Кейбір қазақ рулары турасынан хикая

Кейбір қазақ рулары турасынан хикая
Тұрған екен екі туған адам ағалы-інілі. Бірінің есімі— Моғұл, уа, бірінің есімі—Татар. Моғұл тұқымынан қазақтар тараған екен. Моғұлдарды жеңіп, бытыратып жіберген екен татардар. Қаюлардан үш жүздейі аман қалған, яки ордалар. олар тауға кіріп кетіп көбейіп, өсіп-өнген екен. Ең олардың әуелгі ұлықтары бар қалған «Алаш» деген.
Алаш хан жіберген үш бөлек қып өңшең бойдақ жігіттер ді шет жайдың облыстарының шекарасына өзіне қараған жердерін сақтамақ үшін.
«Қазақ» деген сөздің мағынасы еркіменен жүрген бойдақтар деген-дүр. Бұ бойдақ жігіттер, яки қазақтар қыр жайын да жүрген сыған халықтарының қатындарын азғырып, байларын өлтіріп, қазақтардың өздеріне тиетұғын қылған. Міне, со сыған қатындарынан туған қазақтар, яки қазақ ордалары, ең үлкен орда, яки ұлы жүз қалған.
Тұрақты болған жайларында Түркістанның сыртына орта жүз малға жайлы жер деп, қыр жайында қалған. Ең Кіші жүз— бұлар олардан да арғырақ кетіп, россия шет жайдарына шейін барғандар.
Бұл айтылмыш хикаяларынан анық мағлұм болып тұр қазақтардың ілгергі тұқымдарын кеп, қаратып алғандар өз әулетіне жақын халықтардан, бәлкім, со манғол халықтарынан шығар Шыңғыс ханға қараған қаюлар қыр жайдарына Сибирия мен Түркстаннан қаптай жабылған толқын секілді боп.
Сол уақытта, бәлкім жеңіп алған халықтар арасында қалған қаратушылардың тұқымдарынан тұрмыс-халдері мен тілдері бір-біріне жақын болғаннан соң. Бірақ мұндай һәм болса да, олардың араларынан артықша дегендер әулетінен боп шыққандар ерекше бөлініп «ақ сүйек» деп аталыпты.
Соған қарағанда, «ақ сүйек» дегендері қазақтардың оларды жеңіп қиратып алғандардың тұқымынан-дүр және «қара сүйек» дегендері жеңіп қиратушалардың тұқымдарына қайғы болушылар-дүр. Қазақтар «ақ сүйек деп болмайынша бір-ақ тұқымды айтады. Тағин біліп айтады хан тұқымдарын ғана, билеп қана тұрған қыр жайында Абылай хан ғайриларымен. Қара қырғыздарда қыр қазақтарындай «ақ сүйек» дегенді білмейді, олардікі бір бөлек болады. олардың бәрі де бірдей, бәрі де бір әулеттен-дүр. олар бәлкім шашылып қалған тұқымдары болса керек қаратушыларынан таралған. Дәм ешбіреудердің араларында болмаса керек, ескі тұқымнан қалғандардан өз араларынан айырмыш қып айтударына «төре», яки «сұлтан» деп һәм тағы да халықтарды екіге бөлулеріне сүйектеріне қарай «ақ сүйек» һәм «қара сүйек» деп.
өздерінің тұқымдарының қалай екенінің мағынасын қара
қырғыздар баян етеді былай деп:
«Қара қырғыз» деп бұларды атап жіберген орыс халықтары. олар өздерін айтады «қырғыз» деп. Бұ айтылған сөздің мағынасы мынау: өздерінің айтуынша «қырық қыз» деген бұрынғы айтмыштарынша бұлардың бас иедерінің жалғыз қызы болған. оны күтушіге қырық қыз қойған. Бір суға шомылып жатып ханшасы мен қырық қыз сумен ағып келе жатқан көбікті көреді һәм есітеді су ішінен шыққан дауысты: «о да хақ һәм бұ да хақ» деген. олар со арада қолдарын көбікке малып алғаннан кейін кенетінен бәрі де буаз боп қалады. оларды биік тауға қуып жібереді. Барған жерлерінде олар қырық қыз һәм қырық ұл табады. ұлдары қыздардың бәрін де қатын қып алады. Қырық қыздан бұ халықтар жаралған екен қырғыз деген.
Қазақтар менен қырғыздардың әулет жөндері, тұрмыстұрақ, мүлік жөндеріне шейін тұқым қуаласып отырысады. рулас өз руласын жоқтап болысады һәм оның қылған жаманшылығына жауап береді. Бүтін бір руласы құн төлейді һәм кегін қайтарады, яки алады, қалыңдығы болса, рулас елден шықпайды. Қонақ күтпек рулас жақындықтан болған. ру жөндеріне қарай қырық атаға шейін тұқым қуалап отырады. Кімде-кім жеті атаға шейін аталарының аты-жөнін білмесе, адамшылықтан шыққаны. Қазақтардың өздерінің үйретеді рәсім-жөндерін, сол себепті әуелі танымаған кісісіне онан бір нәрсесін байқап-білуге қалағаннан кейін көре салысыменен жауап сұрайды. Кім болған сенің жеті атаң деп әрбір қазақ баласы. Мұндай берміш жауаптарынан қайтадан анықтап, жауап берулеріне қадыр-дүр.
«өз еліңде малшы бол, кісі елінде патша болғанша»,—деген қазақтардың мақалдары бар. үлкендерін сыйлауға тұқымына қарай қатты мықты қазақтар қазақтардың жиылыс-тойларында қонақтардың тұқымдарының үлкеніне қарай сыйлай, оған жол береді. Әр нешік болса да, қазақтардың араларында рәсім-жөн боп қалған тамақтарды мүшелеп қоюларына ру жөндеріне қарай…
Қонақты сыйлап, күтуге қазақтар өздерін міндетті көреді. Соған көре, алыс жолға шыққан жолаушылар аз алған көжесіне сеніп шықпайды, әр нешік болса да, қонақасыға сенеді. өзін де, атын да толаусыз сыйлайды. Қазақша тамырлар алыс қыр жайына шығып бара жатқан жолаушылап қазақтар айтады жол азық алмайынша: «Жан берген Алла, дән береді»,—деп.
Қонаққа жақсылап қонақасысын беріп сыйлап тойғызғаны қазақ көзіне бір ерлік құрмет еткені-дүр. «Бір күн тамақ беріп тойғызғанға қырық күн сәлем бер!»—деп қазақ мақалында айтады. Басқа тағы да айтысады: «Қонақ—Құданың жіберген мүлкі»,—деп. Егерде үй иесінің қонағына сый етіп тамақтандыруына берер нәрсесі болмаса, онда жақын тұрған үй иесі міндетті-дүр оған жәрдем етіп, болыстық қып әр қаюдары берудеріне қонақасыны.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *