үй жоқ. Бір іші қуыс шірік ағаштың ішіне қорғалап босанып, ұл тапты. ол заманда іші қуыс ағашты «қыпшақ» деп атайды екен. оуыз хан бұл баланың атын Қыпшақ деп қойып, өзі бала қылып алды.
осы бала өсіп, жігіт болған соң қолбасы қылып, көп жігітжелең беріп орыс, ұлақ, башқұрт, мажар жақтарына жаула суға жіберді. Бұл айтылған жұрттар Тең деген судың бойында болады екен. Қыпшақ келіп орыс, ұлақ, башқұрт, мажарды өзіне қаратып алып, үш жүз жыл патшалық қылды. Бұған қараған ел—«Қыпшақ елі» атанды. Тең, Еділ, Жайық—осы үш судың өлкесінде төрт жүз жыл тұрақ қылып, тарихтарда «ДештіҚыпшақ» атанды. оуыз хан итбарақ ханнан жеңіліп қашқандығын ар-намыс
көріп, он жеті жыл арада өткеннен кейін қайта қам қылып, аттанып барып ұрысып, итбарақ ханды өлтіріп, елін жер-жебір қылып шауып, «пұсырман болдық» дегенге тимей, болмағанын қырып, қиратып, ордасына қайта келіп түсті. Сондағы орда деп жүргендері—керегесіз ағаш шаншып, кигіз жапқан жұлым үй.
оуыз хан моғұл-татар елінің азаматын жинап, Талас, Сай-
рам, Ташкентке аттанды. ол заманда бұл айтылып отырған шаһарлар шаһар болып аталған емес. Басы—Қожакент, аяғы өзкент, Шыршықтың бойында тоқсан мың Қыбрай дүрмен деген жер бар екен. Бір шеті—Шымкент, Сайрам. отырықшы болған халықты «кент халқы» деп атайды екен. Не десе, о десін, осы аталған жер-суды, отырған жұрттың бәрін өзіне қаратып, алты айда апа-сапа қылып, Зарапшан, Аму суының бойындағы жұртты жайластырып, Құндыз, Талқан, Балқ, Бадақшаннан арман асып, Ғұр уәлаятының үстіне барды.
Зымыстан қыс түсіп, күн суық болып, қар қалың жауып, қос-қолаңды қосын жүруге жол ауырлық қылып, жұрт жүдеубас болайын деді. өктеп отырып, жұрт барып Ғұрды алды. Жыл шығып, жаз болды, қосын санына қараса, бұрынғыдан аз болды. «Бұл қайда қалды?» десе, қардан жүре алмай тау басында қалған екен. Жаз шыққан соң келіп қосылды. Хан оларға: «Сендерге қарлық тисін!»—деп қарғады. Қарлық деген жұрт—солардың жұрағаты, үрім-бұтағы. Бұл күнгі атымен атай берейік. Кабул, Ғазауин, Кашмирді де алды. Бәрін өзіне қаратып, Балқ, Бадақшан үстімен Бұхара, Самарқан топырағын басып қайтып келіп, Моғолстан жұртына орнықты. Бір жыл жатып тынығып, екінші жыл иран, Шам, Мысыр жұртын ойға алып аттанды.
ол күнде Талас бойы отырықшы жұрт болған екен. «Талас»
шаһарға қойылған ат екен. Таласта жатып алды-артын қоғамдап жинағанда, жұрттан кейін қалған бір үйлі-баранды болған, өзі жалғыз үй қалған. Біреуі тауып алып, ап келді.
Нағып қалдың?—дегенде:
—өзім аш болдым, атым-тоным жоқ жалаңаш болдым, қатыным екіқабат еді, босанып бала тапты, қалжаға сойып жеуге мал жоқ, емшегіне сүт шықпай баласын жарытпады. Сөйтіп, алақтап тұрғанда бір шүйебөрі анадай көз алдымда қырғауылды алды. Жүгіріп бардым, шүйебөрі қаша жөнелді, қырғауыл қала берді. Алып келіп қатыныма қалжа қылып етін асып, сорпасын ішкіздім, емшегінен сүт шығып, баласын жартты. Сонан кейін сіздің жігіт-желеңдеріңіз оқтай ұшырап келіп, жеткенім- ақ осы еді. оуыз хан бұған ат, азық, ешкі, лақ, қой, қозы беріп: «Енді сен шұбатылып жүрмей-ақ қой, қал, аш!»—дейді. Сонан «Қалаш» атанып, бұ да өсіп-өніп көп жұрт болды, «Қалаш елі» атанды. Бұл күнде «Ахлаж» деп атайды. Мауралмизде үрім-бұтағы көп жұрт болып өсті.
ол шақта иран, Тұранда атақты патша жоқ еді. Киамәрш өліп, Қошан таққа отырмаған күні еді. өз үйіне әркім өзі қожайын, үй басы «Қарахан» аталған заман дейді. Бассыз елді баудай орып, қирата берді. ирақ, Араб, Әзербайжан, Армиан, Мейіршамға шейін алды. Бір заманда дәуірі жүрген, бақ-талайы жоғары өрлеген патша болды.
оуыз хан Шам аймағында тұрғанда күндіз-түн қасынан қалмай бірге жүретұғын бір жігіттің қолына жағын берді. «Қасыңа жан ертпей жалғыз кет, құс ұшпас, құлан жортпас шөлге шығып алтын жақты жерге көм. Көрінген тауып алып кетерлік болмасын!» деп бұйырған соң, бұл жігіті айтқанындай орындап келеді. Бір жыл өткен соң бәйбішеден туған үш баласын шақыртты. Бірінің аты—Күн, бірінің аты—Ай, бірінің аты Жұлдыз екен. «үшеуің жігіт-желеңін көп қылып көттеріңнен жүргізіңдер. Бір шөл, суы жоқ құм бар дейді, аң көп жер дейді. Сонан барып аң аулап келіңдер, аң қуып арсалаң дап, көздерің далада болмасын, инесін жоғалтқан қатындардай екі көзің жерде болсын, істік ине, сыдырым таспа табылса, тастамай үйге алып келіңдер, жерден табылған нәрсе ырым болады, бақталайларыңды сынау үшін жіберіп тұрмын»,—деді.
Бұлар кеткен соң тоқалдан туған үш баласын шақырып алды. Бірінің аты—Көк, бірінің аты—Тау, бірінің аты Теңіз екен. Алдыңғы балаларына айтқан сөзді айтып, бұларды да аң аулауға жіберді. Бірсыпыра күн түзде жүріп, Ай, Күн, Жұлдыз алтын жақты тауып алып, адам көрмеген аңдарды мұрны нан тізіп, үйіп-төгіп алып келісіп, әкелерінің алдына қойды.
Соңғы кеткен балалары да: «күмістен жасалған үш оқ тауып алдық» десіп, бірсыпыра аңмен оларда әкесінің алдына ап ке ліп қойды. Хан балаларының оқ, жақ тауып алғанына қуанып:
—Бағым, тағым айдалада қалмайды екен, балаларымда қалады екен,—деп, ел-жұртын шақырып, шүлен тамақ беріп, алтын жақты тауып әкелген үш баласына берді. үш күміс оқты, оны тауып ап келген балаларына берді.
—Жақ тауып алған сендер, хан боласыңдар, міне. оқ та уып алған сендерге нөкер болады, алған жұрттарының бәріне, өз дерінің ішінен іске татырлығын бас сайлап, өзгең осының аузына қарап тұрыңдар, сонда жұрттықтарың жоғал майды,—деп, өзінің туған жұрты, кіндік кесіп, кір-қоңын жуған жұрты Моғолстанға қайтып келіп түсті.
«Бала-шағамен, қоңсы-қолаң, құл-құтанымен, аймақ-отанымен көп жұртты аралап, жаманын жаралап, жақсысын саралап, аман-есен келгеніме той беремін»,—деп, ұлық, зор тамаша жасамақшы болды. Сонда сол тойда жұрт көзіне түсу үшін уық, шаңырақ, керегелі киіз үйді жасатты. Ағаш біткеннің басын алтынды қылып, аяғын күмістен жасатты. лағыл, жақұт, зумрат, фируза—бұл тастардан сол үйге қадалмай, орнатылмай қалғаны жоқ.
Абулғазы сөйлеген шежіреден жазылған сөз: Бір үй тікті алтыннан, ол—шаһарияр, Кім ол үйді фалак ойы қылды ғар. Тоғыз жүз жылқы, тоғыз мың қой өлтірді, Былғарыдан тоқсан тоғыз саба құяр.
Тоғызына арақ, тоқсанына қымыз толтырды, барша нөкерлерін шақырып келтірді. Әуел басы алты баласына көп өсиет ті, үлгілі сөздер сөйледі. онан ел сұрайтын билеріне: «Жол-жоба, ақыл-таразы, ақылға билетіп сөйлейтін сөзге әркім-ақ риза болмақ» деп, солайша үйретті. Әрқайсысының еңбегіне, қызметіне лайықты сыйлар сыйлап, бас болуға жарарлығын—бас, құл болуға жарарлығын—құл, аяқ болуға жарарлығын—аяқ, әркімнің сыбағасын, өзі орнын жобалады.
Балаларына:
—Жасы үлкен үшеуің алтын жақ тауып келдіңдер, өздері ңе байлап едім, бұзып, бөлектеп алыңдар. Аттарың «Бұзық» болсын. Сендерден болған үрім-бұтақты «бұзық» атасын, мүйізды қошқар бола тұра, сендер—екі қошқардың басы бір қазанға сыя ма? Бір атадан екеу тусаңдар, бір-біріңді мүйіздеп, бақ күндестікпен әуре боласыңдар.
үш оқ тауып келген үш бала, ол пенде жұмысы емес, Алла жұмысы. Жақ патша есепті, оқ жақтың атып жіберген жұмыскері, жақ оқты қалай нұсқап атса, оқ солай кетеді. Мен өлген соң көп хан таққа мініп, менің орныма отырып әділдік қылсын, сонан былай «Бұзық» тұқымының іске жарарлығы хан болсын да, хан болмағаны оң қол болсын, үш оқ тұқымы сол жақта отырсын, сол қол болсын, бір түйеде екі өркеш, бірінсіз бірінің күші бола ма? осы сөзді ұмытпаған—оңбақ, мұны ұқпағандар—тоңбақ.
оуыз хан жүз алты жыл патшалық қылып, Хақ рақыметіге барды. оуыз ханның тұңғышы—Күн хан патша болды. ұйғыр елінен Ерқұлқожа деген кемеңгері бар еді. Соның қас-қабағының ыңғайымен іс қылды. оуыздың алты баласында жиырма төрт немере болды.
Бұл айтылған балалар, немерелер қадірлеп айтылатын қатындарынан «Құма» деп айтылатұғын қатын болады екен. оны қатын есепті алған емес, олжаға түскен соң сұлулығына қызығып, басқаға қимай жинай береді екен. Мұндайдан болғандары биттей быжынап, құрттай құжынап толып жатыр. Күн хан атасы жасатқан Алтын орданы тіктірді. Тоғыз жүз жылқы, тоғыз мың қой сойдырды, былғарыдан тоқсан тоғыз саба тіктіріп, тоқсанына—қымыз, тоғызына арақ толтырды. Жұртына қырық күн шүлен тамақ беріп, «Ата көрген—оқ жо нар, ана көрген—тон пішер» деген сөзді орнына Ақтан тигізгендей, оқтай келтірді.
Киіз үйді қолдан жасатып, жұртқа өрнек-өнеге қылған оуыз хан болғандықтан, «киіз туылдырықты оуыз үйі» атанып қалды. Және:
—Дәл өзіме ше [йін] тоғыз атаға хандық үзілмей келді және өзімнен кейін тоғызға толғанша үзілмейді,—деп, тоғызды толық сан қылды. Қазақта: «Киіт те тоғыз, сиіт те тоғыз» деген сонан жол-жоба болып қалды. Балаларының аттары: Күн хан, Ай хан, Жұлдыз хан, Көк хан, Тау хан, Теңіз хан.
Күн ханнан төрт бала: Қали, Баят, Алқа аюлы, Қара аюлы;
Ай ханнан төрт бала: ошат, Қонақ, Дудырға, Дөкір; Жұлдыз ханнан: Салар, Әміре, Алажонты, өзгер; Теңіз ханнан: Ектұр, Бектұр, Ауа, Қонық.
Көк хан, Тау ханның аты жазылмапты. Құмарларынан болған бел балалар: Кене, Көне, Төрбат, Керейлі, Сұлтанды, оқты, Көкті, Сушыл, Арасан, Жұртшы, Жәмші, Тұрышы, Қойсорқы, Қошық, Қазғұрт, Қырғыз, лақай, Тікен, лала, Мөрдем, Шот.
Бұл шежіре—біздің алып отырған үлес, сыбағамыз. оуыз хан балаларына өз пайым-парасатымен көзіне көрін-
ген нәрсенің толымды, жарамдысын ат қылып қоя беріпті: Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз деп. Сол аттар күні бүгінге шейін біздің қазақта: айдың басында туған баланың атын Айбас қояды. Таң ата туған баланың атын Таңатар қояды, күн шыға туса, Күншығар қояды, түн ортасында туса, Түнқатар қояды, көл басында туса, Көлбай қояды, тауда туса, Таубай қояды, жайлауда туса, Жайлаубай қояды, қыстауда туса, Қыстау бай қояды, күзекте туса, Күзек, Есілде туса, Есілбай, Нұрада туса, Нұрабай. оуыз ханнан ұстап қалған өнеге-үлгі осы.
Екінші өрнек үлігісі—киіз үй. Бір нәрсені біреу іздеп таба алмай келсе: «осы оуыз үйлі Айдаболдан таба алмағаның ба?»—дейді. үшінші өрнек үлгісі—топырлатып жылқы сою, қой сою, қара сабаға қымыз толтыру. Төртінші өрнек үлігісі— тоғыз-тоғыздан сыйға сияпат. өлген өлігіне мал шығарса да— тоғыздан. Байлар өлсе, жаназаға барып келушіден: «неше тоғыз шығарыпты?»—деседі.
Арғы атамыз—Ер Түрік, екінші буын атамыз—Моғол, моғолискиге қосыламыз. үшінші буын атамыз—оуыз хан. Ай мен Күн, Жұлдызына таласпай-ақ қоялық, үшінші оқты бізге қимай ма? Біз неге бұл күнге шейін «үш жүз» атанып, «үш алаш» атанып жүрміз?!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *